Кәсіпорынның құрылымы және оны жетілдіру жолдары




Презентация қосу
Кәсіпорынның құрылымы
және оны жетілдіру
жолдары
Орындаған: Нұрат Гүлназ ТКШИ 15-15
Тапсырған: Абуталипова Жұлдыз
1.Өндірістік құрлым түсінігі және оның
түрлері
2.Өндірістік құрылымның негізгі

көрсеткіштері және оларды жетілдіру
жолдары.
1. Өндіріс – қоғамның өмір сүруі және
дамуы үшін қажетті материалдарды,
өнімдерді шығаратын процесс. Өндірістің
дамуын еңбек құралдарынан, еңбек
заттарынан және басқада мақсатпен
жасалатын жұмыс процесінен тұратын
еңбек ету жағдайынан көруге болады.
(Еңбек құралы – техникалар өндіретін;
Еңбек заты – шығарылатын өнім.)
Кәсіпорынның құрылымы: өндірістік
және ұйымдық болып бөлінеді.
Өндірістік бөлімшелер өнімді өндірудегі

жалпы технологиялық процестердегі
олардың өзара байланысы кәсіпорынның
өндірістік құрылымын құрайды.
Құрылым кәсіпорынның дамуы мен
жұмыс істеуін қамтамасыз ететін
элементтердің іс-әрекеті. Кәсіпорынның
өндірістік құрылымы оның бөлімшелері
арасындағы еңбек бөлінісін сипаттайды.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымының
басты элементі – жұмыс орны,
учаскерлер, цехтар саналады.
Өндірістік құрылымға әсер ететін негізгі
факторлар:
Шығарылатын өнімнің түрі мен сипаты,

мөлшері;
Өндірістің ауқымы (көлемі);
Кооперациялау деңгейі.
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы – бұл
құрамы және оның ұйымдық бірлік
мөлшері(жұмыс
орны,бөлім,қызмет),олардың ара
қатынасы және өндірістік құрылым
жұмысын ұйымдастыратын бөлімшелер.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымының
негізгі бөлігі болып цех саналады.
ЦЕХ - әкімшілік жағынан оқшауланған жай

өндіріс процесінде белгілі бір жұмысты
атқаратын буын. Цехтың үш түрі болады: 1.
Негізгі 2. Көмекші 3. Қосалқы
Негізгі цехта сатуға әзірленетін дайын

өнімдер шығарылады. Көмекші цехтарға
құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстары,
энергетикалық, көлік цехтары жатады.
Қосалқы цехтарға қайта өңдеу цехтары,
шығарылған өнімді безендіретін қораптар
және басқада жұмыстар жатады, яғни
орау, тасымалдау, түсіру жұмыстары.
2. Кәсіпорын құрылымын толық
сипаттау үшін түрлі көрсеткіштер
қолданылады. Соның ішіндегі негізгілері:
оның құрамына кіретін бөлімшелердің
жалпы тізімі; бөлімшелердегі
қызметкерлердің саны; жабдықтардың
қуаттылығы; өндірістік қорлардың құны;
өнім шығару көлемі; мамандандыру және
механикаландыру деңгейі; күрделі
қаржының құрылымы.
Өндіріс құрылымын ары қарай
дамытудың жолдары:
Кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру;

Негізгі, көмекші және қосалқы
цехтардың арасындағы тиімді
байланысты сақтау; Кәсіпорындарды
жоспарлаудың тиімділігін арттыру
жолында тұрақты жұмыс жасау;
Өндірісті ірілендіру арқылы қуатты
ғылыми өндірістік ұйымдар
ұйымдастыру.
Техника мен жоғары сапалы

технологияны дамыту;
Өндірістің тиімділігін арттыру.
Өндірістік процесс шикізаттар мен
материалдардың дайын өнімге
айналуына бағытталған еңбек
процестерінің жиынтығы. Өндіріс
процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін
ең тиімді еңбек процесінің үйлесуін және
өндірістің матиралдық элементтерін
белгілі бір жүйеге келтіруін қамтамасыз
ету қажет: Технология сәйкес тиімді
жабдықтарды қатыстыру, олардың
үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін
қамтамасыз ету және өндірістің
тапсырысын қорғау.
Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру
мыналарды қамтуы қажет:
1.Өнімдерді дайындау немесе шығарудағы
үздіксіздігі;
2.Өндіріс учаскілерінің қуаттылығының
үйлесімділігі және олардың өзара үйлесуі.
3.Өңделетін матиралдармен бұйымдар
қозғалысының түзу дәлдігі, яғни өндіріс
процесінің барлық сатысынан өткен ең
қысқа жол.
4.Өндірістің ырғақтылығы, яғни тең аралық
уақытта тең өнім мөлшерін шығару немесе
тең аралық уақытта тең жұмыс көлемін
орындау.
Шығарылатын өнімнің түріне, өндіріс
көлеміне, жабдықтардың түріне,
операцияларға жұмсалған еңбек, өндіріс
кезеңінің ұзақтылығына және
т.б.факторларға байланысты өндіріс
жеке дара, сериялы және жалпы болып
бөлінеді.

Ұқсас жұмыстар
Өндірістік құрылымның деңгейін сипатайтын көрсеткіштер
Әлеуметтік салық салуды ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары
Өндірісті ұйымдастыру және жобалау
Қазақстандағы фармацевтика саласының ұйымдастыру құрылымы
Салықтың жіктелуі объекті бойынша салық салу
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда
ТУРИСТІК ФИРМАНЫҢ БИЗНЕС ЖОСПАРЫ
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын есепке алу және талдау
Кәсіпорын кадрлары, жұмыспен қамтылуы, еңбек өнімділігін талдау
Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау
Пәндер