Бауыржан Момышұлы




Презентация қосу
Қаңтардың он бесі
Бауыржан Момышұлы

• Балалар, бүгінгі сабағымыздың
тақырыбы Бауыржан
Момышұлының өмірбаяны.
Сабақты бастар алдында, оның не
үшін соғысқаны туралы еске
түсірейік. Әрине, Отан үшін.
Тақтада жазылып тұрған сөздерге
көңіл аударсаңдар. Бұл
Бауыржанның сендерге айтып
кеткен өсиеттерінің бірі.

Мақсаты:






1. Білімділік: Қазақ халқының батыры Бауыржан Момышұлының
өмірімен, шығармашылығымен танысу арқылы оның ақындық
тұлғасы мен философиялық ойларынан нәр алу.
2. Дамытушылық: Әр оқушының ой қиялына ерік бере отырып,
өзінше ойын түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге
жұмылдыру, оқушылардың білімділігін арттыру, сөздік қорын
байытып, тілін дамыту. Есте сақтау қабілетін ұлғайту.
Оқушыларға тапсырмалар беру арқылы өз ойын көркем тілмен
жеткізе білуге дағдыландыру екі тілде сөйлеуге машықтандыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық қасиетіне тәрбиелеу, өз
Отанын, туған халқының тілі мен дәстүрін қастерлейтін саналы
да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Оларды бірлікке, адалдыққа
баулу. Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтау мен нығайтуға, өз
Отанын қорғауға жас ұрпақтар өсиетіне адал болуға, Бауыржан
Момышұлының өсиет сөздері мен батасын біліп өсуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:







І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Сабақты бекіту
V. Бағалау
VI.Үйге тапсырма беру

ІІ. Үй жұмысын тексеру
• 1. Әбу Сәрсенбаев өмір жолы
• 2. “Туған жер ”өлеңін жаттау
• 3. “Сен құрметте оны,қарағым!”

ІІІ. Жаңа сабақ

• Отан сүйер ұлан бол!
• Мен немере сүйіп отырған адаммын.
Балаларды өте жақсы көремін. Сол
балалардың, бүлдіршін балдырғандардың
бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер
азабын мейлінше көрген адаммын.
• Қырық жыл қырғында тірі қалғандардың
бірімін. Мен әскери адаммын. Біздің айбынды
армиямыздың торқалы тойы мен үшін де
ерекше қуаныш. Бұл армия Отан соғысында
Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін
қорғап қалды.
• Балаларыма немере— шөберелеріме айтар
жалғыз тілегім: Отанды Сүйер Ұлан
болыңдар! Өз Отаныңа лайықты болып
өсіңдер!

Нақыл сөздерін айту

• Отан үшін отқа түс— күймейсің
Жанын аямағанға жан сәуға.
Отанда опасызға орын жоқ.
Жұрт үшін аянба— жігіттігіңе сын.
Адал ұл ер болып шықса— ел тірегі.
Арсыздан айуан артық.
Ерлік елеусіз қалмасын,
Олжа елдікі— оған тимегін.
• Намысты нанға сатпа.
Опасызда отан жоқ,
Ел үшін аянба— ерлігіңе сын,
Ежелден ел тілегі— ер тілегі.
Ердің туы намыс.
Ердің Еділ тобығынан келмейді.
Атақ— ерге сауға, олжа— елге сауға.
Сен жаудан қашсаң,өмір сенен қашады.

• Қасым Қайсенов: “Баукең
табиғаттың ешбір жақсы
қасиеттерін аямай ерекше
жаратылған адам. Ол-ақын,олжазушы,ол-философ,ол-екі тілде
бірдей шешен,ол-қас батыр,олполководец”

ІV. Сабақты бекіту
• Сұрақ— жауап әдісі:
• — Қаһарман батырымыз сұрапыл соғыста не үшін соғысқан?
• Балалардың, бүлдіршін балдырғандардың бақытты болашағы
үшін.
• — Ол қандай адам болған?
• Ол әскери адам болған.
• — Балаларына немере — шөберелеріне қандай тілек айтқан?
• Отанды сүйер Ұлан болыңдар!
• — Ол соғыс кезінде кімнің басшылығында болды?
• Генерал И.В. Панфиловтың басшылығында 316— атқыштар
дивизиясында болды. Ол полк командирі.
• — Оның ерлігі туралы қандай орыс жазушысы жазды?
• А. Бек «Волоколам тас жолы» повесін жазды.
• — Отан туралы кім қандай мақал— мәтел біледі? (Отан
туралы мақал— мәтел айтылады).

“Топтастыру”стратегиясы
ақын

Халық
қаhар
маны

Тіл
жанаш
ыры
Екі
тілде
бірдей
шешен

жазу
шы

Бауыр
жан
филос
оф

этногр
оф

полков
одец

Әскер
и адам
ұстаз

Үй жұмысы:
«Туған жер» өлеңін жатқа айту.
“Жауынгер тұлғасы ”оқу,мазмұндау


Ұқсас жұмыстар
Бауыржан Момышұлы немересі Ержанмен бірге 1974 жыл
Бауыржан Момышұлы. Қарлығаштың құйрығы неге айыр
Бауыржан Момышұлы өмірі мен шығармашылығы
Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде, Деп жылар сорлы қазақ мен өлгенде
Бауыржан Момышұлы туралы ақпарат
Бала Бауыржаннан батыр Бауыржанға дейін
Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы нақыл сөздер
Ұшқан ұя әдебиеттік оқу
Ерлігі мен бірлігі биік Бауыржан
Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітірген соң
Пәндер