Абай Құнанбаев 1845-1904


Slide 1

Абай Құнанбаев

1845-1904

Slide 2

Абайдың азан шақырып қойған аты - Ибраһим.

Әжесі Зере сүйікті немересін Абай, яғни сүйкімді деп еркелеткен. Осыдан кейін ел арасында шын аты аталмай, Абай атанып кетеді.

Slide 3

Абайдың әкесі - Құнанбай. Құнанбай Өскенбайұлы 1802 жылы өмірге келеді. Ол халық арасында өте беделді, абыройлы, әділ би болған. Ол 81 жыл ғұмыр кешкен. Құнанбай ел ішінде қажы атанған.

Семей өңірінде Құнанбай қажының мешіті орналасқан.

Slide 4

Абайдың әжесі - Зере Абайға халық қазынасынан нәр беріп, бойына ізгілік шуағын сепкен, білімге итермелеген ұлы ұстаз, тәлімгер, ана.

Анасы Ұлжан - ұстамды, мейірімі мен ақылы мол дана кісі болған.

Slide 5

Зере әже көңілі кең, жүрегі нәзік адам болған. Абай әжесін қатты жақсы көреді. Күндіз де, түнде де ертегі айтқызады.

Абай әжесімен бірге:

“Е-е. . Бұлдыр-бұлдыр күн өткен,

Бұрынғыда кім өткен?”- деп бастап, әңгіме сұраған тілегін осылайша бастайтын.

Slide 6

Абай қоғам өміріне, ел басқару ісіне араласты. Абай кез келген істің мәнін бейбіт түрде шешті.

Slide 7

Абай он екі жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне түседі. Онда 3 жыл оқиды. Медреседе оқып жүріп 3 айдай орыс мектебінен дәріс алады. Абай араб, түрік, парсы тілдерінде үйренеді.

Slide 8

Абай орыс әдебиетімен Пушкин, Лермонтов, Достоевский, Белинский, Добролюбов шығармаларымен танысады. Әсіресе Пушкин мен Лермонтовтың шығармаларын сүйіп оқыған.

Абай Құнабаев Н. Долгополов досымен бірге.

Slide 9

Пушкиннің “Евгений Онегин”қазақ тіліне аударады, әрі өзі “Татьянаның хаты” атты ән шығарды.

Slide 10

Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Тәттімбет сияқты сазгердердің маржан мұраларынан сусындап, әншілік-күйшілік өнерді ерекше бағалаған. Әнге, өнерге жаны құмар болған.

Абай күйлері: “Торы жорға”, “Май түні”, “Абай желдірмесі”.

Абай әндері: “Көзімнің қарасы”, “Айттым, сәлем, Қаламқас”, “Сегіз аяқ”, “Қор болды жаным”.

Slide 11

Абай тоғыз жасынан бастап өлең шығарған. Балаларға арналған өлеңдері “Адам болам десеңіз”, “Әсемпаз болма әрнеге”, “Жазғытұрым”, “Күз”, “Қыс” т. б

Slide 12 Slide 13

“Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы”

Slide 14

Мінәжәт - құдайға сиынушылық

Құтпа - Араб: Уағыз оқу, сөйлеу.

Хадис - Араб: Мұхаммед пайғамбардың өсиеттері.

Аят - Араб: Құран сөзі.

СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС

Slide 15

Өлең құрылысына талдау

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. . . -

Slide 16

Ақын болмаса да, ақынға жақын

Абай атамызға еліктеп өлең жазған үйірме мүшелерін шақырайық.

Абай атаға арнау.

Slide 17

Абай әндері

Slide 18

Қорытындылау

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»- деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айтқан пікірімен аяқтағым келеді.

Slide 19

Үй тапсырмасы.

Өлеңдегі үш негізгі ой

Өлең қандай Бұрынғының Тыңдаушыға

болуы тиіс. ақындарын айтары.

сынау.


Ұқсас жұмыстар
Абайдың табиғат лирикасы жайлы
Мүшел есебі
Абайдың шығармалары
Абай "Табиғат туралы өлеңдер"
Абай қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны
Талантты балалары
Қазақтың классик жазушысы
Отыз бірінші қара сөзін тыңдау
Қазіргі Абайтану және Әуезов мұрасы
Абайдың табиғат лирикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz