Қалмақан Әбдіқадыров Қажымұқан хикаяты туралы ақпарат



Сабақтың тақырыбы: Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаяты

Дамытушылығы:
Оқушылардың іскерлік, өз бетімен жұмыс жасай білу дағдысын жетілдіру. Ойлау қабілетінің дамуына ықпал ете отырып, шығармашылыққа баулу, өзіндік көзқарасын қалыптастыру.
Тәрбиелігі:
«Көп бейнеттің зейнеті болатындығын» ұғындыру арқылы шыдамдылыққа, басқаға жақсылық жасау, қамқор болу, қайырымды, әділ болуға тәрбиелеу
Білімділігі:
Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаятындағы дүниежүзі чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірімен таныстыру, бөлімдерінің мазмұнын игерту; алған білімдерін бекіту.

Сабақ бойтұмары:
Қалың бет, бура түсті қара нардай, Жұп-жұмар, жуан діңгек, бойшаң дардай Өзге жұрт ергежейлі ол келгенде, Айбынды, жолбарысқа болар пардай.
С. Сейфуллин

Сабақтың ерекшелігі стратегиялық бағытта жүргізіледі.

Қ. Әбдіқадыровтың өмірінен хронологиялық кесте
1. «Түсіну» стратегиясы.
Мерзімі
Болған оқиғалар
1903 жыл
1925 жыл жыл
1928 жыл
1935-51 ж. ж.
1954, 1956, 1959 ж. ж.
1970 жылы
1935, 1936, 1937ж. ж.

Қ. Әбдіқадыровтың өмірінен хронологиялық кесте
2. «Түсіну» стратегиясы.
Мерзімі
Болған оқиғалар
1903 жыл
Қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде дүниеге келген
1925 жыл жыл
Алғашқы “Сырдария” деген өлеңі “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған
1928 жыл
Тұңғыш өлеңдер жинағы “Жалшы” деген атпен жарық көрді
1935-51 ж. ж.
“Май”, “Батыр”, “Сәтбаев”, “Еділ-Дон”, “Келес қызы” поэмалары жарық көрген
1954, 1956, 1959 ж. ж.
“Қажымұқан” повесі қайта басылды
1970 жылы
“Қажымұқан” повесі орыс тілінде жарық көрді
1935, 1936, 1937ж. ж.
“Алатаудың бауыры”, “Амантай”, “Тапқыш” кітаптары жарық көрді.

Сөздікпен жұмыс
1. «Түсіну» стратегиясы.
Түсініксіз сөз
Мағынасы
Қыламық
Жұқалаң түскен қар
Кеспек
Сұйық зат құйып сақтайтын ағаш ыдыс, бөшке
Кіреші
Жүк тасушы
Бастырық
Шөпті ауып кетпеу үшін басып тұратын ұзын сырық
Күртік қар
Жел үріп әкеп, біржерге үйіп кеткен, бекіп үлгермеген қар
Пұт
16 кгилограмға тең
Шабата
Талдың қабығынан тоқылған аяқ киім

Сөздікпен жұмыс
1. «Түсіну» стратегиясы.
Түсініксіз сөз
Мағынасы
Қыламық
Өлшем бірлігі. 16 килограмға тең
Кеспек
Талдың қабығынан тоқылған аяқ киім
Кіреші
Сұйық зат құйып сақтайтын ағаш ыдыс, бөшке
Бастырық
Жел үріп әкеп, біржерге үйіп кеткен, бекіп үлгермеген қар
Күртік қар
Шөпті ауып кетпеу үшін басып тұратын ұзын сырық
Пұт
Жұқалаң түскен қар
Шабата
Жүк тасушы

- Мұқанның балалық шағы қайда, қандай жағдайда өтті? - Отыз пұт май қатырған кеспекті бала шанаға қалай салды? - Мұқан бір шана шөпті бай үйіна қалай жеткізді? - Мұқанның ерекше күшін байқап, оған достық көмекке келгендер кімдер? - Добрый-Рабый, Лебедев дегендер кімдер? - Лебедев мектебі Мұқанға нелерді үйретті? -Қазақтың ата-анаға мейірімді болу өнегесі шығармада қалай берілген? Мұқан бойында тағы қандай үлгі қасиеттер көрінеді?
2. «Еркін жауап» стратегиясы.

3. «Танып білу» стратегиясы.
Мақсаты: Шығарма мазмұнын қандай деңгейді меңгергендерін пысықтау үшін шығармадан үзінділер келтіру, оқушыларға «Кімнің сөзі? Қай кезде айтылды?» деген сұрақтар беру. («Семантикалық карта»)

Мұқан
Қойма басқарушысы
Масликов
Иван Васильевич
Иван Лебедев
“Сен онда неге қарайсың? Қарыңды күре де, тиісті тиын-тебеніңді алып, құры.
-Жиырма тиынды мен берейін.
- Жоқ деген атың шананың үстінде, бір атың шөптің артында байлаулы, қожайын, далада қалған еш нәрсе жоқ
. . . Баланың күші менен гөрі басым жатыр. Мұндай жасымда менің күшім бұл мөлшерде болған жоқ еді.
-Ей, сонша тулағаның не? Өзің үркек екенсің ғой. . .

Дубный
Мұқан
Иван Лебедев
Масликов
- Ағын су көлге құймай дамылдай ма, мырзам.
-Бұл мені жығады. Білмей жүрген бір әдісі бар еді, оны үйренеді. Енді Иван біреу емес - екеу.
- Самара балуаны Иван Васильевичтің жіберген кісісі
-Мұқан енді көп ұзамай Парижге жүреміз. Онда жер жүзінің атақты балуандары қатысатын болыпты
Мұңайтпасов, мұның қалай, мейрамда неге демалмайсың?
- Шақырыңдар городовойды. Мына шошқаға акт жасасын

Мұқан
Қойма басқарушысы
Масликов
Иван Васильевич
Иван Лебедев
“Сен онда неге қарайсың? Қарыңды күре де, тиісті тиын-тебеніңді алып, құры.
+
-Жиырма тиынды мен берейін.
+
- Жоқ деген атың шананың үстінде, бір атың шөптің артында байлаулы, қожайын, далада қалған еш нәрсе жоқ
+
. . . Баланың күші менен гөрі басым жатыр. Мұндай жасымда менің күшім бұл мөлшерде болған жоқ еді.
+
-Ей, сонша тулағаның не? Өзің үркек екенсің ғой. . .
+

Дубный
Мұқан
Иван Лебедев
Масликов
- Ағын су көлге құймай дамылдай ма, мырзам.
+
-Бұл мені жығады. Білмей жүрген бір әдісі бар еді, оны үйренеді. Енді Иван біреу емес - екеу.
+
- Самара балуаны Иван Васильевичтің жіберген кісісі
+
-Мұқан енді көп ұзамай Парижге жүреміз. Онда жер жүзінің атақты балуандары қатысатын болыпты
+
Мұңайтпасов, мұның қалай, мейрамда неге демалмайсың?
+
- Шақырыңдар городовойды. Мына шошқаға акт жасасын
+

4. «Кубизм» стратегиясы.

Талдаңыз
ОРАЛУ
Қолданыңыз
Суреттеңіз

Мұқанның сыртқы түрі, мінез құлқын суреттейтін тұстарды шығарманың әр тұсынан іріктеп алып, балуанның өсу жолына мінездеме бер

«Қажымұқан» сөзін қолданып бес жолды өлең құрастырыңыз

Әңгіменің
композициялық
Құрылысына талдау жасаңыз
Шешімі.
Басталуы
Дамуы
Шиеленісуі
Шарықтау шегі

Әңгіменің
композициялық
Құрылысына талдау жасаңыз
Шешімі.
Басталуы
Орлий Масликовтың жалдамалы қызметіне ауысуы
Бір шана шөпті бай үйіне жая сүйретіп келуі
Иван Лебедевтің мектебінен дәріс
алуы, өзіне жақын дос табуы
Мұқанның саудагер Иван Ногичке жалданып жұмыс жасау
Дамуы
Шиеленісуі
Шарықтау шегі
Париж сахнасында өнерін
көрсетіп, құрметке бөленуі

5. «Кейіпкерлер» стратегиясы.
Іс-әрекеті
Мінезі
Кейіпкер мінезін толықтыру
Мақсаты: Кейіпкерлер бейнесін кесте арқылы жинақтау.
Мұқан, Орлий Масликов, Иван Лебедев, Дубный

6. «Түсініктеме күнделігі» стратегиясы

Қажымұқан Мұңайтпасұлы - қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Поль Понс сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу - сол заманда нағыз ерлік еді.
Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған
Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы - 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен қатар, Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері болған.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz