МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ САҒЫН ДЫМ



МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
"Қысқы жолда " және "Балалық шақ"
өлеңдерін жатқа айту.

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ
Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы-ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы-үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды.
Ұлпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Бурадай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар
Беті -қолы домбығып үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы,
Бет қарауға шыдамай, теріс айналды.

Абайдың “Қыс” өлеңіндегі кейіптеу сөздер
Мағжанның “Қысқы жолда” өлеңіндегі кейіптеу сөздер

Абайдың “Қыс” өлеңіндегі кейіптеу сөздер
Мағжанның “Қысқы жолда” өлеңіндегі кейіптеу сөздер
Ақ киімді, денелі,
ақ сақалды, соқыр, мылқау,
қасы жауып екі көзін, түсі суық, кәрі құдаң, басқан жері сықырлап келіп қалды.
Екі иінінен дем алып,
Ішін тартып, кейде қатты ысқырып, аңдай ұлып,
сақ-сақ күледі.

КЕЙІПТЕУ
ДЕГЕНІМІЗ НЕ ?

Табиғат құбылыстарын жандандырып, кісі кейпінде суреттеу тәсілін кейіптеу деп атайды.

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
"БАЛАЛЫҚ ШАҚ"

МАҒЖАН
ЖҰМАБАЕВ
К І М ?

МАҒЖАН
ЖҰМАБАЕВ
Ақын, зерттеуші,
аудармашы.

Ақынның
өлеңдерін ата ?

"Мен кім?"
"Сүйемін"
"Мен жастарға сенемін "
"Сағындым "

"САҒЫНЫШ",
САҒЫНДЫМ
деген сөзді қалай түсінесіңдер ?

Ата-ананы
сағыну
Досты
сағыну
Туған елді,
жерді сағыну
Бауырды
сағыну
"САҒЫНЫШ"

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
“ С А Ғ Ы Н Д Ы М ”

Мағжанның ақындық ерекшелігіне тоқталу, Мағжан өмірі мен “Сағындым” өлеңінің байланысын ашу.
Оқушыларды мәнерлеп оқуға баулу.
Оқушыларды Отанын, туған жерін, елін, ата-анасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Жаңа сабақ
Жаңа білім беру
Топпен жұмыс, топтастыру.
МАҚСАТЫ:
ТИПІ
ТҮРІ
ӘДІСІ
КӨРНЕКІЛІГІ
Ақын суреті.

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,
Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.
“Қарашығым, құлыным !” деп зарлаған
Алыстағы сорлы анамды сағындым.
Жатқан үйім - қабырғасы қара тас,
Жарық сәуле, жылы күнге жаны қас.
Ауыр иіс, ылғи қара көлеңке,
Ерте-кеште, күндіз-түні арылмас.
Тапал, салқын, тым қараңғы үңгір тар.
Есігімде мықты қара құлып бар.
Кіп - кішкене терезелер темірлі,
Мұндай үйден кісіге естілер ащы зар !
Алтын күнді, қара жерді сағындым,
Жан жолдасым- жүйрік желді сағындым.
Асау тайдай еркелетіп өсірген,
Ағайынды, туған елді сағындым.
САҒЫНДЫМ

Ас бола ма сасық сорпа, қара нан,
Алма бетте қалмады ғой тамшы қан.
Қоңырау қағып оятады ақырып,
Тым болмаса сібірлеп те атпай таң.
Бостандықта өткен күнді сағындым,
Желдей зулап кеткен күнді сағындым.
Жыл құсындай ұшсам, қонсам ерікті,
Ойдағыны еткен күнді сағындым.
Ойыны бір құрдастарды сағындым,
Тілегі бір жолдастарды сағындым.
Келешекке бірге жоспар құрысқан,
Сырласатын жан достарды сағындым.

Не көрсем де - Алаш үшін көргенім,
Маған артық ұлтым үшін өлгенім !
Мен өлсем де Алаш өлмес, көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін.
Қазағымды, қалың елді сағындым,
Сарыарқамды -сайран жерді сағындым.
Балдай бұлақ, мөлдір күміс көбікті,
Арқадағы айдын көлді сағындым.
Тәңірі ием, өзің алшы панаңа,
Тас бауырлар зарға құлақ сала ма ?!
Баласынан тұтқын болып сарғайған
Кім жеткізер сәлемімді анама ?
Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,
Сарғайдым ғой, сар даланы сағындым.
“Қарашығым, құлыным !” деп зарлаған
Алыстағы сорлы анамды сағындым.

Оқулықпен жұмыс

1. Ақын нені, кімдерді сағыныпты ?
2. Ақын абақтыға кімдер үшін түсті?
3. Ақынның қайтпас, қайсар мінезін
өлеңнін қай тұстарынан тануға болады ?

ЖАУАПТАРЫ
1. Ай мен күнді, қара жерді,
туған елді, анасын,
достарын, жолдастарын,
ағайынды, Алаш елін.
2. Ұлт үшін, Алаш елі үшін.
3. Не көрсем де -Алаш үшін көргенім,
Маған артық ұлтым үшін өлгенім !
Мен өлсем де Алаш өлмес, көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін .

ДӘПТЕРМЕН
ЖҰМЫС

Өлең құрылысына
талдау.

2 2 2 2 3
Алтын күнді қара жерді сағындым,
1 3 2 2 3
Жан жолдасым - жүйрік желді сағындым.
2 2 4 3
Асау тайдай еркелетіп өсірген,
4 2 2 3
Ағайынды, туған елді сағындым.
(2 + 2 + 2 +2 + 3 = 11)
1 шумақ, 4 тармақ, 11 буын, аралас ұйқас

С А Ғ Ы Н Д Ы М
ДОСТАРДЫ
АНАНЫ
ТУҒАН ЖЕРДІ, ЕЛДІ
АҒАЙЫНДЫ
АЛАШ ЕЛІН

ХАТ ЖАЗУ

І топ
Ана, өмірдің алтын кілті сенде ғана
ІІ топ
Туған елін сүйе алмаған,
Сүйе ала ма туған жерін
ІІІ топ
Досы жақсының -өзі жақсы

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
“САҒЫНДЫМ”
“СҮЙЕМІН”
Ана
Дос
Сарыарқа
Туған жер
Алаш елі
Қарт ана
Жар
Сарыарқа
Туған жер
Алаш елі

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:
М. Жұмабаев
1. “САҒЫНДЫМ” өлеңі.
2. Өлеңдегі өзіңді толқытып, тебіренткен жыр жолдарын жаттау.
3. Өлең құрылысына талдау.

Б А Ғ А Л А У
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz