Қазақтың ұлттық аспаптары




Презентация қосу
Сабақтың тақырыбы:
Қазақтың ұлттық аспаптары
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың музыкалық даусын қалыптастыра
отырып, өнерге қызығушылығын арттыру, халқымыздың ұлттық музыка
аспабының құрылысын меңгере білу, адамгершілік, рухани, мәдени дамуына
қол жеткізу.
Көрнекіліктер: Слайдтар, музыка аспаптары (домбыра, жетіген, дабыл
т.б.), CD дискі.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, т.б.
Сабақтың мазмұны мен өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқушыларды музыкамен қарсы алу.
3. Қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру.
4. Ой сергіту.
5. Қорытынды.
6. Үй тапсырмасы.

СЫБЫЗҒЫ
Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы - халық үшін ең
сүйікті аспап болып табылады. Ол халықтық музыкалық
өнердің ажырамас бөлігіне айналды. Сыбызғы
шопандардың отар бағып жүрген кезде жалғыздығын
жебейтін аспап ретінде, ал кешкі демалыс мезгілінде
музыканттар ол арқылы ескі аңыздар-жырларды айтқан.
Сыбызғышылар барлық тойлар мен мерекелердегі
құрметті қонақтар болған. Сыбызғының кең таралуы,
қолданылуы оның қарапайымдылығымен түсіндіріледі.
Сыбызғыны қуыс талдан жасаған, одан үш саңылау
ойған. Сыбызғының оңай және тез жасалатынына
қарамастан, ойнау жеңіл болмаған. Сыбызғылық күйлер
әдетте екідауысты болып келеді. Бір дауыс аспаптан
шықса, екінші дыбыс орындаушы-музыканттың тамақты
дыбысынан пайда болған.      
Осы екі дыбысты қатар орындау техникасын меңгерген
адам сыбызғыда ойнай алатын болған. Талдық
сыбызғылардан басқа ағаш сыбызғылар да бар.

Сазсырнай
Сазсырнай — саздан
жасалған үрлемелі
аспап. Үні ашық, нәзік
болады. Сазсырнай
Қазақстан аймағындағы
Отырар қаласында
жүргізілген қазба
жұмыстары кезінде
табылған. Ежелде бұл
аспап балалар мен
жасөспірімдер арасында
кеңінен таралған.

Жетіген

Жетіген — шертіп ойнайтын жеті ішегі бар музыкалық
аспап. Тиектің орнына асықтарды пайдаланған. XX
ғасырда белгілі фольклор зерттеушісі Болат Сарыбаев
жетігенді көне көз қариялардың сипаттауы бойынша
құрастырып, қайта қалпына келтірді. Ертеде жетіген
аспабын жыраулар жиі қолданған — оның әуені аң
аулуға шыққанда немесе алыс жорыққа аттанарда
сәттілік әкеледі деп сенген.

Шаңқобыз — темірден немесе күмістен жасалған сүйір
тілшесі бар көне музыкалық аспап. Шаңқобыз басқа
атаулармен көптеген халықтарда кездеседі. Оның сирек
кездесетін бір түрі — ағаш шаңқобыз — ағашқа
бекітілген жіпті тербеу арқылы дыбыс шығарылады.
Шаңқобыз тілдік аспаптар тобына жатады. Бұл аспап
әртүрлі атпен (Варган, темір қомыз, шаңқобыз және
басқалары) көптеген халықтарда, кездеседі. Ол
якуттарда, тувалықтарда, хакастарда, қырғыздарда,
түркмендерде, өзбектерде, қарақалпақтарда, дұнғанда,
башқұрда, қалмақтарда, украиндықтарда, орыстарда
және басқа халықтарда бар. Шаңқобыздың құрылымы
қарапайым. Ол кішкентай доға түрінде бастары
жіңішкеріп келетін темір аспап, бұл доғаға жұқа темір
серіппе бекітіледі. Шаңқобызды ерінге қойып, ойнайды.
Дыбыс серіппенің тербелісі арқылы шығады. Ауыз қуысы
аспап резонаторын атқарады. Шаңқобызды осы
жүзжылдықтың 40 жылдарына дейін Қазақстанда
кездестіруге болады.

Қылқобыз
Қылқобыз — әлемдегі
ысқышпен орындалатын
ішекті аспаптардың атасы,
қос ішекті көне музыкалық
аспап. Қобыздың екі
ішегіне және ысқышына
аттың құйрық жалының
қылы тағылады. Қобыз
адамның денесін
шымырлатып, жүректі
тербейтін қоңыр қою
дыбыс береді. Қобыз
күйлері халықтың мұңы
мен қуанышын, ішіндегі
сырын айқын суреттейді.
Ерте заманда қобызда
жыршылар, бақсылар, емші
— балгерлер ойнаған.
Қылқобыздың қазіргі
заманның түрі — прима
қобыз.

Домбыра
Домбыра — қазақ халқының
кең тараған аспаптарының бірі.
Қазақстанның аймақтарына
байланысты күйлер «төкпе»
және «шертпе» дәстүріне
бөлінеді. Домбыра аспабының
пішіні де осы орындаушылық
мектептерге байланысты
жасалынады. Домбыра күйлері
— қазақ хақының ішкі жан
дүниесін суреттейтін туынды.

Болат Сарыбаев
Сарыбаев Болат (1927-1984) – музыкатанушы, өнертану
кандидаты. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік
консерваториясын қобыз класы бойынша бітірген, мұнан соң
халық аспаптар кафедрасында дәріс берген, бір мезгілде
қазақтың халықтық музыкалық аспаптарын жинау мен зерттеу
жөніндегі қызметтермен айналысты. Зерттеушінің дербес
жинамасы әртүрлі халықтардың төрт жүзге таман музыкалық
аспабын қамтиды, ол сондай-ақ сыбызғы, сырнай, жетіген,
шертер, шаңқобыз, дабыл және басқа халықтық қазақ
музыкалық аспаптары жинамасының иесі. Ол бұл аспаптарда
Ықылас атындағы қазақтың музыкалық аспаптар Музейіне
тапсырған. Б.Сарыбаев “Қазақтың халық аспаптары”
монографиясында табылған аспаптардың түрін, қатарын,
дыбыстық берілімін, ойнау тәсіліне ғылыми сипаттама бере
отырып, жіктейді. Бұл зерттеуге бағалы қосымша ретінде
Сарыбаевтың көмегімен “Қазақтың музыкалық аспаптары” әдемі
альбомы жарық көрді.

Еділ Құсайынов
Қазақтың музыкалық көне аспаптарын
шебер меңгерген сазгер, фольклор
зерттушісі. Ол жетіген, сыбызғы,
сазсырнай, қамыс сырнай, шаңқобыз
аспаптарымен қатар көмеймен ән айтудың
әзірше теңдесі жоқ жалғыз шебері.
Көмеймен ән айтушы бір уақытта екі дыбыс
шығарады. Бұ тәсіл түркі халықтарының
өнерінде дамыған. Таспада көмеймен ән
айтудың екі түрі кездеседі — қарғыра
(төменгі регистрде) және сығыт (жоғарғы
регистрде). Еділ сақтар мен ғұндар
дәуірінің мәңгілік әуенін бүгінгі жаңа ғасыр
музыкасымен жалғастырып, қазақ ұлттық
мәдениетін әлемдік сахнада жаңғыртып
жүрген талант иесі.


Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық аспаптары туралы
Музыкалар үйі
Үрмелі асбаптары
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы
Дыбысты шығармау белгісі
ҚАЗАҚ МУЗЫКА ӨНЕРІНІҢ ГИМАЛАЙЫ
Қазақ театры
Орта Азия халықтарының аспаптары
Соль нотасының сұрағы
Пәндер