Листериялар. Листериялардың морфологиясы, физиологиясы, антигендері. Лабораториялық диагностика. Алдын алу және емдеу


Slide 1

Тақырыбы: Листериялар. Листериялардың морфологиясы, физиологиясы, антигендері. Лабораториялық диагностика. Алдын алу және емдеу

Slide 2

Жоспар

Листериозға сипаттама

Таксономиясы, морфологиясы, дақылдандыруы

Ферменттік белсенділігі, антигендік қасиеті, патогенділік факторлары

Эпидемиологиясы, патогенезі

Емдеуі және профилактикасы

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3 Slide 4 Slide 5

Листериоз -Listeria monocytogenes қоздыратын, фекальды-оральды жолмен берілетін, клиникалық көрінісі полиморфизммен ерекшеленетін жұқпалы ауру, оның ішінде менингиттік, сепсистік және жүктілерде ұрықты зақымдайтын түрлері жиі кездеседі. Листериоз қоздырғышын М. Хапфес 1911 жылы ашқан.

Slide 6

Таксономиясы

Тұқымдастығы: Lactobacillaceae

Туыстастығы: Listeria

Түрлері : L. innocua, L. monocytogenes, L. welshimeri, L. iwanovii, L. rayi, L. murrayi.

Listeria туыстастығына бактерияның 6 түрі кіреді.

Адамдар мен жануарларға тек қана L. monocytogenes(16 серовары бар) патогенді, ал L. iwanovii жануарларға патогенді.

Slide 7

Морфологиясы

L. Monocytogenes -қысқа, аздап иілген, грам оң, полиморфты, қозғалмалы таяқша. Жағындыда бір-біріне қатарласып немесе бұрыш құрып жиі орналасады. Талшықтары және капсуласы бар, спора түзбейді.

Slide 8 Slide 9

Дақылдандыру

Листериоз қоздырғышы -факультативті анаэроб, кеңінен қолданатын қоректік орталарда сілтілі жағдайда және 37С температурада өседі (бірақ нашар өседі) . Қан қосылған қоректік ортада жақсы өседі -ұсақ, жартылай мөлдір, нәзік гемолиз аймағы бар колониялар түзеді. Кейбір штамдары сары немесе қызыл пигмент түзеді. Микроаэрофильдер болғандықтан 5-10% CO2 бар атмосферада жақсы дамиды.

Slide 10 Slide 11

Ферменттік белсенділігі

Биохимиялық белсенділігі төмен

-Глюкозаны қышқылға дейін ыдыратуы мүмкін;

-Индол, күкіртті сутек бөлмейді;

-желатинді ыдыратпайды;

-каталаза түзеді.

Slide 12

Антигендік қасиеті

Листериялар 16 серологиялық варианттардан тұрады, оның ішінде 15 соматикалық О антигенге және 5 флагеллярлық Н антигенге ие.

Slide 13

Патогенділік факторлары

Эндотоксин түзеді. Эндотоксиннің гемолитикалық және лецитовителлазалық белсенділігі бар, моноциттерді ынталандырушы қасиетке ие. Патогенді листерияларда биологиялық белсенді молекулалар мен ақуыздар жиынтығы кездеседі(листериолизин О, фосфолипаза С, лецитиназа, интерналин, ActA және PrfA ақуыздары) .

Slide 14

Эпидемиологиясы

Листериоз сапронозды инфекцияларға жатады, сыртқы қоршаған орта негізгі тіршілік ететін орны. Листериялар сүр шөпте және басқа малазықтық өсімдіктерде анықталған.

Slide 15

Таралу жолдары

Алиментарлы

Ет, сүт, сыр, көкөністі қолданғанда. Сонымен қатар, су, қарым-қатынас (ауру жануарды күткенде жұқтырады) арқылы таралуы мүмкін. Ауа-шаң арқылы жұғуы -жануарлардың жүнін, терісін өңдеген кезде болады.

Slide 16

Инфекция көзі

Slide 17

Көп жағдайда инфекция бірен-саран кездесіп отырады. Листериоз жүкті әйелдерге өте қауіпті, себебі, олардың иммундық статусы төмен

20-30

Листериозбен ауыратындар жүкті әйелдер. Инфекция трансплацентарлық жолмен ұрыққа беріледі, соның нәтижесінде мерзімнен бұрын немесе ұрық өлі туады, туған соң ақаулар дамуынан қайтыс болады. Тасымалдаушылық болу мүмкін, ұзақтығы анықталмаған.

Slide 18

Листериоз жүкті әйелдерге өте қауіпті

Егер жүкті әйелдердің анамнезінде келесідей аурулар болатын болса, жедел листериоздың диагностикасына жіберу керек:

Қайталама ангина;

Грипптәрізді аурулар;

Кардиологиялық мәселелер;

Рецидивті конъюнктивит;

Аборт;

листериоз

Кіші жамбас мүшелерінің қабынулық аурулары;

Зәр шығару жолдарының рецидивті аурулары

Өлі туылған ұрық

Slide 19

Клиникасы

Жасырын кезені 3 аптадан - 70 күнге дейін.

ОЖЖ зақымдалуы ( менингиттер, энцефалиттер, мидың абсцессі, психоздар), кей кезде баспа, сепсис, сүзек түрінде өтеді. Ағымы бойынша жедел, жедел асты және созылмалы.

Slide 20

Патогенезі

Листериоз көбінесе әлсіреген иммундық статус негізінде дамиды. Жүктілер ЖИТС-пен ауыратын немесе АИВ-жұқтырылғандар арасында және де басқа да иммундық патологиясы бар науқастарда жиі кездеседі. Эпителиялық және эндотелиялық жасушалардың зақымдануы салдарынан бактериемия, бауыр, көкбауыр, лимфа түйіндерінің, жүйке жүйесінің зақымдалуы байқалады.

Slide 21

Патогенезі

Ішкі ағзаларда зақымдалған жасушаларда түйіншектер -листериомалар түзіліп, келесі кезеңінде листериомалардың некрозы мен ағзалардың дистрофиясы дамиды. Бұл созылмалы түрлердің дамуына әкеледі.

Slide 22

Ену қақпасы

Инфекцияның ену қақпасы -көбінесе ас қорыту, тыныс алу жолдарының шырышты қабығы, жарақаттанған тері болады. Листериялар ыдырағанда ағзада интоксикация туғызатын эндотоксин бөледі. Фагоциттердің зақымдалуы нәтижесінде иммундытапшылық жағдайы асқынады.

Slide 23

Емдеуі

Антибиотиктер тағайындалады. 2-6 апта бойында ампициллин мен гентамицинді клиникалық көріністеріне қарап тағайындайды.

Slide 24

Диагностика

Зерттеу әдістері:

Бактериологиялық

Серологиялық

Аллергиялық

ПТР

Жеделдетілген әдіс

ИФР

Калина модификациясы бойынша грамша бояу

Slide 25

Серологиялық әдістер: КБР, қос сарысумен қойылатын жанама гемагглютинациялық реакция, ИФТ және листериозды диагностикуммен қойылатын АР (динамикалық түрде) жүргізіледі. Молекулалық-генетикалық әдіс: ПТР

Slide 26

Профилактика

Арнайы профилактикасы жоқ. Бейспецификалық сақтандыру жүргізіледі. Инфекция ошағында жануарлардың еті мен сүтін тек жоғарғы температурамен өңдеуден кейін ғана пайдаланады. Жүкті әйелдерде жануарлармен қатынасты болдырмау.

Slide 27

Пайдаланылған әдебиеттер

Медициналық микробиология Б. А. Рамазанова,

https://ru. wikipedia. org/wiki/%D0%9B%D0%B8%D1%81%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B8%D0%B8


Ұқсас жұмыстар
Листериялар. Морфологиясы, физиологиясы, антигендері Экологиясы. Балалар патологиясында алатын орны. Иммунитеті. Лабораторлық диагностикасы. Профилактикасы мен емі
Тырыс қақтың микробиологиялық диагностикасы. Тырысқақ вибрионы. Кампилобактериялар Геликобактерияла
Энтеробактериалар-ішкі инфекциялардың қоздырғыштары (эшерихиялар, сальмонеллалар, шигеллалар)
Бруцелез ауруы жайлы жалпы мағлұмат
Клебсиеллалар туралы түсінік
Сорғыштар - адам паразиттері
Листериоз ауруы
Антигендер жалпы сипаттамасы Эритроциттер антигендері
Қызылша вирусы
Вирусты гепатиттердің қоздырғыштары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz