Медициналық микробиологияның медицина прогресіне маңызы. Микробиология, вирусология, иммуноголияның мақсаттары мен міндеттері



Тақырыбы: Медициналық микробиологияның медицина прогресіне маңызы. Микробиология, вирусология, иммуноголияның мақсаттары мен міндеттері. Осы пәндердің дәрігердің тәрбиесіне маңызы.

I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім:
а) Медициналық микробиологияның ғылым
ретінде қалыптасуы.
б) Вирусология және иммунология міндеттері.
в) Медициналық микробиология пәнін
оқытудың дәрігер практикасындағы маңызы.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиет.

Әлем жеке бөлек ғылымдардың қарқынды даму кезеңін, соның ішінде медицинаның бір орында тұрмай дамуын бастап кешуде. Қазіргі кезде молекулярлы биология негізін, генетикалық инженерия, микробиология, иммунология және биотехнология білімін білместен мықты дәрігер немесе басқада медицина қызметкері болу мүмкін емес.

Микробиология
Микробиология (mikros - ұсақ, bios - тіршілік, logos - ғылым, ілім) ұсақ көзге көрінбейтін микробтар немесе микроорганизм атауы берілген ағзаларды, олардың тіршілік үшін, он және кері әсерлерін зерттеп оқытатын ғылым.

Микробиологияның негізгі зерттеу объектісі “микроағзалар” түгелдей дерлік, мәселен:ауада, топырақта, тағамда, суда, бізді қоршаған барлық заттарда, адам организмінің ішкі және сыртқы беттерінде, өсімдік және жануарлар әлемінде де кездеседі.

Медициналық микробиология адамда ауру қоздыратын микроорганизмдерді, олардың организммен қарым-қатынасын зерттейді, жұқпалы ауруларды емдеу мен олардан алдын ала сақтандырудың лабораториялық диагностикасы және арнаулы әдістерін жасауды карастырады.

Микробиология арқылы жұқпалы аурулардың көздерін жоямыз, яғни жұқпалы аурулардын этиологиясын табу. Жаңа вакцинацияларды және қан сары суларды шығару және зертханалық диагностикаларды жақсарту. Медициналық микробиология инфекциялық аурулар қоздырғыштарының биологиялық қасиеттерін, патогендік факторларын, олардың жасушалық және молекулярлы-генетикалық деңгейде іске асырылуының механизімін зерттеп және де болашақтағы диагностика, емдеу және алдын алу тәсілдерін жетілдіреді
Микробиология ғылымы жетістіктерге жете берсе жер бетінде түрлі аурулардын алдын алуға мүмкін. Бұл ғылым өз алдында микроорганизмдерді зерттегеннен, біздін болашақ дәрігер болуымызға да көп септігін тигізеді.

Микроорганизмдер XVIIIғасырдың аяғында ашыла бастаған, ал XIX ғасырдың басында ғылым ретінде қалыптасты. Микробиология негізін қалаушысы француз ғалымы химигі және микробиологы
Луй Пастер(1822-1895) еңбектерімен байланысты

Медициналық микробиологияның жетістіктерінің бірі орыс ғалымы, биолог, патолог, иммунолог және бактериолог Илья Ильич Мечников(1845-1916) еңбектерімен байланыстырады.
- Иммунология, фагоцитоз теориясын және эволюциялық эмбиологияның негізін қалаушысы - Антиденелердің пайда болу себептерін - Орыс бактериология мектебінің негізін қалаушысы - 1908 жылы гуморальды иммунитет туралы ғылымның негізін қалаған үшін Пауль Эрлих пен Илья Ильич Мечников Нобель сыйлығын ие болған

Медициналық микробиология прогрессі XIX ғасырдың аяғындағы неміс ғалымы Роберт Кох (1843-1910) пен байланысты 1882 жылы наурызда Берлиндік физиологиялық ұйымда сол уақытта етек алып көп адамдардың өліміне себепші болған туберкулез қоздырғышын тапқанын жариялап микроскопта көрсеткен, соның құрметіне Кох таяқшасы деп атаған. Бір жылдан соң Египетте холлера эпидемиясы кезінде холлера эмбрионын ашқан және т. с. с медицинаға көптеген үлестерін қосқан ғалым

Вирусология - вирустарды зерттейтін бологияның бір саласы (латыншадан аударғанда virus-у) деген мағына береді.
Медицинада вирустармен тудырылатын дерттер көп. Соған байланысты әр заманның өзінің вирусы бар, бізде ол “20-шы ғасыр чумасы” ВИЧ - жұқпасы.
Осы ғылымды дамыту арқылы біз көптеген дерттердің алдын алуымызға болады.

Жалпы Вирусология - молекулярлы вирусологиядан бастау алады. Ол морфологиясын физиологиясын патогенді түрлерін және эволюциялық дамуын зерттейтін сала.
Микробиология, вирусология және иммунологияның негізгі міндеттері:
Микроорганизмдердің биохимиялық құрамын зерттеу
Жұқпалы ауруларды анықтап, талдау.
Вирустық инфекцияларды микроскопиялық әдіспен зерттеу және диагностикалау
Микробиологияның профилактика және клиникалық медицинада маңызын танып білу.

Иммунитет жалпыбиологиялық және жалпымедициналық ілім болғандықтан оның ағзадағы құрылысын, атқаратын ісін, иммунитетті іске асыратын механизмін арнаулы ілім тарабы иммунология зерттейді.

Иммунологияға келетін болсақ: Иммунитет терминінің (лат. Immunitas- бір нәрседен арылу т. с. с) түп астарында ағзаның инфекциялық және инфекциялық емес агенттерге сезімтал болмауы, яғни генетикалық гетерогендігі бар.

Иммунологияның даму тарихы. Ерте заманнан бері ауырған адам сауыққаннан кейін қайталап ауырмайтыны байқалған еді. Әр ғасырда әр оқымыстының бұл көрініске өз пікірінше түсінік берген. Гиппократ “АҒЗАНЫҢ ТАБИҒАТЫ”, ” НЕ ЕМДЕУ КҮШІ”, Гален - “өмірлік күш”, Парацельс - “емдейтін күш” деп түсіндірген. “Иммунитет” деген термин медициналық әдебиетке XIX ғасырдың соңына таман кіре бастап, Литгре француз сөздігіне 1869 жылдары нақтылы қосылған.

Иммунологияның қалыптасу тарихы кезінде ең көп көңілді оның қолданбалы бөліміне бағыттаған, яғни инфекциялық ауруларды алдын алумен емдеу үшін вакцина мен иммуноглабулиндерді, сонымен қатар иммундік әдісті осы ауруларды диагностикалау және сыртқы орта қоздырғыштарын индикациялау үшін құрастырылып, қолданылуда.

Иммунология медицина саласындағы өте маңызды мәселелерді(аурудың алдын алу, диагнозын қою, емдеу) шешеді. Кейінгі уақытта иммунологияда клиникалық және экологиялық бағыттар орын алды.

Медициналық микробиология, вирусология және иммунологияның ең қажетті мақсаты болып- адамның әртүрлі ауруларының этиологиясы мен потогенезіндегі потогенді агенттерінің бөлек түрлерінің рөлін қарастыру,
сонымен қатар туа біткен және қалыптасқан иммунитеттің құрылу механизімін, химиотерапевтикалық заттың және спецификалық әдістер арқылы инфекциялық аурулардың алдын алуын және емделуінің әдістерін құрастыру, яғни экспресс-әдіс.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz