Эндокриндік жүйе




Презентация қосу
Эндокриндік жүйе

Мақсот Сандуғаш Бг-11
Эндокриндік жүйе
— ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл
атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу
дегеніміз қанның 
құрамындағы гормондар және минералдық
заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің
реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы
биологиялық белсенді заттарды бөліп
шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған
заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген
гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге
және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың
жұмысына әсер етеді.
Организмде бездерді үш топқа бөледі:
Сыртқы секреция бездері (бауыр,
сілекей, ұйқы және ішек бездері);
Ішкі секреция бездері (гипофиз,
эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы
бездері, тимус, бүйрек үсті бездері);
Аралас секреция бездері (жыныс
бездері, ұйқы безі).
Басты ішкі
секреция бездері
(сол жақта
— еркек, оң
жақта — әйел):
1. Эпифиз 2. Гип
офиз 3. Қалқанш
а
без 4. Тимус 5. Б
үйрек үсті
безі 6.Ұйқы
безі 7. Аналық
без 8. Аталық
без
Эндокриндік жүйенің
қызметі
Ағзаның гуморальды реттелуіне қатысады және
барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін
бақылайды.
Ішкі тұрақтылықты, яғни, гомеостазды қамтамасыз
етеді.
Жүйке және иммундық жүйелермен қосыла отырып:
өсуді;
ағзаның дамуын;
жыныстық жетілуін және репродуктивті қызметін;
энергияны сақтауды бақылап қамтамасыз етеді.
Жүйке жүйесімен бірігіп гормондар:
эмоционалды реакциялардың;
адамның психикалық мансабынның қамтамасыз етілуіне
қатысады.
Гормондар
Гормондар — ішкі секреция безінің қанға бөліп
шығаратын және дененің түрлі әрекетін реттейтін
биологиялық заттар. Әр гормон белгілі бір мүшеге
әсер етеді. Гормондардың барлығы бір-бірімен тығыз
байланыста жұмыс істейді. Гормондар химиялық
құрамына қарай аминдер, нәруыздар, стероидтар
және май қышқылдары болып келеді.
Гормондардың қасиеті:
Гормондар дистантты түрде әсер етеді;
Арнайы әсер;
Био-физиологиялық белсенділік;
Әр түрге арнайшылық;
Тек тірі жасушаларға әсер ету.
Ішкі секреция бездері
Эндокринді бездер (эндокринные железы); (glandula
endocrinae, лат. glandula без, грек, endon — ішкі, krino —
бөлу) — инкреттерін (гормондар)организмнің сұйық ішкі
ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер.
Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады,
шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай
келеді. Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері): орталық
және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді.
Орталық эндокринді бездерге: гипоталамус, гипофиз және
элифиз, ал шеткі эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша
маңы, бүйрекүсті бездері жатады. Бұлардан басқа
организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де
болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және
тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер
гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене
мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу
деңгейін гуморальды реттеуге қатысады.
Гипоталамус-гипофиздік жүйе
Гипоталамус — аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің
қызметін реттейтін орталық. Әдеби тұрғыда айтатын болсақ:
гипоталамус ішкі секреция бездерінің «композиторы». Гипоталамус
пен гипофиз тығыз байланыста жұмыс істеп, Гипоталамус-
гипофиздік жүйені құрайды. Гипоталамус гипофиз безін реттейді,
ал гипофиз ағзадағы барлық басқа бездердің жұмысын реттейді.
Олар нейрогормондар бөліп рефлекстік және гуморальдік реттеуді
жүзеге асырады. Гипоталамус гипофизге әсер
ететін статин (гипофиздың гормон түзуін тежейді)
және либерин (гипофиздің гормон бөлу белсенділігін арттырады)
гормондарын бөледі. Окситоцин және вазопрессин гормондары
гипофиздың артқы бөлігінде жиналады.
Гипофиз — аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең
негізгі жетекші орталығы. Әдеби тұрғыда бұл гормон ішкі секреция
бездерінің «дирижері» болып саналады. Гипофиз - сопақша пішінді,
салмағы 0,5-0,7 г. Гипофиз гормондарының барлығы химиялық
құрамы бойынша пептидті (нәруызды). Гипофиз үш бөліктен тұрады:
алдыңғы, артқы, ортаңғы
Қалқанша без
Қалқанша без — мойынның алдыңғы жағына
орналасқан. Оның салмағы-15-30 г. Ол өзара
байланысты екі бөліктен тұрады. Қалқанша без
қанның құрамындағы йодты сіңіріп,
жинақтайды. Йод бұл без гормондарының құрамына
енеді. Қалқанша бездің тироксин (тетрайодтиронин,
Т4) деп аталады. Сонымен
қатар кальцитонин және трийодтиронин (Т 3).
Тироксин дененің өсу және даму, зат алмасу
(нәруыз, май) әрекеттері мен жүйке жүйесінің
қозуына әсерін тигізеді. Қалқанша без зат алмасуға,
адамның өсуіне, дене салмағына, қимылына және
ой еңбектерінің дамуына әсер етеді.
Қалқанша маңы бездері
Қалқанша маңы бездері — қалқанша бездің
жоғарғы және төменгі жағына жанаса
орналасқан. Без паратгормон бөледі.
Паратгормон - күрделі құрылысты зат. Ол
денедегі кальций мен фосфаттардың
алмасуын, тағамның ішектен қанға тез
сіңірілуін, зәрмен бірге шығарылуын реттейді.
Кальция алмасудың реттелуі паратгормонның
және D дәруменінің қатысуымен болады. D
дәрумені жетіспегенде сүйектің құрамында
кальций азайып, оның қаттылық, мықтылық
қасиеті төмендейді.
Айырша без (тимус)
Айырша без-көптеген бөлікшелерден тұратын
қос без. Төстің ішкі бетінде орналасқан. Тимус
денеде кальций алмасуын реттеуге қатысады.
Сондай-ақ, ол денеде стероидтар, нуклейн
қышқылдары, С витамині алмасуын реттеуге,
иммундық, қорғаныс, бейімделу
әсерленістеріне  қатысады. Айырша безде Т-
лимфоциттер пісіп жетіледі. Айырша без
гормоны-тимозин: Лейкоциттердің фагоциттік
қызметін жақсартады; гормон бөлініп шығуын
үдетеді; иммундық қабілеті бар лимфоциттер
түзілуіне септігін тигізеді.
Бүйрек үсті безі
Саны екеу, салмақтары 6-12 гр. Әрқайсысы қыртысты және милы
қабаттан тұрады. Оның қыртысты қабаты 40-тан астам
кортикостероидтарды түзеді. Физиологиялық қызметіне қарай
кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді: Глюкокортикостероидтар
Минералокортикостероидтар Андрокортикостероидтар
Глюкокортикостероидтар физиологиялық әсері: зат алмасуының
барлық түріне ықпалын тигізеді; қабынуға, аллергияға қарсы тұру
қабілеттерін арттыру, иммунодепрессивтік әсерінің маңызы ерекше.
Минералокортикостероидтар физиологиялық әсері: су-тұз
алмасуына қатысады. Ол альдостерон мен ІІ-
дезоксикортикостеронмен жүзеге асады. Олардың түрлі
сұйықтықтардың осмостық қысымының әсерінен туатын
тамырлардағы қан көлемі мен жасуша ішіндегі және жасушааралық
сұйықтықтардың мөлшерлерін реттеу қабілеттері бар.
Андрокортикостероидтар физиологиялық әсері: Андростерон,
эстрол, прогестерон жыныс гормондарына қарағанда әлсіздеу, бірақ
адам қартайып, жыныс бездерінің қызметі тоқтаған кезде бүйрекүсті
бездері негізгі жыныс гормондарын түзуші ағза болып қалады.
Ұйқы безі
Аралас безге жатады. Сыртқы сөлініс қызметіне
асқорыту сөлін өндіру жатады, ішкі сөлініс қызметін
Лангерганс аралшықтары атқарады. Онда инсулин мен
глюкагон түзіледі. Инсулиннің физиологиялық әсері:
бауырдың гликоген түзу қызметін күшейтеді,
бұлшықеттерде қорының жиналуын арттырады; қант
деңгейін реттеу; көмірсулардың майға айналуына әсер
етеді; гликонеогенезді тежейді. Инсулин гормоны
жетіспегенде қант диабеті ауруы туындайды. Глюкагон
қандағы қанттың мөлшерін көбейтіп, бауырда
гликогеннің ыдырауын күшейтеді. Оның
гипергликемиялық адреналинге ұқсас, ал инсулинге
қарама-қарсы. Бұл гормонның физиологиялық маңызы
әлі онша анықталған жоқ, бірақ қанда түрлі әсерге
байланысты инсулин көбейгенде глюкогонның да
мөлшері артып гипогликемияға жол берілмейді.
Жыныс бездері
Аралас бездерге жатады. Олардың сыртқы сөліністік қызметі-жыныс
жасушаларын жасау және шығару. Еркек организмде сперматозоидтар, ал
әйел организмінде жұмыртқа жасушалары пісіп жетіледі. Жыныс бездерінің
негізгі қызметтерінің бірі-көбею немесе репродуктивтік қыметі. Сонымен қатар,
эндокринді қызмет атқарады. Зат алмасу, көбею жыныс белгілерін
ажыратуынан бастап, ұрықтың пайда болып, дамып, тууына дейінгі көптеген
үрдістерді реттейтін жыныс гормондарын шығарады. Еркек жыныс гормонын-
тестостерон, аналық жыныс гормонын-эстроген дейді.
Осы кезде белгілі ішкі сөлініс бездеріне жатпайтын тіндердің тіндік не
арагормон деп аталатын көптеген гормон және гормон тәрізді заттарды
бөлетіні айқын. Бұлардың ішінде гастроинтестиналды гормондар жақсы
зерттелген. Бұл гормондардың көпвалентті әрі арнаулы әсері бар екендігі
дәлелденген. Ішінде практикалық жағынан ең көп қызықтыратындары:
паротин және 12-елі ішек жасап шығаратын гормондар.
Паротиннің қандағы кальцийдің деңгейін төмендетіп, сүйек пен тістердің
өсуіне және олардағы Са2+ мөлшерінің азаюына көмектесетіні дәлелденген.
Эндокринді жүйенің бұзылуынан пардонтоз ауруы туады, сонымен қатар, тірек-
қимыл аппаратының кейбір зақымданулары да туады. Секретиннің әсері кең
түрде зерттелген. Ұйқы безінің сөл бөлінуіне әсерінен басқа, бұл гормонның
асқазан бездерінің гастрин арқылы тұз қышқылын жасап шығаруын тежеп,
қарында қорытылған тамақтың ілгері қарай жылжуына бөгет келтіретіні
дәлелденген. Оның көп дозасы инсулин бөлінуін күшейтеді. 12елі ішектен
сонымен қатар, энергия алмасуын күшейтетін диэнтерин, тәбетті реттейтін
арэнтерин дейтін гормондық заттар бөлінеді.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
БЕЗДЕРДІҢ НЕРВ ЖҮЙЕСІМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Эндокриндік жүйе ауруларының дамуы
ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ АУРУЛАРЫ БАР ПАЦИЕНТТЕРДІ ТЕКСЕРУ
Бүйрек үсті безі
Қалқанша без эндокринді жасушалары
Қалқанша без функциясы
Қалқанша маңы бездері
Ішкі секреция бездері
Диффузды эндокриндік жүйе
Инсулинді енгізу
Пәндер