8-сынып Қазақ әдебиеті: Абайдың он жетінші қарасөзін талдау және кемел адам идеалы


Slide 1

Қазақ әдебиеті 8-сынып

Slide 2

САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ

Абайдың “он жетінші” қарасөзі

Slide 3

М А Қ С А Т Ы

Білімділік: 1. Оқушыларға ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлы шығармашылығы туралы тереңірек ұғынуға жол сілтеу. Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы оқушыларға ақыл, қайрат, жүрек, ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсінуге, өз бойларында осы асыл қасиеттер болу үшін күресе білуге, ақынның қарасөздерінің мәнін, ғылыми философиялық ойды түсінулерін анықтау. Абай сөзімен айтқанда болашақ «кемел адам» бейнесін, моделінің жобасын жасау

Дамытушылық: 2. Мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқай алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу. Көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру, оқып- түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру, бір - біріне түсіндіру арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білуге жетелеу.

Тәрбиелік: 3. Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, елін сүюге, адамгершілік, адалдық, ізгілікке, ғылым- білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға баулу.

Slide 4

САБАҚТЫҢ МІНДЕТІ:

1. Абайдың шығармалары мен қарасөздеріндегі философиялық көзқарасын оқып, талдау арқылы мейірім, әділет, шапағат, ар- ұят ұялаған жылы жүректі жан және бұл адам жылы жүректің жетекшісі болған нұрлы ақыл мен ыстық қайраттың иесі «толық адам» бейнесін жасау.

2. Оқушылардың топтағы жұмыстарын жүйелі жүргізіп жобалауға, жоспарлауға, бағыттауға, ой қоытуға пікір айтуға, дүние танымдық көзқарасын арттыру.

Slide 5

Абай кім?

Slide 6

Қарасөз дегеніміз

ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек . Абай Құнанбаевтың 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар . «Ғақлия» деген өсиеттері .

Қарасөз - арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес. Ғақлия - көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны береді . Абайдың қарасөздері адамзат баласына ортақ сөз . Кейіпкері адам, толық адам ( кемел адам) . Қарасөздері алғаш рет Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрді . Орыс, қытай, француз т. б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. Абай қарасөзін 45 жасында жазған .

Slide 7

“Қарасөз” модулі

Slide 8

“Мен” модулі

Slide 9

« Ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ . » (1-қарасөзінен үзінді)

Абай қарасөзін не үшін жазды?

Slide 10

Сөздік жұмыс

Мәдмәлат - мақсат, мұрат .

Ғақлия - көркем сөз, дана сөз, асыл сөз .

Нәфсі - құмар

Ахирет - бақиға аттанар кездегі пенде киетін киім

Slide 11

Қайрат, ақыл, жүрек туралы

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден ерек»

Slide 12

« Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ . Одан басқа нәрселерден оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық»

« Нұрлы ақыл, ыстық қайрат және оларға әмірі жүретін жылы жүрек бір кісіден табылса, онда ол «қасиетті адам» болмақ . »

Slide 13

“Кемел адам” бейнесі

Slide 14

“Он жетінші” қарасөзін талдау

мәселесі - адамдыққа үйрету ;

түрі - айтыс, талас түрінде ;

мақсаты - өсиет, ғибрат қалдыру .

Slide 15

« Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз . Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»

Н. Назарбаев

Slide 16

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ

17- қарасөзін оқу. Әдебиеттерден, баспасөз беттерінен Абай туралы не айтады екен іздеу, зерттеу . Ауыл ақсақалдары мен әжелеріміздің артынан қалдырған ғибрат сөздерін жинақтау .

Slide 17

Назар қойып қарағандарыңызға көп рахмет


Ұқсас жұмыстар
8-сынып қазақ әдебиеті: Мұқағали Мақатаевтың Аққулар ұйықтағанда поэмасын талдау және дебат сабағы
Кемел Ақышев: қазақ археологиясының негізін қалаушы және Есік қорғанындағы Алтын адам зерттеушісі
Абайдың 170 жылдығына орай етістікті қайталау және бекіту сабағы (қазақ тілі мен әдебиеті)
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ балалар әдебиеті: Ыбырай Алтынсарин мен Абайдың үлесі
9-сынып қазақ әдебиеті: Бұқар жыраудың Тілек шығармасынан үзінділерді шығармашылық жұмыста қолдану және он жолдық тілек жазу
8-сынып қазақ әдебиеті: Т. Ахтановтың Күй аңызы әңгімесінің тақырыбы мен идеясы, сюжеттік желілерін және пролог пен эпилогын талдау
8-сынып Қазақ әдебиеті: Б. Момышұлының Ұшқан ұя әңгімесіндегі кейіпкерлердің қарым-қатынасы - сабақ жоспары
6-сынып Қазақ әдебиеті: Ертегілер және олардың түрлері
Қазақ әдебиеті 6-сынып: Аяз би ертегісін талдау - сенім, қарама-қарсы элементтер және сабақ стратегиялары
Қазақ әдебиеті: бес турлы сұрақ-жауап және талдау сайысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz