Мұқағали Мақатаев - Мен туған жер Қарасаз баурайдағы


Slide 1

Мұқағали Мақатаев

Slide 2

“Мен туған жер Қарасаз баурайдағы . . . . . . ”

Slide 3

Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлеймен-ұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз ауылында туған. Балалардың үлкені - Мұқағали еді. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарында өтті. Әкесі Сүлеймен соғыста қаза тауып, анасы Нағиман мен әжесі Тиынның тәрбиесінде өсті. Ол 10-11 жастан бастап өлең шығара бастайды.

Slide 4

«Менің анкетам » - Туған жерің? - Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың. - Туған жылың? - 1931. Құрдасымын Шәмілдің. - Шыққан тегің? - Шаруамын. - Білімің ше? - Орташа ғой. Алайда өзім жоғары бағалаймын. - Ана тілің? - Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де бар.

Slide 5

Қайда істедің? - Мынау «Еңбек кітапшамнан» тауып ал. Оқымаған, дипломсыз демесең, бір басымнан бар мамандық табылар. - Міндеттісің бе әскерге? - Міндеттімін. Міне мұнда көп мағына бар. - Мекен - жайың? - Жерде жүрген ақын деген пендемін, Қағаз, қалам, уақыт бер аздаған . Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!

Slide 6

Әйелі - Лашын Әзімжанова. Тұңғыш қызы - Ләззат 1949 жылдың желтоқсанында дүниеге келіп, сәуірде суық тиіп қайтыс болған. Екінші қызы - Майгүл 1951 жылы мамырда дүниеге келген, 1962 жылы Алматыға көшіп келгеннен кейін машина апатынан қайтыс болады. Бұл қаза ақынға қатты соққы болады. Майгүлге арналған өлеңдер циклі баршылық. Қалған балалары - Жұлдыз, Айбар, Алмагүл, Шолпан.

Мұқағали орыс, неміс тілдерін жақсы білген.

Slide 7

1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. К. Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі «Текес») ауылдық кеңес хатшысы, мектепте мұғалім болды.

1952-1962 жылдары Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылы Мәскеудегі әдебиет және өнер институтында оқыды.

Slide 8

Жас кезі

Slide 9

Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай», «Інімнің ойы», «Шебер». Өлеңдегі ұстазы - Қ. Аманжолов. Ақынның тұңғыш кітабы - «Ильич», ал кейінгі шығармалары «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», “Чили - шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!», «Қашқын», «Моцарт. Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирикалық өлеңдері бар.

Slide 10

М. Мақатаев - қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ф. Оңғарсынова

Slide 11

Мұқағали Мақатаев XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақын.

Ақиық ақын 1976 жылы 27-інші наурызда Алматы қаласында

қайтыс болды.

Slide 12

Мұқағали ағамыз жұбайымен

Slide 13

Баласы мен келіні

Slide 14

Мұқағали атындағы мұражайы

Slide 15

Шығармашылығы

Slide 16

“Үш бақытым”

Ең бірінші бақытым - халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын.

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым - тілім менің,

Жас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші - Отан деген,

Кім мықты? - десе біреу, - Отан дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?.

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

Slide 17

Өмір деген не десем?

Өмір деген не десем,

Өмір деген осы ма?

Үрейлендің неге сен?

Үрікпе, жаным, шошыма!

Өзіңе-өзің жүк артып

Өмір деген тер төгу.

Бір нәрсеге құмартып,

Бір нәрседен жеркену.

Біреулерді алдау да

Біреулерден алдану.

Қор боп өтпей жалғанда

Қолдан келсе, жан бағу.

Кейде шалқып шаруам,

Кейде қашып берекем.

Өмір деген-жаным-ау,

Өзім екем, мен екем. . .

Slide 18

«Поэзия! Менімен егіз бе едің?»

Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Мен сені сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Сені іздедім кездескен адамдардан,

Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,

Сені іздедім, жоғалған замандардан.

Сені іздедім сезімге у шараптан да,

Минуттардан іздедім, сағаттан да

Сені іздедім.

Іздемей тағат бар ма?

Сені маған егіз ғып жаратқан ба?

Slide 19

« Халыққа хат »

Туған халқым!

Қатемді кешір менің

Сенің арқан-сескенбей, есіргенім

Егерде жырың болмай, ұрың болсам

Алақанға саласың несін мені

Жоқ!

Менің жүрек емес төсімдегі

Ол бір от сенің ұлы көшіндегі

Өзіңнің жандырғаным, өшіргенің

Әзірге тастаған жоқ есім мені

Уа, жұртым!

Кешір мені!

Кешір мені!

Slide 20

Күзде

Сен- менің тынысым ең, тынысым ең,

Сен үшін өмір сүріп, тырмысып ем.

Жыл құсымен оралған жаным менің

Бірге аттанып кетесін жыл құсымен.

Күзі келіп, өмірдің жазы қайтып,

Қазы қайтып аттанар назы айтып,

Айдың көлдің бетінде сызат қалар

Қазы қайтып келгенше жазылмайтын.

Құстар кетті қоштасып көліменен

Жеріменен, тауымен, көгіменен

Жаным менің тағдырым жазбағайды,

Қош айтысар кезенді сеніменен


Ұқсас жұмыстар
Мұқағали Мақатаев
Мақатаев Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы
Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың туған күні
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали)
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ - ХХІ ҒАСЫР АҚЫНЫ
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мұқағалидің өлеңі
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев
Мұқағали өлеңдеріндегі шыншылдық, тазалық
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz