"Әркімнің өз жері – мысыр шаһары"


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі №68 негізгі мектеп ТӘРБИЕ САҒАТЫ Тақырыбы: “Әркімнің өз жері - мысыр шаһары” Достаева Х. А. Шымкент - 2010

Slide 2

Әркімнің өз жері- мысыр шаһары

Сабақтың тақырыбы:

Slide 3

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Отан, атамекен, туған жердің қасиеті туралы ұғындырып, тілдерін, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баулу.

Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, ұқыптылыққа, саналылыққа тәрбиелеу.

Slide 4

Қолданылған әдістер:

Сұрақ-жауап, ой шақыру, әңгімелеу,

талдау, түсіндіру.

Көрнекі құралдар:

Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, рәміздер, суреттер, интерактивті тақта.

Slide 5

КІРІСПЕ

Құрметті, балалар! Отанымыз - Қазақстан туралы өлеңдер оқып, жақсы мақал- мәтелдер айту, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше, өнерімізді аяп қалмалық.

Алдымен мына тірек сөздерге көңіл бөлейік, оқып жіберейік, бұл сөздерді білеміз, сабақ барысында қолданамыз.

Әркімнің өз жері -

мысыр шаһары.

Slide 6

1 -оқушы: Мысыр шаһары деген сөздің мағынасы- әдемі, сұлу, қасиетті қала деген мағынаны білдіреді. Біз үшін мысыр шаһар - туған жеріміз, туған қаламыз.

2- оқушы: Әркімнің өзінің туған жері қасиетті де әдемі. Мен үшін өз Отаным - мысыр шаһарындай.

3- оқушы: Мен де Отанымды жақсы көремін. Әркімнің өз жері, сұлу, көркем.

Мұғалім: Балалар біз күнделікті өмірде бір- бірімізбен сөйлесеміз, пікір алысамыз, әңгімелесеміз. Егер сендерге мынадай сұрақ қойса: ˝Туған елің, жерің туралы не білесің?˝ десе, не айтар едіңдер? Ойларыңды ортаға салыңдар.

Slide 7

4- оқушы: Біздің туып- өскен жеріміз Қазақстан Республикасы. Ол көне замандардан басталатын тарихы бар, аса бай ел. Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел - қазақ халқы. Қазақ халқы - ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Қазір Қазақстанда ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Қазақстанда өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйеді, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Slide 8

Мұғалім: Отан деген не? Осы сөзді қалай түсінесіңдер? 5- оқушы: «Отан отбасынан басталады», дейді қазақ. Отан дегеніміз- адамның туып өскен жері, туған- туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы. 6- оқушы: Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Менің әке- шешем де, бауырым да, өзім де осы жерде туып өстім. Мен сондықтан өз Отанымды жанымдай жақсы көремін. Қазақстанда тұратыныма мақтан етемін.

Slide 9

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Енді мына сұраққа жауап беріңдер. Еліміз өзінің несімен, қандай қасиеттерімен айбатты, айбынды? 7-оқушы: Әнұранымен, Туымен, Елтаңбасымен айбатты, айбынды. Мұғалім: Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында не бейнеленген? Елтаңба туралы кім әңгімелейді?

Slide 10

8-оқушы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыз-әңгімелердегі пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғары жағында бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбасының реңдік бейнесі екі түсті - алтын және көгілдір түсті. Мұғалім: Мемлекеттік туымыз туралы кім әңгімелейді?

Slide 11

9-оқушы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір мата. Күн шұғыласы мен қыран бейнесі - алтын түсті. Матаның сол жағында алтын түсті ұлттық өрнек орналасқан. Мұғалім: Елтаңба, Ту туралы әңгімелеп бердіңдер. Қане, балалар, енді туған жер, атамекен туралы қандай мақалдар білеміз, соны еске түсірелік: 1. “Туған жерге туың тік”. 2. “Ит тойған жеріне, Ер туған жеріне”. 3. “Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас”

Slide 12

1. Балалар, ендеше, айтыңдаршы, біз тұрып жатқан қала қалай аталады? 2. Шымкентті сендер не үшін жақсы көресіңдер? 3. Біздің қаламызда қандай жақсы, көрікті жерлер бар?. . Міне, мына суреттерден Шымкенттің көрікті жерлерін көріп тұрсыңдар. (суреттер)

Slide 13 Slide 14 Slide 15

Иә, расында да әркімге, тіпті жәндіктерге де өз мекен ететін ортасы ыстық әрі қымбат екен. Бұған дәлел ретінде сендер “Кімнің мекені жақсы?” атты әңгімеден үзінді тыңдайсыңдар.

Slide 16

Бір күні құрбақа, тышқан, құмырсқа - үшеуі кімнің жақсы мекені, жайлы қонысы бар екенін білмекші болып жолға шығады.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Төлеген Айбергеновтың өмірі мен шығармашылығынан жазылған хронология лық тізбекті тыңдау
Еуразия және Солтүстік Америка материктеріне салыстырмалы сипаттама
Кейін Бұхара қаласында
Бейбарыс - қатардағы құлдан Мәмлүк мемлекетінің сұлтаны дәрежесіне дейін көтеріле алған адам
Аңыз әңгімелер туралы пікірлер
Алтын Орданың ірі қалалары
Шоқан мен Ыбырайдың орны
Аңыз әңгімелер. «Асан Қайғының жерұйықты іздегені»
ЕжелгіШығыстағы психологиялық ойлар
ЕЖЕЛГІ ГРЕКИЯ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz