Көркем шығармадағы портрет жасау
Презентация қосу
Сабақтың тақырыбы:
Көркем шығармадағы портрет жасау
Білімділік мақсаты:
1. 6-сыныптағы оқушылардың пәнге деген қызығуын, ынтасын арттырып,
әлеуметтік, танымдық мотивтерінің қалыптасуына жол ашады. Дүниетанымдық
көзқарасын тереңдететіп, сапалы білім мен іскерлік дағдысын қалыптастырады.
Сөз таптары бойынша алған білімдері интерактивті технология, кешенді
жаттығулар мен тапсырмалар арқылы пысықталып, оқушының алған білімін
бекітеді.
Дамытушылық мақсаты: ББД қалыптастыру мен дамыту оқушы құндылығының
негізі :
1.Ақпараттық: әр түрлі ақпараттық құралдармен жұмыс жасай білу; мәтіннен ең
негізгі мәселені көре білу; алынған ақпаратты кесте, слайд, тезис түріне
айналдыра білу.
2. Коммуникативтік: ауызша сөйлеудің негізгі тәсілдерін меңгере алу: монолог,
диалог, сұрақтарға қысқа жауап қайыра білу, полилог деңгейінде өз ойын сауатты,
анық , дәлелді жеткізе білу; өз көзқарасын қорғай білу.
3. Оқу-зерттеушілік: жұмысты орындаудың ең тиімді жолдарын өз бетінше
орындай алу; оны жүйелей білу.
4. Әлеуметтік: белсенді жеке тұлға рөлін орындау.
5. Технологиялық:тапсырмаларды орындау барысында өзіндік қолтаңбасын
(элементін)қалдыру; 6. Рефлексиялық:өзінің оқу іс-әрекетіне талдау жасай алу;
өзінің іс-әрекет әтижесін түсіне отырып, қиындығын(қателігін) таба білу.
әрбиелік мақсаты: жеке тұлғаның пәнге деген қызығушылығын
өтеру, толеранттық , сыйлау , құрметтеу қасиетін тәрбиелеу.
абақ типі: аралас
абақ түрі: on –Iine жүйесі бойынша өтетін тіл ұстарту сабағы
әнаралық байланыс: музыка, сурет, әдебиет
ызығушылық іс-әрекетін ұйымдастыру:
Жалпылай
Жекелей
оппен
қыту әдістері:
аяндау, иллюстрациялық түсіндіру, сипаттау, салыстыру,
ұрыптау, жинақтау, талдау, интерактивті, тірек белгілері,
.Бітібаеваның жобалау технологиясы, топтау стратегиясы,ойын
лементтері
өрнекілік (слайдтар, суреттер) интерактивті тақта.
абақта енгізілетін терминдер мен түсініктер: «портрет», «мінез».
• «Әдемі сөйлеу» дегенді
қалай түсінеміз?
1- тапсырма: Бұрын оқылған шығармалардағы кейіпкерлерді
еске түсір және сәйкестендір.
Авторы Шығарма аты кейіпкер
Б.Майлин «Даудың басы- Әмір, Әйгерім
Дайрабайдың көк
сиыры»
М.Әуезов «Біржан сал Абай Дайрабай
ауылында»
Б.Момышұлы «Жауынгердің Мөңке
тұлғасы»
Ә.Нұрпейісов «Балықшылар» Полковник
Серебряков
Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» Тұрар
Ш.Мұртаза «Тұтқын бала» Майқанова
2-тапсырма :Үзіндіде кімнің портреті берілген?
Шығармадан үзінді Кімнің
портреті?
…Солардың ішіндегі ең көріктісі және жиынға қадірлі,
сүйіктісі-мынау қос ішекті домбыраны безілдетіп
отырған орта бойлы, қызғылт жүзді, кең ақ маңдайлы,
нұрлы жігіт.
…Ол еңгезердей ірі кісі.Қол-аяғы серейген ұзын, ашулы
ол бір кісіге көз салмай, үлкен алақанымен трубканың
темекі салған басын сығымдай қысып ұстап, сұп-сұр боп
шірене басып тұр
…Үсік шалған беті қап-қара, еріндері шыт-шыт тілініп
кеткен. Федоровқа тымақ астынан тесіле қарап, атып
барады.
...тақыр бас қара бала.
...Бір түрлі болды нұсқасы,
Кеудесі болды кепедей,
Мұрны болды төбедей,
Күрек тісі кетпендей,
Кеңірдегінің тесігі
Жүгімен түйе өткендей...
Кейіпкердің портретін оның сырт
бейнесі: бет пішіні, дене бітімі, киім
киісі т.б. құрайды.
Кейіпкердің портретін әсіресе
оның көзге көрінетін бейнесі:
қимыл-қозғалысы, жүрісі, бет
қимылы, өзін-өзі ұстау әдебі
көрсетеді.
3-тапсырма: Мәтін бойынша жұмыс
...Хамит-ұзынша бойлы, жауырынды, тіп-тік сұр жігіт.
Қырлы мұрынды, шүңіректеу көзді қаракер тобылғы
көзді, қырқып жүретін сақалы, мұрты бар. Жасы
жиырма бес, жиырма алтылар шамасында. Сом сұлу
денесі ылғи сіңірмен шиырылған күшті көк етті еді. Бар
денесі серіппелі көктемірден құйып
жасалғандай.Түйіліп жазылған қиғаштау қасы мен
тұңғиықтау көзі Хамитте зор қайрат, үлкен қайсарлық
бар екенін көрсетеді. Бет -аузы бүркіттің бетіндей.
Қыран бүркіттің түрпілі саусақтарындай, күшті темірдей
жұдырықтарын түйіп, кәрін тігіп, кіжініп:
-А-а. Қандай қылайын!-деп төніп келсе, өлген кісінің
аруағы ұшып кететіндей азамат.
(«Бандыны қуған Хамит» Сәкен Сейфуллин)
4-тапсырма: Хамитті суреттеуде пайдаланылған
кө ркемдеуіш сө здерді кесте бойынша жү йеле
Бет пішіні Дене бітімі Қимыл-қозғалысы,
тұлғасы
5-тапсырма: Хамиттің портретінде оның еркіндігін,
ешкімге бас имейтін қайсарлығын қай сө йлемнен
байқ ауға болады? Сол сө йлемге морфологиялық
талдау жаса
• Түйіліп жазылған қиғаштау қасы
мен тұңғиықтау көзі Хамитте зор
қайрат, үлкен қайсарлық бар екенін
көрсетеді.
• түйіліп-
• жазылған-
• қиғаштау-
• қасы-
• мен-
• тұңғиықтау –
• көзі-
• Хамитте-
• зор-
• қайрат-
• үлкен –
• қайсарлық –
• бар
• екенін–
• көрсетеді-
6-тапсырма:
Адамның түр-тұрпатын, мінез-құлқын
сипаттайтын қандай фразеологизмдерді
Хамиттің портретін жасауға, мінезін бейнелеуге
қолданар едің?
Фразеологизмдер
• Азуын айға білеген-мейлінше батыл, қайратты
• айылын жимау-қорықпау
• жаны сіріден жаралған-мықты
• жүзіктің көзінен өткендей-сұлу
• жүрегінің түгі бар-қорықпайды
• кәріне міну-қаһарлану
• жайдың атқан тасындай-аса мықты
• қадалған жерінен қан алу-дегеніне жету
• қайрауы жеткен-бабына келген.
7 тапсырма: Осы фразеологизмдерді
қатыстырып сөйлем құра.
8-тапсырма Оқушылардың шығармашылық
жұмысы
• Өз портретіңді немесе досыңның т.б.
портретін суреттеп жаз.
Суретші Майса Ықыласованың
шығармашылығы туралы
• Ол өте жан-жақты, талантты қазақ суретшісі. Суретші
бейнелеу өнерінің ішіндегі бірнеше саланы алып ж үр.
Батик, кескіндеме, графика салаларының әрқайсысында
суретші өзінің шығармашылық құрылымын шынайы бере
біледі.
• Майса Ықыласова адам сезімінің қыр-сырын ақындарды ң
шығармаларындағы лирикамен ұштастырады. Ол өзінің
әрбір шығармасында жазу сызықтарын жеңіл қолданып,
бояу түстерін үйлесімділікпен таңдайды. Мысалы,
портреттеріндегі бояулар адамның ішкі дүниесін шебер
бейнелейді. Суретші өз шығармаларындағы символикалық
белгілер мен сұлу қыздың суреті арқылы ақынның өлең
жолдарын қылқаламның ұшымен жеткізгісі келгендей.
• Әдебиеттегі портрет пен живописьтегі портреттің айырмасы
бар. Живописьтегі портрет қимылсыз, қозғалыссыз болса,
ал жазушы адамды қимыл, қозғалыста етіп суреттейді.
9-тапсырма: Өз ойыңды басқаға дәл де әсерлі
жеткізе біл.
• Сендер Қарағанды қаласындағы
сурет көрмесіне барып, суретші
Майса Ықыласованың суретін
көрдіңдер делік. Осы көрген суретті
ата-аналарыңа, әпкелеріңе қалай
суреттеп жеткізер едіңдер?
Авторы-суретші Майса Ықыласова
Үйге тапсырма
• 1-деңгей: Ғ. Мүсіреповтің “Талпақ
танау” шығармасы бойынша
көркемдегіш құралдарды жүйелеп
келу.
• 2-деңгей: Ғ. Мүсіреповтің “Талпақ
танау” шығармасы бойынша
портреттерді табу.
• 3-деңгей: ”Жан сұлулығы” дегенді
қалай түсінесің?-эссе жазу.
Рефлексия
• Портрет
• Мінез
"Баланың маңайында сөйленетін
сөздер де әдепті, сұлу болуға
тиісті. Және баланың маңайындағы
адамдардың жүріс- тұрыстары да
әдепті, сұлу болуға тиісті.Сұлу
дене, сұлу қозғалысты көріп өскен
баланың денесі де, қозғалысы да
сұлу болады".
М.Жұмабаев
Назар
аударғандарыңызға
рақмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz