Компьютерлік желі. Операциялық жүйелер




1) Кіріспе
2) Негізгі бөлім
3) Қорытыңды
4) Пайдаланылған әдебиеттер

Компьютердің жүйелік блогындa ішкі, сыртқы құрылғылармен байланыс жасауға арналған арнайы тapaқшa қосқъш түріндегі порттары бар. Олар тізбекті және параллель қосылатын бoлып екіге бөлінеді. Осы порттар арқылы әр түрлі құрылғылар арасында ақпараттарды тасымалдауға (жіберуге және қабылдауға) болады. Егер екі немесе бірнеше компьютерді порттары арқылы байланыстыратын болсақ, бұл компьютерлердің арасында ақпарат алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желі құрады.

Компьютерлік желі дегеніміз- ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тiзбeгі. Желі жұмыс жасау үшін арнайы аппараттық және программалық жабдықтар болуы қажет. Желі арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады.

Желі құрамындағы негізгі элементтер: Компьютерлер: (ПК; ноутбуктер; мэйнфреймдер) . Коммуникациялық жабдықтар: (коммутаторлар; маршрутизаторлар; байланыс арналары) . Операциялық жүйелер: (Windows; Novell NetWare; Unix) . Желі қосымшалары: (желілік принтер; желілік диск; мәліметтер базасы) .

Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді
Ең шағын желілер (локальді) жергілікті деп аталады да бірнеше компьютерді біріктіру үшін қолданылады. Мұндай желілер ортақ ресурстарды (дискжетек, принтер, сканер және басқа қымбат құрылғылар) тиімді пайдалану мaқcaтында құрылады.
Көптеген жергілікті желілердің қосылуы желі аралық бірлестік тудырады және аймақтық желілерді құрады. Мұндай желілер бір бірінен алшақ орналасқан қолданушыларды байланыстырады.
Жергілікті
Ауқымды

PAN (Personal Area Network) - персоналды желі, бір иегерге тиісілі түрлі құрылғылардың өзара әрекеттесуі үшін қажет.
LAN (Local Area Network) - жергілікті желі, қызмет көрсетушілеріне шығуына дейін тұйық инфрақұрылымы болады. «LAN» термині кішкене офистік желіні де, жүздеген гектар аймақты алатын үлкен зауыт деңгейіндегі желіні анықтай алады. Шетелдік негіздерде тіпті жуықталған бағалау береді - радиусы алты милге жуық (10 км) болатын желілер. Жергілікті желілер жабық типті желілер болып табылады, бұл желіде өздерінің кәсібіне байланысты жұмыс істейтін, тек қолданушылардың шектелген тобы ғана рұқсатты ала алады.
CAN (Campus Area Network - кампустық желі) - жақын орналасқан ғимараттардың жергілікті желілерін біріктіреді.
MAN (Metropolitan Area Network) - бір немесе бірнеше қала шегіндегі мекемелер арасындағы қалалық желілер, көптеген жергілікті есептеуіш желілерді байланыстырады.
WAN (Wide Area Network) - глобалды желі, үлкен географиялық аймақтарды алатын, ішіне жергілікті желілермен қоса, телекоммуникациондық желілер мен құрылғылар да кіреді. WAN мысалы - пакеттер коммутациясы бар желілер (Frame relay), олар арқылы түрлі компьютерлік желілер өзара "сөйлесе" алады. Глобалды желілер ашық және барлық қолданушыларға қызмет көрсетуге бағытталған болып табылады.

Жергілікті есептеуіш желілер - саны шектеулі (әдетте 100-ге дейін) компьютерлерді бір ұйым немесе мекеме ішінде біріктіру үшін қолданылады. Жергілікті есептеуіш желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте т. б компьютерлерді біріктіреді. Мекемелердегі жергілікті желі әртүрлі бөлімдер мен қызметкерлер арасында тығыз ақпараттық технологиялық байланыс орнату үшін құрылады. Жергілікті желі құрудағы себеп -. өндірістік процестерді автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу. Ірі мекемелерде автоматтандырылған жұмыс орындары, өлшеу кешендері мен басқару бөлімдерінен тұратын автоматтандырылған басқару жүйелері жұмыс істейді.


Жергілікті желі топологиясы.
Жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады.
Ең қарапайым топология түрі - шина. Мұндай желіде барлық компьютерлер тізбекті түрде бір кабельге жалғанады. Шиналы топологияның пайдалы жағы, біріншіден, бір не бірнеше компьютердің істен шығуы желінің жұмысына кедергі жасамайды, екіншіден, желілердің ішіндегі ең арзаны. Мұнда барлық компьютерлер біршенді.
Сақина топологиясы деп аталатын желі байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түрінде кабельге жалғанады. Мұндай желі өте ыңғайсыз бір компьютердің бүлінуі бүкіл желінің істен шығуына әкеледі. Бұл желіде де компьютерлер бір шенді.
Жұмыс тобы деп аталатын компьютерлердің әрқайсысы тікелей бір компьютерге жалғанған желі топологиясын жұлдыз деп атайды
Желіге қосылған балық абоненттердің қорын бірлесіп пайдалануға арналған орталық компьютер файлдық сервер намесе жай ғана сервер деп аталады. Жұмыс тобы компьютерлерінің бірі не бірнешеуінің істен шығуы желінің жұмысына кедергі келтірмейді. Осы желі қазіргі кезде қолданылатын желілер негізі болып табылады.
Бірнеше жұмыс тобы серверлерінің орталық серверге қосылуы арқылы құрылған желіні ақшақарлы топология деп атайды.

ТОПОЛОГИЯ (БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛІ) БОЙЫНША ЖЕЛІЛЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ:

Көптеген жергілікті желілердің қосылуы желі аралық бірлестік тудырады және аймақтық желілерді құрады. Мұндайт желілер бір бірінен алшақ орналасқан қолданушыларды байланыстырады. Аймақтық желіге мысал ретінде үлкен қала ішіндегі, экономиялық аймақтағы, жеке мемлекеттегі желілерді келтіруге болады.
Көптеген аймақтық желілердің қосылуынан ауқымды желі пайда болады.
Бір немесе бірнеше желілерді бір-бірімен өзара байланыстыру желіаралық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Аyқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жер шарын қамтуы мүмкін. Әр саладағы желілер әр түрлі хаттамамен жұмыс істеуі мүмкін.

Интернет (оқылуы [интэрнэ́т] ; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі. Интернет. Екі немесе одан да көп желілерді байланыстыру кезінде желіаралық байланыс құрылады. Қазіргі кезде бүкіл әлемде жүз мыңдаған үлкен және кіші желілер жұмыс істейді. Олардың көпшілігі бір-бірімен байланыстырылған. Осылайша біртіндеп өзара байланыстырылған миллиондаған компьютерлерден құралған ақпараттық өріс құрылды. Осы біртұтас ақпараттық кеңістікті Интернет деп атайды. Интернеттің ең қарапайым анықтамасы желілердің желісі деп аталады, яғни ең әйгілі ауқымды есептегіш желі.

Интернетке модем арқылы шығу


Интернетке ауданды жергілікті желі арқылы шығу

Тарихи анықтама
Америка құрама штатының қорғаныс министiрлiгiнiң болашаққа
жоспар құру агенттiгi (DARPA) - тұңғыш
компьютерлiк желiлердi ойлап тапқан және сол себептен
ARPAnet деген атқа ие болы.
29 қазан 1969 жыл желiнiң туған күнi деп саналды.
Төрт түйiннен тұратын ARPAnet-тiң
құжаттық сызбасы
SRI - Стенфорд университетiнiң Зерттеу орталығы
UCLA - Лос-Анжелестегi Калифорния унверситетi
UCSB - Cанта Барбарадағы Колифорния университетi
UTAN - Юта штатының университетi

Дүние жүзілік ақпараттық желі (WWW) - ол Әр түрлі серверлерде гипертекст пен графиктік құжаттарды тауып, пайдалануға мүмкіндік беретін қызмет. Интернеттің физикалық құрылымын әр түрлі типтегі компьютерлер құрайды. Олардың ішіндегі тұрақты қосылғандары мен желінің басқа бөліктерімен өзара ақпарат алмасуға қатысушыларын серверлер деп атайды. Барлық серверлердің npограммалық жабдықтары бір-біріне сәйкес келмегенімен олардың барлығы TCP/IP стандартты хаттамасы қолданады.
Протокол - желімен байланысуға компьютерлерді пайдалану ережелерінің жиынтығы. Компьютерлердің ақпаратты Internet арқылы жіберуде қолданатын стандарт Internet (IP) протоколы. Деректерді басқару (ТСР) протоколы деректерде информация түрін анықтайтын стандартты колданады. ТСР/ІР протоколы бір-бірімен байланысқан қомпьютерлердің қатынасу тілін анықтауға мүмкіндік береді.

Internetке компьютерлерді тізбектелген байланыс каналы арқылы тез және тұрақты қосуға түйін аралық байланыс (PPP) хаттамасы мүмкіндік береді, сонымен қатар ақпарат пакеттерінің желі арқылы жіберілуіне және қабылдаушыға жетуіне жауапты.
TCP/IP хаттамасына сәйкес ақпараттық өрісте айналыста жүретін барлық деректер блоктарға бөлініп, дестелерге салынады. Әрбір десте оған салынған деректен басқа ұзындығы 20 байт тақырыптан тұрады. Бұл тақырыпта жөнелтуші мен қабылдап алушының адресі, жіберілген орында дестелерді жинақтауға қажетті ақпараттар жазылады. Бұл дестелер бір серверден келесі серверге жіберіліп, біртіндеп тиісті адреске жеткізіледі. Егер десте сәтсіз жөнелтілсе, жөнелту қайталанады. Бір хабардың әр түрлі дестесі әр түрлі жолмен өтіп келеді, бірақ ең соңында барлығы жинақталып, бір құжат құрайды.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz