Зергерлік өнер




Презентация қосу
Тақырыбы:

“Зергерлік өнер”
7-СЫНЫП
Сабақ түрі: Саяхат сабақ

Сабақ әдісі: Сұрақ­жауап, баяндау, деңгейлік 
тапсырмалар, шығармашылық ізденіс.

Көрнекілік: Тест сұрақтары, әшекей бұйымдардың 
суреттері.

Техникалық құрал: Компьютер  

Пәнаралық байланыс: Тарих,этнография, музыка
Сабақтың тақырыбы

Зергерлік өнер
Сәлем, достар!
Менің есімім, Алқагүл!
Мен бүгін сендерді өзімнің сүйікті елім, зергерлік өнердің отаны
-
“Зергерлер елімен”танысуға шақырамын!
Қош, келдіңіздер!
Мақсатым:

Зергерлік өнердің қыр­сырын өздеріңе меңгерту,  
көсемше тақырыбын қайталау;
              Өздеріңнің  таным белсенділіктеріңді  арттыра 
отырып, шығармашылыққа баулу, логикалық ойлау 
қабілеттеріңді  дамыту.
            Бүгінгі сабақ барысында алған  білімдеріңді 
пайдаланып, қазақ халқының салт ­ дәстүрі, әдет­
ғұрыптары негізінде ұлттық тәрбиені құрметтеуге, ойлау 
қабілетін дамыта компьютерлік біліктілікке тәрбиелеу
Өздеріңнен күтер нәтижем:
• Зергерлік өнердің тарихын меңгеру.

• Әшекей бұйымдардың негізгі түрлерін 
ажырата білу.

• Жаңа тақырыпты меңгеру барысында 
грамматикалық тапсырмаларды сауатты 
орындай білу.

• Тәрбиелік мәнін ұғыну.
Не арқылы бағаланады?

1. Тест жұмыстары.

2.Деңгейлік тапсырмалар.

3. Соңғы пікірді маған қалдыр.
Балалар “Зергерлер елін” толық 
аралап, тарихын, тұрмыс­тіршілігін 
білгілерің келсе, сонымен қатар  
өздеріңе ұнаған әшекей бұйымды 
иелену үшін менің қойған барлық 
тапсырмаларымды орындауларың тиіс. 
Барлық тапсырманы мүлтіксіз 
орындаған жан ғана “Зергер ­ шебер” 
деген атаққа ие болып, өзіне ұнаған 
әшекей бұйымды тегін ала алады.

Сәлеммен, Алқагүл!
Үй тапсырмасын қайталауға дайынбыз ба?

Тест тапсырмасы

1.Әбілхан Қастеев кім?
а) ғалым
ә) ақын
б) суретші
2.Тәуелсіздік монументі қай жерде орналасқан?
а) Астанада
ә) Қызылордада
б) Алматыда
3.Қолмен түрлі бұйымдар жасайтын өнер түрі қалай аталады?
а) қолөнер
ә) ғылым
б) сәулет өнері
4. Ағаштан бұйым жасайтын адамды қалай атайды?
а) ұста
ә) шебер
б) ісмер
5.Қандай адам ұлттық киімдерді тігумен айналысады?
а) зергер
ә) ұста
б) ісмер
Мұны білгенің жөн

I. Мәтінмен жұмыс
Қазақ даласында көркемдік тұрғыдан жетілген зергерлік өнер алғашқы темір
дәуірінде пайда болған.
«Зергер» парсы тілінен ауысқан «Зәргәр» сөзі. Парсы тілінде алтыннан,
күмістен суырып, созған жіңішке сымды «зәр» дейді.
Халық арасында зергерлер өте жоғары құрметке ие болып, елдің с үйікті адамына
айналған.Көптеген археологиялық қазбалар мен этнографиялық зерттеулер Қаза қстан
жерінде ерекше шеберлікпен жасалған бұйымдарды бізге жеткізді. Қар ғалы қазынасынан
табылған әйелдің бас киімі, түйенің мүсіні салынған алтын жүзік, алтын сыр ға, А қтас – 1
қорымынан б.з. 2-5 ғ. Жарқырауық тас орнатылған сырғалар табылған. Бұл бұйымдарды
әшекейлеуде де қазіргі заманда қолданылып жүрген барлық техникалық тәсілдер
қолданылған. Ежелгі сақ, ғұн, үйсін зергерлерінің қолымен жасалынған ж үзіктерде,
білезіктерде, алқаларда шолпыларда «мүйіз» оюының түрлері, арқардың басы кездескен.
Зергерлер негізінен қоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие бол ған
әйелдердің әшекей бұйымдарын жасауда эстетикалық жағынан емес, сондай-а қ діни-
идеологиялық, әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік маңыздылықтарын да ескеріп отырған.
Зергерлік бұйымдардың көздеріне шеберлер ақық (агат), теңбіл тас (сланец), перуза
(бирюза), маржан (коралл), лағыл (рубин), янтарь сияқты асыл тастарды пайдалан ған. Әр
зергердің өз қолтаңбасы болған «шебердің қолын» соған қарап таныған. Дәст үрлі қаза қ
тұрмысында тастарға деген оң көзқарас бүгінге дейін сақталып отыр. Інжу к өзге т үсетін
катарактыны, янтарь зоб ауруын емдейді десе, маржан көз бен тіл тиюден са қтайды,
қарғыстан қорғайды, перуза бақыт әкеледі дейді. Зейнет пен қуаныш тасы деп таныл ған
ақық тас қай кезде де үлкен сұранысқа ие.
Тағылуына қарай зергерлік бұйымдар негізгі алты түрге
бөлінеді:

Шашқа тағылатын

Мойынға
және
Қолға тағатын
Зергерлік кеудеге
бұйымдар тағатын
түрлері

Иыққа тағатын
Аяққа тағатын

Белге тағатын
Қолға тағатын білезіктер
Сақиналар

Достар, бұл менің әшекей бұйымдарым!
Өңіржиектер Сырғалар
«Жедел жауап аялдамасы»

1. Қазақ даласында зергерлік өнер алғаш қай дәуірде пайда болған?
2. Қарғалы қазынасынан қандай әшекейлік бұйымдар табыл ған?
3. Ақтас қорымынан қандай бұйымдар табылған?
4. Ежелгі сақ, ғұн, үйсін зергерлерінің қолымен жасалынған ж үзіктерді ң,
білезіктердің, алқалардың, шолпылардың ерекшелігі қандай?
5. Зергерлер әшекей бұйымдарды жасауда қандай заңдылы қтарды ескерген?
6. Негізгі материал ретінде қандай метал түрлері пайдаланыл ған?
7. Неліктен әшекей бұйымдар көбінесе алтыннан жасаған?
8. Зергерлер қандай асыл тастарды шебер пайдаланған?
9. Асыл тастардың адам ағзасына немесе өміріне тигізер пайдасы бар ма?
"Зергерлік бұйым" дүкені аялдамасы

Достар, зергерлік бұйым дүкенінен өздеріңе
ұнаған әшекей сатып алу үшін орындалатын
тапсырмалар:
I деңгейдің тапсырмасы
1. Көсемшенің жұрнағын жалға.
Зергерлік әшекей бұйымдар тек байлық пен
сәндік үшін ғана емес, ол киім-кешек мәдениетіндегі
ажырамас бөлік бол... табылады.
Қазақ зергерлері көбінесе қыз-келіншектердің
ажарын ашып, сұлу етіп көрсететін зергерлік, әсемдік
бұйымдар жаса... ды.
2. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.
Керекті сөздер:
бұйымдарды, үкілі сәукеле, білезік, белдік,шолпы, бас
киім, Бөкей ордасында, 2000 сомға, тіршіліктің күші, шашбау;
Қымбат ә шекей ... – сырға мен жү зік, сақина мен білезік,
алқа, диадема мен шолпыларды қалай тағудың ө зіндік қатаң
қағидалары болған.
Қазақ аруларының басына ... ... киіп, құ лағына алтын сырға
тағып, білегіне ... киюі, беліне ... буынып, шашына ... қадауы
олардың парасатының биіктігі мен эстетикалық талғамының жоғары
болғанын куә лайды.
Әйел киімінің басты элементінің бірі - ... . Аса кө ркем
ә шекейленген қымбат сә укелелер кездескен бір тү рінің құ ны ... кү міс
ақшамен 1000 сомға бағаланса, Семей төң ірегінде ... жеткен кө рінеді.
Қазақ халқы ә йел шашының ұ шында ... бар деп есептеген.
Сондықтан шашты қимай, бұ рым етіп ө ріп, шолпы немесе ...
байланған.
3. Көсемше қосымшаларының дұрыс жалғануын белгіле

жұрнақтар айт көр сөйле кеңес ойна жаса



- іп
-ып
-ғалы
-гелі
-қалы
-келі
«Шәкірттер елі » аялдамасы

II деңгейдің тапсырмасы
1. Сөйлемдегі сөздерді бос орынға дұрыс
орналастыр.

Бойжеткендерге таққан шолпы тік ұстасаң,
қойылған шарт тиындар деген шылдырламайды.
Кісі алдынан сылдырласа өткенде тиындар, деп
есептелген ол үлкен әдепсіздік.
Өз балаларына өнерін әр шебер, үйретіп
отырған жақын туыстарына.

Жұмыс істейтін орын ұста-зергерлердің орны
дүкен деп аталған ертеректе.
2. Диалогтағы бос орындарға
көсемшенің жұрнағын жалға және өз
бетіңше жалғастыр
- Ажар, мен бүгін сән үйіне бар ...
жатырмын.
- Сен менімен бар ... сың ба?
- Бүгін сән үйінде атақты модельер
Ақкенже Девятко өз өнерін көрсет ...
жатыр.
- Қуана бар ...мын.
-Кездескенше!
"Мені жалғастыр" ойыны

1. Алтын кемер ... ,
    Ақылды жігіт елге сән.

                                        2. Алтын балдақ ...
                                            Әшекей кесте тон сәні
 
3. Атадан көріп ... ,
     Анадан көріп ... .

                                        4. Шебердің қолы  ... 
                                            Шешеннің сөзі  ...
III Шығармашылық деңгей
Шеберлер елі.
1. “Орнымды тап” ойыны
«Құлағыңа таққаның күміс сырға,
Күмбірілетіп шығасың күнде қырға»
Сырға - әйелдердің құлағына тағатын әшекейлі, сәнді,
бұйым.
Есте сақта!
Бұрын ер баласы т ұрмай жүрген немесе баланы өте кеш көрген ата-аналар ырым етіп
қартайғанда көрген осы ұлымыз т ұрсын, тіл-көзден, әрт үрлі жаман күштерден аман болсын деген
мақсатпен ұл емес қыз деп құлағына сырға тағып қоятын болған.
Өңіржиек – көйлектің сыртынан омырауға тағылатын
өте қымбат бағалы, сәндік әшекей бұйым. Зергерлер оны
үзбелеп, салпыншақтар тағып, асыл тастардан көз орнатып жасайды.
Есте сақта!
Өңіржиек пошымы мен т үзілісінің мағынасы ұрпақтың өсіп өркендеуі, оны жал ғастырушы
әйел адамның рөлі, әрт үрлі қауіп-қатерден сақтану деген ма ғынаны білдіреді.
«Көрінер ақ үй сұлу үздігімен
Көрінер келін сұлу жүзігімен»
Жүзік – саусақ сұғатын шеңбері таза алтын немесе
күмістен соғылып, бетіне асыл тастан көз орнатылған,
әртүрлі пішінде әзірленген алақаны бар, саусаққа
сәндік үшін киілетін сәндік бұйым.
Есте сақта!
Қазақтар ертеде бойжетіп келе жат қан қызға мұра ретінде өсиет сөз жазылған қымбат
жүзіктер даярлаған. Аса қадірлі жүзіктерге Мұхаммед пайғамбардың атын жаз ған.
Құсмұрын жүзіктер бақыттың, т әуелсіздіктің, еркіндіктің белгісі ретінде танылған.
Жаугершілік сапарға аттанған жігіттерге өз ұясына аман-есен келсін деген тілекпен сыйлан ған.
Шығармашылық тапсырма

Сән үлгісінің шебері, өз туындылары
арқылы Батыс Қазақстан өңірін бүкіл
әлемге таныстырған Ақкенже
Девятконың тапсырмасы:

1. Биылғы «Көктем ­2010» сән үлгісіне 
ұсынар әшекей бұйымыңыз. 
Сабақты бекіту:

Тест жұмысы
Кө семшенің жұ рнақтары:
а) –шы,-ші
ә)-ып,-іп,-п
б)-ған,-ген
2. Шолпының қыз бала тә рбиесінде маң ызы бар ма?
а) Бар
ә ) Жоқ
б) Білмеймін
3. Ұста- зергерлердің жұ мыс істейтін орны қалай деп атал ған?
а) Аула
ә) Дүкен
б) Шарбақ
4. Аса қадірлі жү зіктерге кімнің есімі жазылған?
а) Билердің
ә) Мұхаммед пайғамбардың
б) Ө з есімі
5. Қыз баланың құ лағына тағатын ә шекей бұ йым.
а) Шолпы
ә ) Белбеу
б) Сырға
6. Кө йлектің сыртынан омырауға тағатын ә шекей бұ йым
а) Тү йреуіш
ә) Өңіржиек
б) Жү зік
Үй тапсырмасы:

Өз қалауларың бойынша
төменде ұсынылған тақырыптар
негізінде тебіреніс немесе эссе
жаз.
1. Әшекей бұйымдардың біздің өмірімізден алар
орны қандай?.
2. «Шебердің қолы ортақ»
Сабақты бағалау

"Зергер - шебер"
" Елдің жайын ел баққан,
Ерлер білер деген сөз.
Зердің жайын зер соққан,
Зергер білер деген сөз"
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Қолданбалы өнер
Зергерлік кеудеге бұйымдар тағатын түрлері
Сәндік қолданбалы өнер
Қазақ халқының қолөнері
Қазақ өнерінің дамуы
Бейнелеу өнерінің терминдері мен түсініктері
Татар халқының мәдениеті, тілі
Бернар Арно туралы
ДИЗАЙН әлемі
Кейіннен сарматтар
Пәндер