Сөз тіркесі туралы түсінік
Презентация қосу
Сөз тіркесі туралы түсінік
Сабақтың тақырыбы:
Сөз тіркесі туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: cөз тіркесі туралы теориялық білімді
меңгерту, түрлерін ажырата білуді
үйрету, білімдерін тиянақтау, бекіту.
Дамытушылық: өз ойларын еркін жеткізе білу
дағдысын қалыптастыру, түрлі
әдістер арқылы шығармашылық
қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: халқымыздың салт-дәстүрлерін бағалай
білуге, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,
шығармашылық жұмыс, деңгейлік
тапсырмамен жұмыс.
Сабақтың байланысы: әдебиет, халықтық
педагогика
Сабақтың көрнекіліктері: мақал-мәтелдер,
тақта,бор,деңгейлік тапсырмалар,электронды
оқулық
Сабақтың өтетін орны: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгелдеп, сыныптың
тазалығына көңіл бөлу.
Бүгінгі сабақ барысында сынып оқушылары
үш топқа бөлініп жұмыс істейтінін, олардың
тапсырмалары үш түрлі болатынын хабарлау.
І.Оңай деңгейдегі тапсырма
ІІ. Орташа деңгейдегі тапсырма
ІІІ. Жоғары деңгейдегі тапсырма
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1.Сұрақтар беру
Синтаксис қай тілдің сөзі?
Синтаксис нені зерттейді?
Тілдің ойды білдіретін ең кіші бөлімі не?
2. 224-жаттығу жұмысының
орындалу барысын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Жаңа сабақ мақсатымен оқушыларды таныстыру
Сөз тіркесі туралы түсінік беру
Мысалы:
а) Қаһарлы сөз қамал бұзар
Сөздер байланысы
1. Қаһарлы сөз
2. Қамал бұзар
ә)Балалар күні бойы көкөніс жинауға көмектесті
3. балалар көмектесті
4. жинауға көмектесті
5. көкөніс жинауға көмектесті
6. күні бойы көмектесті
2.Сөз тіркесінің ережесімен
таныстыру
Сөйлемде кем дегенде екі толық
мағыналы сөздің бірі екіншісіне
сабақтаса (бағына) байланысқан сөздер
тізбегін сөз тіркесі дейміз.
3. Сөз тіркесінің айрықша белгілері:
1) сөйлем ішінде танылады;
2) кем дегенде толық мағыналы екі
сөзден тұрады;
3) бірі екіншісіне бағына байланысады;
4) белгілі бір синтаксистік қатынасты
білдіреді
4. Сөз тіркесі екі сыңардан тұрады.
1.Бағыныңқы сөз. 2. Басыңқы сөз.
Баланың тілі
Гүлденген Қазақстан
Уәдеге берік
Сөз тіркесінің түрлері
1. Есімді тіркес 2. Етістікті тіркес
Басыңқы сыңары зат есім, Басыңқы сыңары
сан есім, есімдік, сын есімнен етістіктен болады
болады.
Болашаққа (неге?) аманат Асықпай сөйледі
Алтын (қандай?) сағат Ерте келді
Ағасы (кімі?) осы Тез жүрді
ІV.Жаңа сабақты бекіту
1.Сұрақтар беру
1.Сөз тіркесінің неше түрі бар?
2.Сөз тіркесі дегеніміз не?
3 .Етістікті, есімді тіркестердің ережесін
айтып бер
Деңгейлік тапсырмалармен
жұмыс
І.Деңгей
1.Үзіндіден сөз тіркесін тап.
Кеш бойы Абай Пушкинді қайта оқумен
болған еді.Бүгінгі күн анда-санда алаң
еткен ол-пұл жайлар болса да Абайдың
Пушкинге ең алғашқы рет таныса
жақындасып ,туысын тапқандай боп
толғана бой ұрған күнінің бірі еді.
2.Мына екі бағандағы сөздерді
мағынасына сәйкес келетін
сөздермен байланыстырып,сөз
тіркесін жаса
Бағыныңқы Басыңқы
Бес тау
Дәптері арман
Әдемі аспан
Биік үшеу
Асыл ғасыр
Ашық гүл
ІІ.Деңгейлік
тапсырма
1.Мына сөз тіркестерін қатынастырып,
сөйлем құрап жаз.
Абай өлеңі, Көкбай ақын, қонақтың бірі,
Әйгерім әні, ерте келген , хатты алды
2.Мына сөздерден сөз тіркесін
жасап,есімді,етістікті сөз тіркестеріне
ажыратып жаз.
Отан, ұлттық, көгілдір,ақ,қазақ,әдейі,
оқушы,жаяу,бала,бағалы
ІІІ.Деңгейлік
тапсырма
1.«Абай әндері» тақырыбында шағын
әңгіме жаз.Әңгімеден сөз тіркестерін
тап.
2.Мына үлгіде көрсетілгендей сөз
таптарын орнына қойып, екі-екіден сөз
тіркесін жаса
(сын есім) (зат есім)
Мысалы : көңілді кеш
1.сан есім - зат есім
2.сын есім - зат есім
3.үстеу - етістік
3. Қорытындылау
Мақал-мәтелдер айтқызу
(әр түрлі тақырыпта)
V. Оқушыларды бағалау
VІ. Үйге тапсырма
Сөз тіркесін оқу, ереже жаттау
226 – жаттығуды орындау
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz