Мәліметтер қорының үш деңгейлі архитектурасы және физикалық қол жеткізу әдістері


Slide 1

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫНЫҢ ҮШ ДЕҢГЕЙЛІ АРХИТЕКТУРАСЫ

Slide 2

1978 жылы ANSI/SPARC комитеті мәліметтер қоры жүйелерінің жалпылама құрылымын ұсынған болатын.

Ол құрылым ҮШ ДЕҢГЕЙЛІ АРХИТЕКТУРА деген атауға ие болды, оған сәйкес мәліметтер қорын ұсынудың үш деңгейі болады:

сыртқы,

тұғырнамалық

ішкі.

Slide 3

СЫРТҚЫ ДЕҢГЕЙ

Сыртқы деңгей мәліметтердің пайдаланушылық ұсынылуын анықтайды. Сондықтан бұл деңгей пайдаланушылық деңгей деп те аталады.

Сыртқы деңгейде әрбір пайдаланушы топ мәліметтер қорындағы мәліметтер туралы өз кейіптемесін алады, онда мәліметтер элементтері мен олардың өзара қарым-қатынастарының пайдаланушыға бағытталған сипаттамасы беріледі.

Түрлі кестелер, байланыстар, есеп берулер, формалар және т. б. өздері шешетін міндеттерге сәйкес мәліметтер қорының пайдаланушылық кейіптемесіне сәйкес келеді.

Slide 4

ТҰҒЫРНАМАЛЫҚ немесе ЛОГИКАЛЫҚ деңгейі

бұл мәліметтер қорын жасаудың деңгейі. Бұл деңгейде талап етілген міндетті шешуге қажетті объектілер анықталады және олардың арасындағы байланыстар орнатылады.

Тұғырнамалық жобалаудың нәтижесінде объектілердің, олардың элементтерінің және олардың арасындағы қарым-қатынастарының тұғырнамалық моделі, сұлбасы, объектінің логикалық сипаттамасы қалыптасады.

Slide 5

ІШКІ ДЕҢГЕЙ

мәліметтер қорына физикалық көзқарасты қамтамасыз етеді.

Бұл деңгей үшін жүйелік программалаушылар, мәліметтердің физикалық қорын жобалаушылар жауап береді, олар мәліметтерді кодтау мен компьютерде және тасымалдағыштарда кейіптеу мәселелерін шешеді, мәліметтерді шұғыл түрде оқу мен оларды өзгерту мақсатында мәліметтерге қол жеткізу әдістерін анықтайды.

Мәліметтерге қол жеткізудің негізгі әдістері индекстеу, хэш-адрестеу және сығу болып табылады.

Slide 6

ХЭШ-АДРЕСТЕУ

- қандай да бір алгоритм (хэш-қызметі) бойынша тасымалдағыштағы мекен-жайды кестенің қандай да бір өрісінің, көбінесе басты өрісінің негізінде есептеп шығу.

Мәліметтерді жазу кезінде хэш-қызметінің көмегімен мекен-жайы есептеп шығарылады және содан кейін мәліметтер осы есептелген мекен-жай бойынша тасымалдағышқа жазылады.

Мәліметтерді оқу кезінде хэш-қызметі алдымен мәліметтер орналасқан мекен-жайды есептеп шығады, содан кейін оқиды.

Slide 7

МӘЛІМЕТТЕРДІ СЫҒУ

Мәліметтерді сығу үшін қолданыста бар әдістер пайдалынады, ол әдістер тасымалдағышта жазылатын мәліметтердің көлемінің азаюын қамтамасыз етеді, бұл мәліметтерді өңдеуден өткізуге арналған жүйелердің өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Slide 8

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ


Ұқсас жұмыстар
Қосымшалар серверінің моделі және үш деңгейлі клиент-сервер архитектурасы
Мәліметтер қорының иерархиялық, желілік және реляциялық модельдері
Мәліметтер қорының модельдері: реляциялық, постреляциялық, көпөлшемді және объектілі-бағытталған
Сабақта саралау: үш деңгейлі оқу нәтижелері мен бағалау критерийлерін жобалау
Microsoft Access және Excel: мәліметтер қорының құрылымы мен электрондық кесте негіздері
Мес қарынға операция техникасы: жедел қол жеткізу және тыртықты бекіту әдістері (Магда, Тарасов, Петраков, Герцен, Алексеев)
Oracle дерекқорының архитектурасы: экземплярлар, кестелік кеңістіктер және физикалық файлдар
Тәуелсіз Қазақстан: тәуелсіздікке қол жеткізу және мемлекеттілік институттарының қалыптасуы (1991-2019)
ADO және ADOConnection арқылы мәліметтер қорымен жұмыс жобаларын құру әдістері
Жерді есепке алу: әдістері, мақсаттары және ҚР жер қорының санаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz