Тарихи қайраткерлер. Билер


Slide 1

А. С. Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясы Шымкент қаласы

Қазақ тілі пән мұғалімі

Сейданова Рита Садуахасқызы

Slide 2

«Тарихи қайраткерлер. Билер. »

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сөзжұмбақты шешу.

2. Өткен материалды тексеру:

а) Лексикалық тапсырма.

ә) Грамматикалық тапсырма.

3. Ой қозғау.

4. Сөздікпен жұмыс.

5. Жаңа сабақты түсіндіру.

6. Бекіту:

а) Топтастыру стратегиясы.

ә) Салыстыру

б) «Аталардан қалған асыл сөз»

в) Тест. «Өз-өздеріңді тексеріңдер»

7. Қорытынды.

8. Үйге тапсырма беру.

Slide 3

Сөзжұмбақ

1. Өзім сөзден тұрамын, біткен ойды құрамын.

2. Тиянақтап жинақтап, бір ғана ойды түземін, қатынасын адамның бірден қорытып беремін.

3. Өзім сөзден тұрамын, ортаға алып үтірді, бірнеше сөйлем құрамын.

Slide 4

Тапсырма № 1. Сөйлемді толықтырыңыз

1. Қазақ халқының ең жоғарғы билеушісі (кім?) …… . . . болған.

2. Ханнан кейінгі билік (кімдерде?) . . . болған.

3. Сұлтандар деп (кімдерді?) . . .

. . . атаған.

4. Сұлтандар (неге?) . . . сайланатын болған.

5. (Кімдер?) . . . сұлтандарды соттай алмайтын еді.

6. Әрбір сұлтан (нені?) . . . басқарған.

Slide 5

Тапсырма № 2. Сәйкестігін табыңыз.

1. Ыңғайлас сондықтан, себебі, өйткені, неге десе

2. Қарсылықты не, немесе, я, яғни, әлде, бірде

3. Себеп-салдар біресе, кейде, бірде

4. Талғаулы бірақ, алайда, дегенмен

5. Кезектес сонша

:

6. Түсіндірмелі да, де, та, те, және, әрі

Slide 6

Тыныс белгілерін дұрыс қойыңыздар, сызбасын сызыңыздар.

1. Дауды ақыл жеңеді жауды батыл жеңеді.

2. Көп жасаған білмейді көпті көрген біледі.

3. Біліп айтқан сөзге құн жетпейді.

4. Бірлігі жоқ ел тозады бірлігі күшті ел озады.

Slide 7

Сөздікпен жұмыс

дүниеге келу- рождение

дүние салу- умереть

тәлім алу- воспитываться

әділ- честный

шешен- оратор

ағайын -туыс - родственники

төбе би- главный би

майталман- красноречивый оратор

тұсында- при, во время

ірі тұлға- крупная личность

ықпал- влияние

парасатты- здравомыслящий

әділқазы- справедливый судья

қоғам қайраткері - общественный деятель

кесене- мавзолей

аталы сөз- мудрые слова

басын біріктіру- объединить

кеңесші- советник

көмекші- помощник

Slide 8

Төле би

Төле би шамамен 1663 жылы Жамбыл облысы, Шу өзені, Жайсаң жайлауында дүниеге келіп, 1756 жылы қазіргі Шымкент облысы Ленгір ауданы (1991 жылдан бері Төле би ауданы) Ақбұрхан деген жерде тоқсан жасында дүние салған. Төле бидің әкесі Әлібек те билік айтып, әділдігімен аты шыққан адам болыпты. Төле би оқыған, сауатты, жастайынан халқының ақындық, шешендік өнерінен тәлім алған. Ол 15-20 жасынан-ақ билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен көзге түсіп, елге танылған. Төле бидің ел-жұрт, ағайын-туыс, алыс-жақынға қадір-қасиеті хан, сұлтандардан да жоғары болған.

Slide 9

Қаз дауысты Қазыбек би

Қазыбек би (1667-1764) - Орта жүздің “Төбе биі” атанған, шешендік сөздің майталманы, Тәуке ханның тұсында “Жеті Жарғы” әдет-ғұрып заң жинағын жасаушылардың бірі, еліміздің тарихынан мәңгілік орын алған ірі тұлға.

Қазыбек бидің беделі мен ықпалын қазақ хандары ғана емес, оның парасатты елші, дипломат екенін бағалап, 1761 жылы Қытай империясының елшілігі, 1762 жылы орыс мемлекеті әкімшілігінің өкілдері оған арнайы келіп қайтқан.

Қаз дауысты Қазыбек би - ең алдымен, асқан шешен, ақын; екіншіден, ел басқарған, дау-жанжалды әділ шешкен әділ қазы; үшіншіден, ол - халықаралық дәрежедегі елші-дипломат, қоғам қайраткері.

Қазыбек би 1667 жылы туып, шамамен 1764 жылы 97 жасында дүние салса керек. Қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың денесі Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленген.

Slide 10

Әйтеке би

Әйтеке Байбекұлы (1644-1700) - артына аталы сөз қалдырған шешен билердің бірі. Қазақ халқының басын біріктіріп, бір орталықтан басқарған және туысқан қарақалпақ, қырғыз халықтарымен одақ құрып, жоңғар қалмақтарына қарсы бірыңғай халық майданын ашқан, Тәуке ханның кеңесшісі, көмекшілерінің бірі болған. Сонымен, Әйтеке би - шешендігімен бірге кезінде ел басқарған, заң жобасын жасаған, феодалдық қазақ мемлекетін құруға ат салысып, үлкен үлес қосқан қоғам қайраткері.

Slide 11

ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР

ІІІ деңгей. Әр мәтінге екі сұрақтан құрастырыңдар.

ІІ деңгей. “Төле би” мәтінінен құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңдар.

І деңгей. Үш бидің ерекшеліктері мен ұқсастықтары туралы әңгімелеңдер.

Slide 12

Ұлы жүздің төбе биі Орта жүздің төбе биі Кіші жүздің төбе биі

Төле би Қаз дауысты Қазыбек би Әйтеке би

Атақты шешендер

Мемлекет және қоғам қайраткерлері

Тәуке ханның кеңесшілері

«Жеті жарғы» әдет-ғұрып заң жинағын шығаруға үлес қосқан билер

Ұлт тәуелсіздігі мен бостандығын, татулық пен бірлігін насихаттаушылар

Slide 13

Салыстыру

ЖЕТІ ЖАРҒЫ - жеті тараудан тұратын негізгі заңдар жиынтығы.

1. Жер дауы. Жерді халықтың келісімінсіз басқа біреуге сатуға болмайды.

2. Құқық ережелері. Ата-ананы сыйлау, бала тәрбиесі туралы.

3. Ұрлық, қылмыс жөнінде.

4. Ел бірлігін сақтау, Отанды қорғау туралы.

5. Ел мен ел, халық пен халық, ру мен ру арасындағы даулар.

6. Құн дауы. Құн төлеулер “қанға қан” немесе “қанды кек” сияқты қатыгездіктерді жұмсарту.

7. Құн мен жесір дауы.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ

1-бап Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

7-бап Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл- қазақ тілі.

24-бап. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар.

27-бап. Неке мен отбасы, ана, әке, және бала мемлекеттің қорғауында болады.

36-бап. Қазақстан Республикасын қорғау- оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

Slide 14

Аталардан қалған асыл сөз

БІЗ - ЕЛДІҢ ТУЫМЫЗ

Әйтеке би бірде Қаз дауысты Қазыбек биге келіп сәлем береді. Бұл Әйтекенің әлі жастау кезі болса керек.


Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының жыраулар кезеңі
Этносаралық келісім туралы ақпарат
БАТЫРЛАР ЖӘНЕ БИЛЕР ИНСТИТУТЫ
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының саяси жағдайы
Жаза түрлері
Кеңестік тоталитарлық қоғам тұсындағы ұлт мүддесінің аяқ асты болған тұсарын ақиқатты тұрғыда зерттеп, парасатпен зерделеу тарихшылардың басты парызы
Тәуке ханның хан тағына отыруы
1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
Тауке ханның басқару кезінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz