"Маған ұнайтын қала"


Slide 1

Маған ұнайтын қала

Slide 2

Сабақтың тақырыбы: Маған ұнайтын қала Негізгі сұрақ: Саған ұнайтын қаланың ерекшелігі неде?

Slide 3

Бүгінде ұшар басы мәңгілік қар жамылып, беткейіне жасыл түкті кілем төселген тау етегінде талайлардың сүйіктісіне айналған әсем қала жатыр. Ол - Алматы

Slide 4

Табиғаты бай, ауа-райы жайлы болғандықтан, қазіргі Алматыны адамдар ерте заманнан бері мекен еткен. Мұнда б. з. б VII-III ғасырларда Сақ тайпалары қоныстанған деседі

Б. з. д. 10-9 ғ. ғ.

Алматы Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қала болды.

Slide 5

Қала тарихы

1854 жылы ресей империасы Верный әскери қамалын салды

Slide 6

1867 жылы 11 сәуірде Верный қаласы болып аталды 1921 жылы 5 ақпанда Верный қаласы «Алма-ата» деп аталды

Slide 7

1993 жылы Алма-Ата атауы Алматыға өзгерді

Slide 8

Алматым, неткен сұлу сәулетің!

Slide 9

Алматыдағы Кафедральды шіркеу - Қазақстандағы ең үлкен, ал ағаш құрылыстан әлемде биіктігі бойынша екінші орында(бірінші - Голландиядағы ағаш сағат) тұрған ғимарат. Ол 1907 жылы құрылысшы-инженер А. П. Зенков қатысуымен ағаштан салынған.

2004 жылы ЮНЕСКО Алматы қаласындағы Әулие-Вознесенский шіркеуі ерекше ғимарат болып табылатындығын және оны қайта қалпына келтіру туралы жобасын халық шығармашылығының атауға тұрарлықтай үлгісі екендігін жариялады.

Slide 10

Қазақстандағы ең үлкен оқушылар сарайы - Алматы қаласындағы республикалық Оқушылар сарайы 1983 жылы салынған. Ғимарат бір мезгілде 2200 оқушы қабылдауға есептелген. 800 орындық көрермен залы, түрлі үйірмелер, спорт залдары, жүзу бассейні, обсерватория бар.

Slide 11

Ал мына көрікті ғимарат - небір ғашық жандардың некелерін қиып, ақ батасын беріп жастарды жаңа өмірге аттандырады.

Slide 12

Бір кездері еліміздің ең биік ғимараты ретінде танымал болған 25 қабатты «Қазақстан» қонақ үйі 1978 жылы салынған. Қонақ үй қазір де өз жұмысын жалғастыруда.

Slide 13

Ал танымал бесжұлдызды «Интерконтиненталь» қонақ үйі кейіннен салынған зәулім ғимарат.

Slide 14

Қаладағы келесі бір елеулі ғимаратпен таныс болу үшін Шыңғыс Айтматовтың өзіңізге танымал романындағы жолдар еске түсіріп алыңыз. Дәл сол романдағыдай, шығыстан батысқа, батыстан шығысқа поездарды жіберіп отыратын қаламызда екі үлкен теміржол вокзалдары жұмыс істейді.

Slide 15

Ал Тимирязев-Әуезов көшелерінде орналасқан «Атакент» - қазақстандық іскерлік қарым-қатынас орталығы.

Slide 16

Қаламызда күні кеше ашылған Метро

Slide 17

Алматының бағы қандай

Алмасының дәмі балдай. . .

Slide 18

Алматының мақтанышы

Slide 19

Жаңа сөздермен жұмыс

Көрікті - cтатный

Әйгілі - известный

Өндірісті - производственный

Әсем - красивый

Сүйікті - любимый

Ұнататын - который нравится

Мәртебе - статус

Тарихи - исторический

Аймақтық - региональный

Біраздан бері - с некоторых пор

Көшу- переезжать

Шағын аудан - небольшой район

Slide 20

Сызбамен жұмыс

Алматы қала.

Slide 21

Сөйлемдерге сұрақ қою 1. Елімізде көрікті қалалар көп. 2. Менің сүйікті қаламда ескерткіштер бар. 3. Мен сүйікті қалама жыл сайын барып тұрамын. 4. Мен өз туған қаламды жақсы көремін. 5. Біздің елімізде табиғаты тамаша қалалар баршылық.

Slide 22

4-тапсырма (дәптермен жұмыс) Кестеде берілген қатардан мағынасына қарай сөз тіркестерін құрау

керемет

оқиға

ыңғайлы

жаз

көрікті

бөлме

жеңіл

орын

орманды

табиғат

тарихи

қала

ыстық

алқап

Slide 23

Алматы туралы жалпы мәлімет

Әкімшілік-территориялық құрылымы: қала 7 ауданға бөлінген: Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб, Алатау

Тілі: қазақ, орыс

Этникалық құрамы: қазақтар - 53%, орыстар - 33%, ұйғырлар - 5%, татарлар - 2%, кәрістер - 2%, украиндықтар, немістер, қытайлар және т. б. - 5%

Діні: ислам (сүннет), христиан (православл, католик, протесттант), иудеи және т. б.

Ақша бірлігі: теңге

Басты әуежайы: «Алматы» халықаралық әуежайы

Аумағы: 339, 36 шаршы шақырым

Халық саны: 1 434 755 адам (2011 ж. )

Ең биік нүктесі: қала теңіз деңгейінен 600-2220 м (ортасы 785 м) биіктікте орналасқан

Өнеркәсіп: ауыр, тамақ, жеңіл (тігін, мата), химия, электр жабдығын өндіру, қағаз өндірісі

Қызмет көрсету: туризм, сауда, қаржы

Климаты: континенталды

Қаңтар айындағы орташа температура: -1ºС

Шілде айындағы орташа температура: +23ºС

Жауын шашын орташа мөлшері: 653 мм

Slide 24

Топпен жұмыс

Алматы туралы мәліметті оқып жай сөйлемдер құрау

Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау, түрін анықтау

Slide 25

Жұптық жұмыс 1-тапсырма Диалогты толықтырып, өзара сөйлесу

Сен қандай қалаларда болдың?

.

Сол қалалардың ішінен қай қала қатты ұнады?

Бұл қала саған несімен ұнады?

.

Қалада тағы нелер бар?

.

Сенің қалаңның ерекшелігі қандай?

.

Табиғаты тамаша ма?

.

Сен ол қалаға жиі барып тұрсың ба?

.

Slide 26

Негізгі сұрақпен жұмыс

Саған ұнайтын қаланың ерекшелігі неде?

Бағалау:

Бір-бірін бағалау (А, В, D)

Үйге тапсырма: 1-тапсырма, 123-бет

Дайын үлгі бойынша кез келген бір қала бойынша екеу ара әңгіме құрау

Slide 27

Соңы


Ұқсас жұмыстар
Миға шабуыл жасау
Менің мамандығым
Менің сүйікті жыл мезгілім
Ұнайтын пән мұғалімдері
Жақсы қасиетке үйретіп, жаман қасиеттен жиренту арқылы адамгершілік сезімдерін дамыту
Шегенің ізі
Аутодиструктивтің алдын алу
Әл-Фараби - шығыстың ғұлама ғалымы
Оқушы ойы
ҮЙРЕТУДЕ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ, ЛОГИКАЛЫҚ СӨЗДІК ТАПСЫРМАЛАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz