Негізгі капитал: мәні, құрылымы, бағалануы және пайдалану көрсеткіштері


Slide 1

Негізгі қор және оның өндірістегі ролі

Орындаған: Нұрат Гүлназ ТКШИ 15-15

Тапсырған: Абуталипова Жұлдыз

Slide 2

1. Негізгі капиталдың мәні және оның құрлымы.

2. Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері

Slide 3

1. Негізгі капитал - бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қордың ақшалай бағалануы. Негізгі қор деп - кәсіпорында ұзақ уақыт пайдаланып өзінің құнын келесі өндірілетін өнімге бірте-бірте аударып отыратын еңбек құралдарын айтамыз.

Slide 4

Өндірістікке жататындар: өндірістің, құрлыстың, ауылшаруашылығының, көліктің, сауданың және басқада материалдардық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары жатады.

Негізгі қордың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді.

Өндірістік емес негізгі қорларға:

тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған негізгі қорлар жатады.

Slide 5

Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті бөлігі - тікелей өндіріске өнімнің мөлшері мен сапасына ықпал етеді. Мысалы: машиналар, құрал жабдықтар. Пассивті бөлігі- өндірістік процестер үшін қажетті жағдай жасайды. Мысалы: ғимарат, құрылыс.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналым жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады: негізгі қорлардың тозуы, аммартизация, негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы және оларды күрделі жұмсау арқылы ауыстыру.

Slide 6

Негізгі қорлардың кез келген объектісі табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі сөйтіп өз функциясын орындауға мүмкіндіктері болмайды.

Негізгі қорлардың табиғи тозуы деп - жөндеу, қайта өңдеу, жаңарту арқылы қалпына келуін айтады. Сапалық тозуы деп - ескірген негізгі қордың өзінің үнемділік, өнімділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоюын айтады.

Кәсіпорынның негізгі міндеті болып - ол негізгі қорлардың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу табылады, себебі: олардың табиғи және сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорын жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады.

Slide 7

2. Негізігі қорды бағалаудың өндіріс процесінде ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына байланысты және осы уақыт аралығында қайта өндіру жағдайына байланысты бірнеше түрі болады:

1. Негізгі қордың бастапқы құны - қорларды дайындауға, жинауға, әкелуге кеткен шығындардың жиынтығы;

2. Қайта өндіру құны - негізгі қордың қайта өндіруге кеткен шығынның жиынтығы:

3. Қалдық құн - негізгі қордың құнынан тозуды алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына келтіру құны.

Slide 8

Негізгі қорлардың құрылымына мынадай факторлар әсер етеді: Шығарылатын өнімнің түрі, оның жалпы көлемі; Автоматтандыру және механикаландыру; Мамандандыру деңгейі; Кәсіпорынорнының климаттық және географиялық жағдайлары;

Негізгі қорлардың тиімділігін көрсететін жалпы көрсеткіш болып қор қайтарымы есептеледі. Қор қайтарымы - бұл өнім өндіру үшін пайдаланылатын негізгі қорлардың теңгеге шағып есептегендегі өндірілген өнім көлемін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш. Сондай-ақ, ол өндіріс тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады.

Ққ = ЖӨҚ/НӨҚ

ЖӨҚ - жыл ішінде өндірілген жалпы өнім құны. НӨҚ - негізгі қордың орташа жылдық құны.

Қор қайтарымына қарама қарсы көрсеткіш қор сыйымдылығы деп аталады.

Қор сыйымдылығы - бұл негізгі қорлар құнының өндірілген және сатылған өнім құнына қатынасын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш.

Қс = НӨҚ/ЖӨҚ


Ұқсас жұмыстар
Негізгі капитал: құрылымы, бағалануы, тозуы және амортизация әдістері
Аграрлық өндірістің жер ресурстары: құрылымы, экономикалық бағалануы және пайдалану тиімділігін арттыру жолдары
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары: құрылымы, көрсеткіштері және тиімді пайдалану жолдары
Кәсіпорынның өндірістік қорлары: құрылымы, есептелуі және пайдалану көрсеткіштері
Кәсіпорынның өндірістік қорлары: негізгі капитал, амортизация және айналым қорларының қалыптасуы мен көрсеткіштері
Еңбек ресурстары мен еңбек нарығы: құрылымы, пайдалану көрсеткіштері және жұмысбастылық
Ұлттық байлық статистикасы: негізгі және айналым капиталдың құрамы, бағалануы және инвестициялар
Қызмет көрсету кәсіпорнының негізгі қорлары: құрамы, бағалау әдістері және тиімді пайдалану көрсеткіштері
Меншікті капитал мен резервтердің құрылымы мен бухгалтерлік есебі
Қазыналық (фискалдық) саясат: мәні, түрлері, құралдары және тиімділігінің бағалануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz