Бағытталған түрлі гимнастикалық жаттығуардың бұлшық еттерге әсері




Презентация қосу
Бағытталған түрлі
гимнастикалық
жаттығуардың
бұлшық еттерге әсері
Ертеңгілік гигиеналық
гимнастика 
— таңертең ұйқыдан кейін организмнің жұмыс істеу
қабілетін қалпына келтіруді тездететін дене жаттығулары.
Ұйқы кезінде адамның орталық нерв жүйесі де тынығады.
Бұл кезде жүректің соғысы азайып, тыныс алуы баяулайды,
бұлшық еттері босап, организмтолық демалады.
Ұйқыдан оянғаннан кейін орталық жүйке жүйесі мен әр түрлі органдардың
 қызмет белсенділігі арта бастайды. Алайда белсенділікке көшу процесі ұзаққа
созылып кеткен жағдайда оның жұмыс қабілетіне (дене және ой еңбегінде де)
елеулі әсер ететіні ақиқат. Ондайда адамның ұйқысы ашылмай, дел-сал күйде
жүреді, ашушаң болады. Ал дене жаттығуларын орындау барысында
қозғалысқа түскен бұлшық еттер мен буындар орталық жүйке жүйесін
белсенді жұмыс істеуге ыңғайлайды. Сонымен қатар ішкі органдардың жұмыс
істеу қабілеті жақсарып, өзін сергек сезінген адамның еңбекке деген ынтасы
да артады.
Іштің бұлшық еттеріне
арналған жаттығулар .
Бастапқы қалып —
орындықтын шетіне
отырып, жиегінен
ұстанды;
тізекі бүгіл, аяқты тік
көтереді, одан кейін
жазады (жоғарырақ) да,
біртіндеп төмен түсіреді;
#аяқты тік созған қалпы
жоғары көтеріп,
қайтадан төмен түсіреді.
Осы жаттығуды жерде
(кілемде) жатып та
жасауға болады;
аяқты алма-кезек тізекі
бүкпей жоғары көтеріп,
қайшылай қозғайды.
Бұлшықеттің созылып,
жазылуына және оның
шынығуына гимнастиканың
маңызы зор.
Бұлшық еттердің түрлері.
Негізінен бұлшық еттердің үш түрін ажыратады: қаңқалық, жүрек бұлшық
eтi, бірыңғай салалы бұлшық ет. Қаңқалық бұлшық етінің өзi
фаздық(бұлар әрекет потенциалын генерациялайды)
және тоникалык(әрекет потенциалын генерацияламайды) деп eкiгe
бөлінеді.
Фаздықталшықтар жылдам(ақ, гликолитикалық) және баяу (қызыл,
тотығатын) талшықтарболып бөлінеді.
Бірыңғай салалы бұлшықеттер тоникалықжәне фазды-тоникалық
болыпбөлінеді.
Тоникалық бірьңғай салалыталшықтылар «жылдам» жиырыла
алмайды. Фазды-тоникалық бірыңғай салалы бұлшық
еттердіңавтоматиялық қасиеті бар және автоматиялық қасиеті жоқ деп
eкiгe бөлеміз.
Бұлшық еттердің 2-типті талшықтары
бар: интрафузальдыжәне экстрафузальды.
Интрафузальды талшықтарбұлшық ет ұршығының ішінде орналасқан
арнайы бұлшық eттi рецептор.
Ал қалған бұлшық еттердің талшықтары бұлшық eттi ұршықтың сыртында
орналасса- экстрафузальдыдеп аталады.
Бұлшық ет талшықтарының
құрылымдық ерекшеліктері
Миофибриллярлы аппараттың кұрылымы алғаш рет.
А. Хансон мен Г.Хаксли мен талданған еді.Әpбip
миофибриллада күңгірт және ақшыл түсті көлденең
дискілері бар. Ол дискілердің бірдей емес сәуле
сындырғыш қасиеті бар (анизотропты А –дискілері,
изотропты J –дискілер ). Әp6ip миофибрилланы
агранулярлы эндоплазматикалық торша –
саркоплазматикалық торшалардың ілмектері бiр –
бipiмeн анастомоз құрып, қоршап жатады. Көршілес
саркомерлер бәріне бірдей ортақ шекаралық
құрылым-Z – сызықтары бар. Бұл –Z- сызығы а-
актинин деген үлкен маңызы бар белокты
фибриллярлы молекулалар торшаларынан құрылған.
Анизатропты А- дискі миозин жіпшелерінен, ал J- дискі
(изотропты) протомиозин діңгегімен қоршалған актин
жіпшесінен құралған. Мембрана J –дискісі арқылы
өтіп, әр бip жіпшелерді бip-бipiмeн байланыстырады.
А-дискісінің ортасында ақшыл келген Н- сызығы бар.
Ал J –дискісінің ортасында күңгірт келген Z- сызығы
бар. Осы сызық өте нәзік мембрана болып табылады,
онын саңылауларынан миофибриллалар тесіп өтеді.
Қанқалық және бірыңғай
салалы бұлшық еттер
Қанқалық бұлшық еттерадам салмағының 40% құрайды. Tipeк –қимыл аппаратының
белсенді бөлігі болып табылады. Олардың жиырылуының нәтижесінде төмендегідей
қызметтер атқарылуы мүмкін:
1. кеңістікте дененің қозғалуы;
2. бip-бipiнe салыстырмалы түрде дене бөлшектерінің қозғалысы;
3. денені бip қалыпта ұстау;
4. қан мен лимфаның жылжуына ықпал ету;
5. жылу өндіру;
6. дем алу және дем шығару актілеріне қатысу;
7. қимылдық белсенділік маңызды антистрессорлық фактор ретінде;
8. бұлшық еттер тұздар мен судың қоры болып табылады;
9. Ішкі мүшелерді (органдарды) сақтап тұрады (кұрсақ мүшелерін);
Бірыңғай салалы бұлшық еттерішкі қуыс мүшелердің қабырғасы болып табылады.
Мысалыға: қуықтың, ішектердің, асқазанның,өт қабының,жатырдың ішіндегі заттар сыртқа
шығарылады немесе жылжып отырылады. Тағы бip өте маңызды қызметтерінің бipi –
сфинктерлік. Осы қызметінің арқасында мысалға қуықтағы зәр, жатырдағы ұрық сақталып
тұрады. Бірыңғай салалы бұлшық еттердің қан-лимфа айналым жүйесінде де үлкен маңызы
бар, олар тамырлардың саңылауларын өзгерте тұрып шеткі қан айналымдағы О 2 мен
қоректік заттарға деген қажеттілікті бейімдеп отырады. Олар сонымен бірге буындар
арасындағы байланыстар ciңip –тарамыстарға да әсерлерін тигізе алады.
Бұлшық еттің
жиырылу механизмі
•Бұлшықеттердің  жиырылуы –оның сакромерлерінің  қысқаруынан туады. 
Сакромерлерінің қысқаруы қалай жүреді? Ол актиндік, миозиндік жіпшелердің
бойымен М- пластинкасына бағытталып қозғалуы арқылы жүреді.
    Ал актиндік жіпшелердің  қозғалуы негізгі миофибрил белоктарының 
– миозиннің, актиннің, тропомиозиннің  және тропониннің өзара әрекеттесуі
нәтижесінде іске асады. Саркомердің қысқаруы АТФ- тың гидролизі және Са²
қатысуымен жүреді. Яғни Са² бұлшықеттердің жиырылуы процесінің
аллостериялық жолмен физиологиялық реттеушісі болып табылады. Нервтік
импульс  м.б. деполяризация → Са² → тропонин → тропоминоз → актин → миозин
→актомиозин → Са² ыдырауы Са² АТФ- аза → эндоплазмалық ретикулум. Нервтік
импульс мембрананың деполяризациясын туғызып Са² эндоплазмалық
ретикулумнан босап шығуына жағдай жасайды. Са² тропонинимен байланысып
оның конформациясын өзгертеді, бұл өзгеріс әрі қарай торпомиозинге және
актинге жетеді. Миозинмен актин әрекеттесіп, АТФ гидролизге ұшырайды. Сонан
соң Са² босайды, тропомиозин актиннің миозинмен байланысуын тежейді. Соның
арқасында бұлшықеттің жиырылуы тоқтап, қайтадан орнына келеді. Са²
цитоплазмадан қайтадан эндоплазмалық ретикулумге енуі АТФ- аза насосы
арқылы іске асады. Ол үшін энергия жұмсалады. 2Са² үшін I молекула АТФ
жұмсалады.
тыныштық кезінде миозиннің бас бөлімі актин жібімен байланыспайды.
Са² актинмен, миозинмен байланысып актомиозин түзеді.
миозиннің бас бөлімі өз бағытын өзгертеді, сонымен аяқ бөліммен бас бөлімнің арасында
бұрыш пайда болады, бұл бұрыш 45° тең.
миозиннің бас бөлімі актинмен байланысқан, оның 45° бұрылуы актиннің де жылжуына
әкеп соқтырады. Актин 75 А° жылжиды.
  Сонымен бұлшықет  жұмыс істегенде АТФ жұмсалады  екен. Ал АТФ-тың бұлшықеттері 
қоры бір секундқа ғана жетеді. Бұлшықет активті түрде бір секундтан көп жұмыс істей
алады, яғни қалған уақыттағы энергияны бұлшықеттер:
       Кератин  → кератин + АТФ кератин фосфаттаналады.      Тыныштық кезіндегі
кератинфосфаттың мөлшері  АТФ- тың мөлшерінен
5 есе артық, сондықтан  тағы да бірнеше секунд бұлшықет 
жұмысына қажет энергияны қамтамасыз  етеді.  Кератинфосфаттың қоры біткен соң ,
энергия қоры болып табылатынын екінші зат: АДФ жұмсалады. Ал АМФ көмірсулардың
катоболизміне қажет ферменттердің, энергия көзі біткен кездегі күшті модуляторы болып
табылады. АТФ гидролизі кезінде түзілетін АДФ тотығып фосфорилденудің, гликолиздің,
Кребс циклдерінің ферменттерінің активтендіруіне мүмкіндік жасайды. Қаңқалық
бұлшықеттер үздіксіз жұмыс істеуге бейімделмеген, олар тек қажет уақытта ғана жұмыс
істейді. Бұлшықеттердегі зат алмасу, осы еттердің жиырылуына қажет АТФ- ты өндіруге
бағытталған. Бұлшықеттер жұмыс істеу активтілігіне  сәйкес глюкоза, май қышқылдары,
кетондық денелер сияқты энергетикалық субстраттарды қолданады, ал жүрек бұлшықеті
бұлармен қоса сүт қышқылын энергия көзі ретінде жұмсайды.
    Тыныштық кезінде  бұлшықеттер жоғары май қышқылдарын, 
кетондық денелерді жұмсайды. Қалыпты  яғни орташа жұмыс істеген 
кезде жоғары май қышқылдарын,  кетондық денелерді, қан глюкозасын жұмсайды. Өте
күшті активті жұмыс істеген кезде жоғары май қышқылдары, кетондық денелер, қан
глюкозасы және бұлшықеттердегі қорлық гликоген жұмсалады.
Бұлшық ет жиырылуының түрлері
Бұлшық ет жиырылуының екі түрін ажыратады – изотоникалық және
изометриялық, және тағы бip түpi бар, ол ауксотониялық.
Изометриялықжиырылу төмендегідей болып сипатталады. Бұл жиырылу
кезінде бұлшық еттің ширығуы арта түседі (күш генерацияланады), бipaқ
оның екі жағы да сүйекке фиксациялануына байланысты, бұлшық ет
қысқара алмайды (бұндай жағдай бұлшық ет ауыр салмақты көтеру кезінде
байқалуы мүмкін). Изотониялықжиырылу кезінде алдымен бұлшық ет
ширығады ауыр жүкті көтере алатындай болып, сосын бұлшық ет
қысқарады, немесе жиырылады, өзінің ұзындығын қысқартады.
Изотониялық жиырылу «таза» изотониялық изометриялық жиырылу «таза»
изометриялық болмауына байланысты «ауксотониялық жиырылу» деген
термин ұсынылады. Бұл сөздің мағынасы аралас жиырылу болып табылады.

Ұқсас жұмыстар
Гимнастика және атлетикалық дайындық
Гимнасшылардың күшін жетілдіру
Гимнасшылардың күшін дамыту бойынша жаттығулар
Фитнес негізгі түрлері
Дене тәрбиесі ерекшеліктері
Негізгі гимнастика
Қарсы көрсеткіштер
Адам ағзасына электр тогымен әсер ету әдістері
Көркем гимнастика
Бұлшық етті финноз бен трихинеллезге зерттеу
Пәндер