Тұздар. Құрамы және химиялық қасиеттері




Презентация қосу
Атырау қаласы.
Индер ауданы
Есбол селосы
Кулагино ұлттық гимназиясы
ІІ санатты химия пәнінің мұғалімі

Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға тұздардың құрамы
туралы мағұлмат бере отырып,
зертханалық жұмыстар арқылы
негізгі ұғымдарды қалыптастыру.
дамытушылық: оқушылардың белсенділігін
арттыру, ойлау қабілетін,
шапшаңдығын дамыту, өз бетімен
жұмыс істеп, талаптануын арттыру.
тәрбиелік: болашаққа көзқарасын қалыптастыру.

Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа материалын оқып үйрену.
Сабақтың әдісі: дәріс, сұхбат, топтастыру,тест
жұмысы.

Жалпы сынып оқушыларымен жұмыс. (ауызша)
1. Қышқылдар дегеніміз не?
2. Қышқылдар нешеге топқа жіктеледі?

Қышқылдар

3. Индикаторлар дегеніміз не? Индикаторлардың
неше түрі бар?
Индикаторлар

4. Қышқылдардың химиялық қасиеттерін атап,
реакция теңдеулерін тақтаға жазыңдар.

Топпен жұмыс.
І топ тапсырмасы. 1. Мына заттардың ішінен оксидтерді теріп
жазыңдар. Н2SO4, Fe2O3, H2CO3, HCl, MgO,
H2S, HNO3, HBr, CaO, N2O5, H3PO4, HJ.
2. Мұғалімнің көмегімен тәжірибе жасау.
Сынауыққа күкірт қышқылын құйып алып,
үстіне мырыш ұнтағын салыңыз. Не
байқалды?
3. Массасы 5,6 г калий гидроксидін
бейтараптауға қажет күкірт қышқылының
массасын есептеңдер.

ІІ топ тапсырмасы. 1. Мына заттардың ішінен оттекті
қышқылдарды теріп жазыңдар. Н2SO4,
Fe2O3, H2CO3, HCl, MgO, H2S, HNO3,
HBr, CaO, N2O5, H3PO4, HJ.
2. Мұғалімнің көмегімен тәжірибе жасау.
Сынауыққа күкірт қышқылын құйып
алып, үстіне мыс сымын салыңыз. Не
байқалды?
3. 20 г магний оксиді азот қышқылымен
әрекеттескенде неше грамм тұз түзіледі?

ІІІ топ тапсырмасы. 1. Мына заттардың ішінен оттексіз
қышқылдарды теріп жазыңдар. Н2SO4,
Fe2O3, H2CO3, HCl, MgO, H2S, HNO3,
HBr, CaO, N2O5, H3PO4, HJ.
2. Мұғалімнің көмегімен тәжірибе жасау.
Сынауыққа күкірт қышқылын құйып
алып, үстіне темір шеге салыңыз. Не
байқалды?
3. Массасы 7,1 г фосфор (V) оксиді судың
артық мөлшерімен әрекеттескенде
түзілетін ортафосфор қышқылының
массасын табыңдар

Сабақты қорыту. Тест жұмысы.
1. Қышқылдар дегініміз не?
А) металл атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.
В) біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған қосылыс.
С) металл атомдары гидроксотоппен қосылған күрделі заттар.
Д) сутек атомы және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.
Е) дұрыс жауабы жоқ.
2. Индикаторлар дегеніміз не?
А) қышқыл ерітінділерде түсін өзгертетін заттар
В) қышқыл ерітінділерде түсін өзгертетін заттар
С) қышқыл ерітінділерде еритін заттар
Д) қышқыл ерітінділерде ерімейтін заттар
Е) барлық жауаптар дұрыс
3. Қышқыл құрамына кіретін сутек атомының санына қарай нешеге
бөлінеді?
А) 2
В) 4
С) 5
Д) 3
Е) 6
4. Индикаторлардың неші түрі бар?
А) 4
В) 6
С) 3

Д) 2

Е) 7

5. Кез келген ышқыл құрамына міндетті түрде кіретін атом:
А) металл
В) оттек
С) күкірт
Д) сутек
Е) бейметалл
6. 4 моль күкірт қышқылының массасы:
А) 98
В) 441
С) 392

Д) 490

Е)196

7. 4 моль мырыш күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілген сутектің
көлемі (л)
А) 8,96 л
В) 13,44 л
С) 4,48 л
Д) 17,92 л
Е) 6,72 л
8. Н2SO4 – атауы
А) күкірт сутек қышқылы
С) күкіртті қышқыл

В)күкірт қышқыл
Д) азот қышқылы

Е) фосфор қышқыл.

9. Қышқыл құрамында оттек атомының болу немесе болмауына
байланысты неше топқа бөлінеді?
А) 4
В) 6
С) 3
Д) 2
Е) 7
10. NO3 – қышқыл қалдығының атауы.
А) хлорид
В) сульфат
С) нитрат

Д) карбонат

Е) фосфат

Жаңа сабақ
Жоспары: 1. Тұздар.
2. Тұздардың химиялық қасиеттері.
Сұрақ – жауап.
1. Тағамның дәмін келтіру үшін не қосамыз?
2. Тұздың дәмі қандай?
3. Тұз суда қалай ериді?
4. Адам организмінде неше пайыз тұз кездеседі?
5. Табиғи суда неше пайыз тұз кездеседі?

Суда
жақсы
ериді.

Ащы

Тамаққа
қосады.

Тұз

Табиғи суда
0,1 – 3,5%

Адам
организмінде
5,5%

Тұздар
дегеніміз – металл атомдарынан және
қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі
заттар.
Мысалдар: Аl2(SO4)3, Na3PO4, Сa(NO3)2.

Металдармен әрекеттесу үшін бос
күйіндегі металл тұздың
құрамына кіретін металдан
белсенді болуы шарт.
Zn + Hg(NO3)2 = Zn(NO3)2 + Hg

Тұздардың өзара бір – бірімен
әрекеттеседі.
СаСl2 + Na2CO3 = СаCO3↓+ 2NaСl

Тұздардың химиялық қасиеттері

Қышқылдармен әрекеттеседі.
СuSO4+ H2S = СuS↓+ H2SO4

Cілтілермен әрекеттеседі.
СuСl2 + 2NaОН = Сu(OH)2↓+ 2NaСl

Кейбір тұздар қыздырғанда
айырылады.
СаCO3= СаO +СО2↑

Сабақты бекіту:

І. Оқулықпен жұмыс
І топ тапсырмасы. Мәтіндегі негізгі ұғымдарды анықта.
ІІ топ тапсырмасы. §35, 95 беттегі. 1- 3 жаттығуларды орындау.
ІІІтоп тапсырмасы. Мәтіннің мазмұнын ашатын сұрақтар ойластыр.
ІІ. Сызбанұсқамен жұмыс.
Мына өзгерістерді жүзеге асыр.
І топ тапсырмасы. Са → СаО → Са(ОН)2→ СаСО3.
ІІ топ тапсырмасы. Ва → ВаО → Ва(ОН)2→ ВаСl2.
ІІІтоп тапсырмасы. Nа → Nа2О → NаОН→ NаСl.

ІІІ. Ой толғаныс. Салыстыру стратегиясы. Венн диаграммасын құру.
Қышқылдар

Тұздар

Бағалау
Үйге тапсырма: §35. 95 бет 7 – 8 есептер.


Ұқсас жұмыстар
Химиялық заттарды жіктеу
Жасушаның химиялық элементтері
Күкірт қышқылының химиялық қасиеттері мен қолданылуы
БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАР
Негіздердің жіктелуі
Кальций қосылыстары
Альфа аминқышқылдары
Сүттің кұрамы мен қасиеттері
Жасушаның химиялық құрамы
Жасуша туралы мәлімет
Пәндер