Тақырыптық композициялық сурет


Slide 1

Тақырыптық композициялық сурет ”Ғарыш”

Сабақ мақсаты:

білімділік: композициялық үйлесімділік пен түстік

шешімнің мүмкіндіктері туралы түсінік беру;

оқушылардың графикалық редакторда қисық

сызық, бүріккіш, құю құралдарын пайдаланып,

сурет салу дағдыларын жетілдіру ;

тәрбиелік: табиғат құбылыстарындағы өзгеріс

ерекшеліктерін түсініп, алған әсерлерін

сюжет арқылы көрсете білуге тәрбиелеу;

дамытушылық: логикалық ойлау, тапқырлық, шапшаңдық

қабілеттіліктерін дамыту;

Slide 2

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі Түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау,

компьютерде практикалық жұмыс

Өтілу формасы: жалпы ұжымдық

Пәнаралық байланыс: информатика, физика

Сабақтың материалдық техникалық жабдықталуы: компьютер, интерактивті тақта

Сабақ жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі;

2. Негізгі бөлім:

а) Жаңа тақырып туралы түсініктер;

б) Paint редакторының көмегімен жұмыс істеуді ұйымдастыру

3. Машықтану кезеңі;

а) Түстер үйлесімділігі мен композициялық шешімдер

б) Paint тің көмегімен сурет салу кезеңдері

4. Сабақты қорыту;

а) Бағалау

б) Үйге тапсырма беру

Slide 3

Осы сабақта орындалатын жұмыстар мазмұны:

Ғарыш тақырыбы туралы мағұлматтар алу;

Paint графикалық редакторының көмегімен тақырыпқа

байланысты үйлестіру жұмыстарын жасау және суреттер

салу;

Сурет салуды Paint бағдарламасындағы құрал - жабдықтарды

пайдалана отырып орындау;

(құю, қылқалам, өшіргіш, сызық түрлері, бүріккіш, түрлі

фигуралар)

Интерактивті тақтада ұжымдық сурет салу;

Slide 4

Жаңа тақырыпты түсіндіру Ғарыш сөзіне түсініктеме беру (оқушылар ойын тыңдау)

Ғарыш

Slide 5

Ғарыш біздің айналамыздағы кеңістік пен уақыт бойынша шегі де, шеті де жоқ, пішіні сансыз көп өзгеріске түсе алатын және қазіргі заманғы астрономиялық құралдармен зерттеуге болатын кеңістікті білдіреді. Бұл ерте кезден ақ адамзат иесін қызықтырып келген қызықты әлем. Ғарышты зерттеп болу мүмкін емес, оның анықталғанынан, әлі ашылмаған сыры ұшан теңіз деп айтуға болады. Мыңдаған планеталар анықталған болса, табылмаған планеталар қаншама. Ашылған, анықталған планеталардың өзін зерттеп зерделеп болу мүмкін емес. Мысал ретінде қазіргі кездегі ғалымдар Марс планетасында тіршілік бар болуы мүмкін деген жорамалдар айтып жүр. Бұл кез - келген адамның қызығушылығын тудырары сөзсіз. Мүмкін сіздердің араларыңызда да болашақ ғарышты зерттеушілер, ғалымдар отырған шығар. Сондай қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер ағаларымыз Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевты біз әрқашан мақтан тұтамыз. Қазіргі заманда ғарыштық зертеулер тіршілікті қамтамасыз ететін барлық салаларға тікелей қатысты. Сонымен қатар, ғарыш заманауи технологияларды үнемі дамытып отыратын құрылымның қайнар көзі десек қателеспейміз. Түптеп келгенде, мемлекеттің дамуы ғарыштық технология- лардың дамуының айғақ көрінісі.

Slide 6

Осыған орай, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ғарыш қызметін өркендетуге қолдау көрсетіп, оған ерекше назар аударып жүргені баршамызға мәлім. Тәуелсіз еліміздің қысқа тарихындағы жетістіктеріміз сол нақты тапсырма- лардың нәтижелері екенін атап өткен жөн. Атап айтсақ Байқоныр ғарыш кешенін сақтап қалып, қуатын қалпына келтіру, ғарыш бағдармаларын құрып, іске асыра бастау сияқты оң істер жүзеге асуда.

Ұлттық ғарыш агенттігі алдында мақсаттар, белгілеген бағыттары бар. Оларды жүзеге асыру үшін біраз жұмыстар атқарылды, атап айтсақ:

«KAZSAT» байланыс және хабар таратудың қазақстандық спутниктер

жүйесін жасау;

«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру;

Астана қаласында ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін

(ҒА ҚұСК) жасау;

Ғарышты зерттеу саласына кадрлар дайындау;

Slide 7 Slide 8 Slide 9

Композициялық шешім, үйлестіру заңдылықтары.

Кез келген суретті салу композициядан басталады. Композиция дегеніміз

салынатын суреттегі барлық бөліктерді байланыстырып, орынды құрастыру, үйлестіру. Сурет мазмұнын ашу, пішінді нақты табу, шығарма көлемін табу т. б. дұрыс беру композициялық құрылым элементтеріне байланысты. Үйлесімділік құрылымы күшті көркем шығарма адамға айрықша әсер етеді. Үйлестіру мен сюжет өзара тығыз байланыста болады. Сюжет дегеніміз - шығарманың мазмұнының көрінісі, оқиғалар жүйесі. Композициялық шешімде симметрия және асимметрия үлкен рөл атқарады, және оның түстік, реңдік қатынастары өте маңызды.

Яғни форматқа сурет ішіндегі бейнелерді белгілі бір ретпен ыңғайласты -рып, жарасымды орналастыруы. Дұрыс композициялық шешімдер арқылы бейнелейтін көріністі шашыратпауға, ұсақ бөлшектердің, басты назар аударуды қажет ететін басты бөлшектердің ерекшеліктерін көре білу қажет.

Slide 10

Оқушылардың машықтану кезеңі:

Бұл тақырып бойынша сурет салу өзіңді қоршаған ортадағы айшықты, әсерлі сәттерді көре және айқындай білуге, есте сақтау қабілетін, қиялдау мен аңғарымпаздықты дамытуды көп қажет етеді.

Сонымен қатар бояуларды бір - бірімен үйлестіру оңайға соқпайды, себебі акварель немесе карандашпен бояғандағыдай тәсілдерді бұл жерде қолдану біраз қиынырақ болады.

Slide 11 Slide 12 Slide 13

Paint графикалық редакторында төртбұрыш, эллипс, шеңбер, шаршы, тік сызықты салу меңгерілгендіктен, сурет салу үшін қажет құралды таңдап, жұмыс аймағында маустың көмегімен салуды, өшіруді орындау. Paint графикалық редакторында қисық сызық, бүріккіш, құю құралдарын пайдаланып сурет салуды жалғастыру. Қисық сызық салу үшін қисық сызық батырмасын шерту. Сызық қалыңдығын таңдап, сызық салуды орындау. Сызықтың бүгетін жерінде маусты басып, бұру. Бүріккіш құралын пайдалану: Бүріккіш құралын шерту. Палитрадан түсті таңдап, бүріккіш дағының өлшемін алып, нысананы бояумен бүрку. Құю құралын пайдалану : Құю құралының батырмасын шерту. Түс палитрасынан түсті таңдап, бояуға қажетті контур ішін мауспен шерту. Контур тұйық болуы керек (бояу сыртқа шығып кетпес үшін) Қылқалам құралының батырмасын шерту. Түсті таңдап, маустың көмегімен қажетті суретті саламыз. Өшіру құралын пайдалану: Өшіргіш құралы батырмасын шерту. Өшіргіштің көлемін таңдап алып, қажет емес деп санаған сызықтарды өшіру, қателерді жөндеу.

Slide 14

Оқушылардың интерактивті тақтамен жұмысы


Ұқсас жұмыстар
Музыкалық қабылдау - әлеумет - мәдениеттік және психологиялық-педагогикалық мәселесі. Музыкалық қабылдаудың түрлері
Менің туған өлкем
Сайын Мұратбековтың “Жусан иісі” повесіндегі Аян бейнесі
Астролябияның көмегімен жасалатын зерттеу әдістері туралы кітап
”Қыз Жібек” жыры бойынша бекіту сабағы
Домбыра құрылысы
НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ БӘЙТЕРЕК ПОЭМАСЫ
ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕК НЕГІЗІНДЕ БАЛАБАҚША ЖОБАСЫН ФИРМАЛЫҚ СТИЛЬДЕ ӘЗІРЛЕУ
Аққудың айрылуы поэмасы
Күй аңызы әңгімесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz