Соғыстан қайтқан солдаттар
Презентация қосу
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы
№3 Қарауылкелді орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 1 санатты мұғалімі
Ақтөбе облыстық “Үздік мұғалім-2009”байқауының
жеңімпазы
№3 Қарауылкелді орта мектебі
10 класта өткізілген кештің бағдарламасы:
Соғыстан қайтқан солдаттар
Кешті дайындаған класс жетекшісі: Жубанова Кенжегүл Бақыт қызы
Кештің мақсаты:
1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
қазақстандықтардың Отан
қорғауы,ерлігі,еңбектегі ерен
істері,ғылым мен мәдениетке қосқан
үлесін оқушы бойына сіңіру;
2. Патриоттық сезімдерін шыңдау,Отанды
сүюге баулу;
Соғыстан қайтқан солдаттар
Жоспары:
1. Соғыс,соғыс...
2. Ерлік мәңгі өшпейді
3. Соғыс туралы естеліктер
4. 65 жыл бұрын немесе
Ерлікке тағзым
Соғыстан қайтқан солдаттар
Мен соғысқа бармадым
Суық хабар келгенде
Көрініс
“Соғыс,соғыс...”
Соғыс туралы ащы
шындықты айтар болсақ,
қоршауда қалып немесе жаралы
күйінде тұтқынға түсіп, азап
шеккендерді елемей кетуге
болмайды. Соғыстың алғашқы
кезеңінде мыңдап қырылып,
тірі қалғандары тұтқынға түсті.
Одан сәтін тауып құтылғандар
партизандарға қосылды.
Мұндай бақытқа қолы
жетпегендер концлагерьлерде
азап шекті. Ал славян халқынан
басқа халықтар өкілдерінен
фашистік командование әртүрлі
легиондар құрып, өз еліне қарсы
айдап салмақшы болды.
Олардың кейбірін өздері басып
алған жерлерде партизандарға
қарсы жұмсауға әрекеттенді.
Сонда да легионның
бөлімдерінен қашып шығып,
Болгария, Югославия, Италия,
Франция партизандарына
қосылған азаматтар аз емес.
1941 жыл
•
•
Соғыс басталар алдында Кеңес
Одағы бойынша қазақ халқының
саны 3 миллион 250 мыңға жетіп,
апаттан кейін қайта толығып келе
жатқан еді. 1929-32 жылдардағы
ашаршылық, 1937-38 жылдардағы
аласапыран да елді әбден
есеңгіреткен болатын.
Соғысқа қатысқандардың ең жасы
1929 жылы туғандар, аштық
жылдарында олар төрт-бес жаста
болды. Міне, халқымыздың
сақталып қалды-ау деген ең соңғы
еркеккіндікті ұрпағы осылайша
майдан шебінен бір-ақ шықты.
Демографиялық пайымдау
бойынша, тікелей майданға 500
мың қазақ азаматы аттанды.
Соның 350 мыңы, яғни 70 пайызы,
соғыстан қайтып оралмады.
Әрине, оның ішінде елге
қайтпағаны мен тірі қалғандары
да жоқ емес-ті. Соңғы кезде ғана
белгілі болып отырған бір
шындық – 5,3 миллионға жуық
солдат жау қолына түскен болса,
соның кемінде 50 мыңы – қазақ
азаматтары. Олардың арасында
кейін аман-есен еліне
қайтқандары бірен-саран ғана еді.
Волокаламск үшін болған
шайқаста Панфилов
дивизиясының 13,5 мың
жауынгерінен 9 мың адам қаза
тапты.
• Ұлы Отан соғысы
1418 күн мен түнге
созылды.
• Осы соғыста Кеңес
Одағының27млн.
адам құрбан болды.
• Майданға 1млн
200 мың адам аттанды.
500-ден астам қазақстандық оның ішінде
99 қазақ Кеңес Одағының
Батыры атағын алды.
Төрт адам осы атақты екі
мәрте алды.
•
Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов - Авиация
генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте
батыры, «Барыс» орденінің иегері. 1922 жылы 5тамызда Сарыарқаның кең-байтақ даласында,
Ақмола облысының өзен-көлі тасыған, емдік суы
атқылаған Майбалық ауылында туған.
•
Ұшқыш болсам деген өрекпіген көңілмен
Бішкектегі ДОСААФ авиамектебіне түсіп, «У-2»
деген ұшақпен ұшуды үйрендім» дейді аты аңызға
айналған батыр. Аэроклубта тамаша тәжірибеден
өтіп, ұстаздарының оң көзіне түскен талапты жігіт
Талғатты 1940 жылы Саратов әскери-авиация
мектебіне оқуға жібереді. Ондағы қатаң
сұрыптаудан жанарының оты бар жігіт аман-есен
өтеді. Саратовтағы ұшқыштар мектебін екі жыл
оқып, сержант шенімен бітірген соң, Чкаловтағы
бомбалаушы ұшқыштар мектебін аяқтайды.Ал қан
майданға аттанар алдында Ижевск қаласынан
«ИЛ-2» штурмовигімен ұшуды үйреніп шығады.
Сол күннен бастап әскерилер арасында «ұшқыш
танк» деп аталып кеткен «Илюшаға» басы бүтін
бауыр басып, 1942 жылы майданға аттанады. Осы
өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк
жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға
шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып
қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын
сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп
атаған.
23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры
атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік
көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен
оралған соң, әскери әуе академиясын аяқтайды..
•
Халық қаһарманы
•
Өнерге жақын, 16 жасынан өлең жаза
бастаған Бауыржан жасы жеткенде әскер
қатарына шақырылып генерал-майор
Панфилов басқарған дивизияның құрамында
соғысқа аттанады. Алғы шепте батальон,
полк командирi болып талай жеңiстерге
жетедi.
•
Кеңес Одағының астанасы Москва қаласын
қорғауда 1941 жылдың күзi мен қысында 5
рет қоршаудан әскерiн шашыратпай, жолда
босып жүрген басқа бөлiмдердiң сарбаздарын
да жинап шығады. Сол кездерi дивизия
басшысы Панфиловқа Бауыржан Момышұлы
қаза тапты деп 3 рет ресми хабар келедi.
Бiрақ, мұндай хабарлардың iзiн ала Бауыржан
Момышұлының өзi келген.
•
Қолбасшы Рокоссовский лейтенант шенiндегi
жап-жас қазақ жiгiтiнiң қабiлетiне риза
болып, полк командирлiгiне өзi
тағайындаған. Бауыржан Момышұлы соғыс
жылдары
207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр
жараланады. Басшылық тарапынан бiрнеше
рет Кеңес Одағының батыры атағына
ұсынылады. Бiрақ, неге екенi белгiсiз атақ
берiлмей қала бередi.
1990 жылы Халық қаһарманы атағы берілді.
•
•
Батыс Қазақстан
тұрғындарынан Ақтөбе
қаласында құрылған 312
дивизия 1941 жылы күзде
Тула мен Москва
арасындағы ұрыстарда
құрамын түгелге жуық
жоғалтты. Соғыс кезіндегі
штат бойынша бір дивизия
11 мың адамнан тұрса,
соның 300-ден астамы ғана
қалды.
101 атқыштар бригадасы
1942 жылы Ақтөбе
қаласында болды.
1943 жылдың бригада
2,5 мыңнан астам фашистің
көзін құртады. Бригаданың
135 адамы
Ерліктері үшін
наградталды.
Қарулы күштердiң қатарында
Кеңес әйелдерi де жаумен
шайқасты. Соғыстың соңғы бiр
сәтiнде Кеңес Армиясында 330
мыңнан астам әйел жауынгерлер
болды. Олар самолетпен аспанда
самғады, танк жүргiздi, барлауға
барып, ұрыс даласында
мергендiк көрсеттi.
Атқыш мергендер мектебiн
бiтiрген әйелдер 12 мыңнан
астам жауды жермен жексен еттi.
Майдандағы дәрiгерлердiң 41
пайызы, фельдшерлердiң 43
пайызы, медбикелердiң 100
пайызы әйелдер болатын. Ұлы
Отан соғысында 100 мыңнан
астам әйелдер ордендермен,
медальдармен марапатталған.
92 әйел Кеңес Одағының Батыры
атағын алды.
Ел басына күн туған қиын-қыстау
күндерде азамат жүгiн арқалап
мыңдаған қазақ қыз-келiншектерi
уақыт сынынан, тарих
талқысынан сүрiнбей өттi.
Аяғына солдат етiгiн киiп,
Мәскеуден Берлинге дейiн шеру
тартты. Рейхстагта желбiреген
Қызыл туда қазақ әйелдерiнiң де
даңқ жолы, ерлiк дастаны бар.
Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы, Кеңес Одағының Батыры.
1922 жылы Гурьев облысы Орда ауданында туылған. Азан
шақырып қойған аты Мәнсия. Мектепті бітіргенне соң Мәншүк
медицина институтына оқуға түсті.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста
болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім
қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға
жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді
жіберіңіз», деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941
жылдың 7-ші тамызы».
1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель
қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде
өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің
шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді.
Соңғы күштерін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып
шығып, жодастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей
бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай
қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова
ерлікпен қаза тапты.
Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің
Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында көрсеткен ерлігі
үшін Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы
берілді.
Ә. Н.Молдағұлова 1925 жылы
маусымның 15 жұлдызында
Ақтөбе облысы Қобдада
дүниеге келген.
Ол Ленинград майданында
54-атқыштар бригадасының
4 батальонына қабылданған.
1944 жылы жау бекінісін алу
кезінде ерлікпен қаза тапты.
Отанға берілген намысшыл,
жалынды қаһарман қызға
Ерен ерлігі үшін Кеңес
Одағының батыры атағы
берілді.
1945 сәуір-мамыр
Гармоншы жігіттің сөзі
К.Ахметова
Бултеев Көптілеу
Бердиев Раушан-1916-2005жж.
Раушан ата балалық шағы балалар үйінде
өткен.1939 жылы армия қатарына
алынып,1941 жылы сұрапыл соғыстың
басталуымен майданға аттанады.
1941-1942 жылдары Москва,Курск,Киев
қалаларын қорғау үшін шайқаста болған.
1943-1944 жылдары Жапония,Венгрия
қалаларында болып,Ерлігі үшін медалын
алған.1945 жылы қантөгіс майданды
Жеңіспен аяқтап, елге оралған.
Еңбек жолын Гурьев қаласында бастаған.
Сол теміржол саласынан зейнеткерлік
жасқа жетіп,Құрметті теміржолшы
атағына ие болды.
Ұлы Жеңістің 50,55,60 жылдығына алған
медальдары бар.60 жылдық мерекеде
Президенттің Алғыс Хатымен
марапатталды.
Жас өмірін майданнан бастаған Соғыс
және Еңбек ардагері Раушан атаның
Ерлік ісі мәңгі сақталады.
Егдіров Айтқұл-01.05.1926ж.
Байғанин ауданы Қызыләскер
колхозында шаруа отбасында дүниеге
келген.Колхоз жұмысына араласа жүріп
4 кластық білім алады.
1944 жылдың қаңтар айында 18
жасында әскер қатарына алынып
қатардағы жауынгер қызметін атқарады.
Прибалтика,Германия жерлерінде
болып, немістерден жерімізді тазартты.
Айтқұл штурмовик-парашютист болып
13 рет парашюттен секіріп,немістерден
елімізді қорғауға атсалысты 1950
жылдың 20 қаңтарына дейін 6 жыл бойы
әскери борышын өткеріп,бейбіт
өмір құру жолында қызмет атқарды.
1950 жылдан бастап теміржол саласында
тапжылмай зейнеткерлік жасқа дейін
еңбек етті.
Жеңістің 65 жылдығын қарсы алып
отырған ардагер атаға зор денсаулық
тілеп,Отан үшін жасаған қызметіне
құрметпен бас иеміз.
Сексенге келген әжемнің
Жүректе жатқан сыры еді.
Соғыстан қайтпай жан-жары
Қайғыға толған жүрегі.
Қамқа әжем менің әрқашан
Сөйлейтін сөзге сараң-ды
Айтайын балам жаз деді
Жүректі тескен жарамды.
Қырық төрттің күзінде
Шақырды әскер жарымды
Шығарып салдым үмітпен
Қапшыққа салып барымды.
Құрғанбыз отау сол жылы
Толған еді сонда үш-ақ ай
Өмірдің неде мәнісі
Қалдым-ау дедім сезе алмай.
Сағыныш толы хат легі
Ай сайын келді тоқтамай
Күндерді санап жазатын
Аз қалды шыда, Қамқатай.
Жеңеміз жауды әлі-ақ деп
Жігер де беріп қоятын
Өлеңмен жазар хаттарын
Еді-ау атаң ұлы ақын.
Құрсақта қалған сәбиін
Көре алмай кетті қайтемін
Хабарды алып қаралы
Аңырап жатты әр үйің.
•Менің де жетті басыма
Қаралы хабар тізбегі
Сөгілсе жүрек жаншыла
Қамқа әжең күдер үзбеді.
Жеңіс те жетті аңсаған
Жырлады оны қанша ақын
Қайтпаған солдат баласы
Ол сенің атаң қарағым
Жеңіске Ұлы 65 жыл
Тойлауға таяу елім-ай
Күтумен жүрек қартайды
Айта алмай шерді дариға-ай.
Алпыс беске толды атаң да
Қараумен жолдың бойына
Келер деп менің көкем де
Ордендер тағып бойына.
Он тоғыздағы Қамқа әжең
Келіпті қазір сексенге
Болсын деп аман немерем
Салауат айтып өткенге.
Сандықта жатыр қаттаулы
Сарғайған үш бұрышты хаттар
Ұрпағың сақтар есіне
Соғыста қалған солдаттар.
Бір сәтке секілденіп тыныстаған
Жатырсың.Бұл жер жақын таныс саған,
Бауырым, топырағың торқа болсын,
Сендер ғой Жеңіс туын тік ұстаған.
Елімде жайнасын деп жылда көктем,
Жетімдік көрмесін деп бала біткен.
Сендер ғой омырауын оққа тосып,
Болашақ үшін өзін құрбан еткен.
Жексұрын жауды қуып желкеледің,
Бірақ та деген жоқсың “ерте өлемін”
Еліңнің төріндесің енді бүгін,
Жатсаң да баурайында бір төбенің.
Жауапты болып өзі барлығына
Қорғаған нұр арайлы таңды мына.
Кім айтар белгісіз деп бауырларды
Баршаның ара тұрған тағдырына
Өмірдің көре алмадың бар қызығын,
Анаң да жүр-ау аңсап жалғыз ұлын.
Бас ием,рухыңа батыр солдат,
Бағыштап махаббатын жер жүзінің.
Құрманалин
Музыка әуенімен оқу
Мұхтар
Жеңіс наградалары
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz