Баяндауыш


Slide 1

Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш.

Сыныбы: 8 “а”

Пән мұғалімі: Асилова А. Т.

Slide 2

Сабақтың мақсаты:

1. білімділік: Оқушыларға сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш туралы жан-жақты түсінік беріп, дара және күрделі баяндауыш түрлерін ажырата білуге үйрету.

2. дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамытып, өз ойын жүйелі түрде жеткізуге, топпен жұмыс істеуге үйрету.

3. тәрбиелік: дүниетанымдық көзқарастарын, рухани-адамгершілік, еңбексүйгіштік дағдыларын қалыптастыру, отанды сүюге, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, тест т. б.

Сабақ көрнекілігі: интербелсенді тақта, кеспе қағаздар, плакаттар т. б.

Slide 3

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу

ә) оқушылардың зейінін сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІV. Сабақты бекіту (Деңгейлік тапсырмалар)

V. Қорытынды. (Венн диаграммасы. )

Үйге тапсырма беру.

VІІ. Оқушыларды бағалау.

Slide 4

Үй тапсырмасын тексеру

1

2

3

4

5

8

6

7

9

Slide 5

Баяндауыш.

1. Б

2. А

3. Я

4. Н

5. Д

6. А

7. У

8. Ы

9. Ш

Slide 6 Slide 7

Баяндауыш

Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай- күйін, оқиғаның болған шағын білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш деп аталады.

Сұрақтары: Не істеді? Қайтеді? Қайтті?

Не істемек т. б.

Slide 8

Баяндауыштардың жасалуы.

Сөз табының бәрі де баяндауыш бола алады. Көбіне баяндауыш болатын сөз табы - етістіктер. Мысалы: Амантайдың жүрегі аттай тулады. (С. Мұқанов. )

Қазақ тілінде есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктердің) қайсысы болса да баяндауыш қызметінде жұмсала береді.

Зат есімдерден болған баяндауыштар: Түнергенде түнмін, күлгенде күнмін. Сөзім- шекер, тілім-бал, лебізімнен алған нәр. (Ғ. Мұстафин. )

Сын есімдерден болған баяндауыштар:

Ауа-райы жақсы. Қар қалың.

Сан есімдерден болған баяндауыштар: Мен он бестемін. Білгенің -бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз. (Мақал. )

Есімдіктерден болған баяндауыштар:Басқаға үлгі болатын бізбіз. Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен бөлмесі- осы. (М. Әуезов. )

Slide 9 Slide 10

Дара баяндауыш

Күрделі баяндауыш

Нұрлан мектепте оқиды.

Ол бөлмені тазалады.

Біз Қазақстанда тұрамыз.

Ертең жаңбыр жауады.

Машина баяу жүріп келе жатыр.

Ол сурет өнерін жақсы көретін адам еді.

Келе жатқан үшеу екен.

Ол келуге тиіс екен.

Slide 11

1-тапсырма. Сөлемдегі баяндауыштың орнын толықтырыңдар.

Адам баласы табиғатты .

Біз бұлақтардың көзін .

Су мол болса, астық та .

Көк шөпті таптауға .

Ата-бабаларымыз табиғатқа жанашырлықпен .

Керекті сөздер: қараған, болмайды, мол болады, аштық, қорғауы тиіс.

Slide 12

2-тапсырма. Үнемі 2 сөзден тастап отырып өлең құрастырып, ішінен баяндауыштарды табыңыздар?

Жүре, ай, мен, берсем, анам, мәз, қасыңда, ботам, болып, әйбәт, деген, оянам, анам, дауысыңнан.

Slide 13

Жауабы:

Жүре берсем қасыңда әйбәт анам, ай анам,

Ботам деген дауысыңнан мен мәз болып оянам.

Жүре берсем- күрделі баяндауыш.

Оянам-дара баяндауыш.

Slide 14

3-тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар. (Сөйлемдердегі баяндауыштарды тауып, қай сөз табынан жасалғанын айтыңдар)

Керден үндей алмады. Ол түстен кейін командасын алаңға алып келді. Күн ашық болатын. Жер дымқыл. Алаң ортасы құм төселгендіктен тың. Айналасында сары балшық шыланып езіліп жатыр. Күннің жылы лебі сезіледі. Қайсарлар да келген. Олар екінші тордың айналасына шоғырланды. (С. Сар. )

Slide 15

Тест тапсырмалары

1. Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем не деп аталады?

А. құрмалас сөйлем

В. жай сөйлем

С. сабақтас құрмалас сөйлем

D. салалас құрмалас сөйлем

Е. аралас құрмалас сөйлем

2. Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай нешеге бөлінеді?

А. 5 В. 3 С. 2 D. 4 Е. 6

3. Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөздер не деп аталады?

А. Сөз таптары D. сөз тіркесі

В. сөйлем мүшелері Е. сөз формасы

С. сөз

4. Сөйлем мүшелеріне жатпайтынын көрсетіңіз?

А. бастауыш D. толықтауыш

В. анықтауыш Е. сөз тіркесі

С. баяндауыш

5. Сөйлемде айтылған қимыл-әрекеттің иесін білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі?

А. Баяндауыш D. анықтауыш

В. бастауыш Е. пысықтауыш

С. толықтауыш

Slide 16

6. Бастауышы дара болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз?

А. Үй іші ұзақ жым-жырт болды.

В. Еңбек еткен ер атанар.

С. Ертең құрылыс жұмысы басталады.

D. Оқушылар мектептен қайтты.

Е. Астана қаласы қазақстандықтардың мақтанышына айналып отыр.

7. Бастауышы күрделі болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз?

А. Жаңбыр құйып кетті.


Ұқсас жұмыстар
Баяндауыштың жасалу жолдары
Баяндауыш туралы
Трансляция түсінігі. Формальды граматика
Абай ауылы
Көне түркі тілі: сөйлем мүшелері
Сөйлемнің негізгі мүшесі
Қазақ тілі біліміне тест
Көкті жұлма
Сөйлемде ашық түрде
Толымсыз сөйлем Атаулы сөйлем
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz