Сүйекті балықтар
Презентация қосу
Сабақтың тақырыбы:
Сүйекті балықтар класы
§ 52. Жалпы сипаттама
Сабақтың мақсаты:
1. Сүйекті балықтар, олардың түрлері
туралы жалпы мағлұматтар
беру.Ихтиология ғылымы.
2. Сүйекті балықтардың табиғаттағы
және адам өміріндегі маңызы. Каспий
теңізінің сүйекті балықтары.
3. Балықтарды қорғау, «Қызыл кітапқа»
енген түрлер.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жұмыс
дәптері, модель, таблица, таратпа
материалдар, слайд, электрондық оқулық
көрсетілімі, компьютер,проектор,
графопроектор.
Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер:
ауызша сұрау, сұрақ – жауап, демонстрация,
зертханалық жұмыс, өз бетінше оқулықпен
жұмыс.
Сабақтың басқа пәндермен байланысы:
зоология, экология, әдебиет,география, химия,
физика.
Сабақтың жүрісі:
І Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын,
оқу құралдарын тексеру.
ІІ Жаңа сабақ түсіндіру.
Жоспар:
1. Сүйекті балықтар қазіргі кезде...
2. Сүйекті балықтар қаңқасы.
3. Сүйекті балықтардың асқорыту мүшелерінің ерекшелігі.
4. Торсылдақ қандай қызмет атқарады?
5. Сүйекті балықтардың желбезектерінің ерекшелігі, тыныс
алуы.
6. Сүйекті балықтардың қанайналымы, зәр шығаруы, миы,
көбеюі.
7. Сүйекті балықтардың класс тармақтары.
8. Кәсіптік мәні бар балықтар, балықтарды қорғау, «Қызыл
кітапқа» енген түрлер,
9. Каспий теңізінің сүйекті балықтары.
10. Оқыңыз қызық...
Сүйекті балықтардың қазіргі кезде
20000 –нан астам түрлері бар.Дене
пішіндері түрліше. Денесі бас, тұлға
және құйрық бөлімдеріне бөлінген.
Сүйекті балықтардың терісі жалпақ әрі
ірі қабыршақтармен
қапталған.Қабыршақтарында ағаш
діңіндегі жылдық сақиналарға ұқсас
сызықтар бар, сол сызықтарға қарап
балықтың жасын ажыратуға болады.
Сүйекті балықтардың
қаңқасында сүйектер өте көп.
Сүйекті балықтардың ауызы бас
бөлігінің алдыңғы жағында
орналасқан, жақсүйектерде
тістері бар.
Сүйекті балықтардың асқорыту
жүйесі: ауыз қуысы - көлемді
жұтқыншақ - қысқа өңеш – қарын
- (бауыр, ұйқы безі ) аш ішек (ұсақ тұйық өскіндер) тоқ ішек - тік
ішек - аналь тесігінен тұрады.
Бауыр улы заттар мен зиянды
өнімдерді зарарсыздандырады.
Торсылдақ –сүйекті балықтарда
ерекше мүше, ол ұрықтық даму кезінде
ішектен бөлінеді. Торсылдақ балықтың
дене салмағын өзгертіп, судың түрлі
қабаттарына өтуіне жағдай жасайды.
Торсылдақ кейбір балықтарда тыныс
алуға, дыбыс шығаруға қатысады.
Торсылдақ су түбінде тіршілік ететін
балықтарда болмайды.
Сүйекті балықтардың
желбезектерінің ерекшелігі, тыныс
алуы. Сүйекті балықтардың
желбезектерінің сырты сүйекті
желбезек қақпағымен жабылған.
Желбезек шашақтары сүйекті
желбезек доғаларына бекіген.
Тынысалуы желбезек қақпағының
қозғалуына тікелей байланысты.
Сүйекті балықтардың қан айналым
жүйесі: жүрегі 2 қуысты - 1 құлақша
және 1 қарыншадан тұрады,
қанайналым шеңбері – біреу. Жүрегі
арқылы көмірқышқылына қаныққан
көктамыр қаны, желбезек
шашақтарында оттегіне қаныққан
салатамыр қаны арқа қолқа тамыры
арқылы бүкіл денесіне таралады.
Зәр шығаруы - екі бүйрегі, екі
несепағары және алғаш рет зәр
сақталатын мүше қуық пайда болады.
Миы 5 бөліктен – алдыңғы миы
шағын, екі ми сыңарына бөлінбеген,
ортаңғы миы мен мишығы
көлемдірек, сопақша, аралық мидан
тұрады. Сезім мүшесі қызметін бүйір
сызығы атқарады.
Балықтарда қосжыныстылық сирек
кездеседі, даражынысты. Аталық безден
бөлінген сұйықтық шоғал деп аталады,
ол аталық жыныс жасуша
сперматозойдтар, ал аналық безден
уылдырық деп аталатын майда жұмыртқа
жасуша бөлінеді. Сүйекті балықтар
сырттай ұрықтанады, сондықтан көп
мөлшерде уылдырық шашады.
Балықтар өзен, көл, теңіз,
мұхиттарда кездеседі.Теңіз
жағалауының 200 метрге дейінгі
қабаттарында көбірек таралған.
«Балдырлы көлде балық
көп»деген сөз бекер айтылмаған.
Сүйекті балықтардың 2-класс тармағы бар:
1.Сәулеқанатты балықтар – бекіретәрізділер
ортядына топтастырылған. Каспий теңізінде
қортпа, шоқыр, пілмай, бекіре кездеседі.
2.Қалаққанатты балықтар - бұған қостынысты
және саусаққанатты балықтар жатады.
Кәсіптік мәні бар сырдария тасбекіресі мен
пілмай, Каспий және арал албырттарының
түрлері саны аз болғандықтан Қазақстанның
«Қызыл кітабына» (1996) тіркелген.
IІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Сүйекті
балықтардың қанша түрі бар?
2. Сүйекті балықтар қаңқасы қандай?
3. Сүйекті балықтардың асқорыту мүшелерінің ерекшелігі
қандай?
4. Торсылдақ қандай қызмет атқарады?
5. Сүйекті балықтардың желбезектерінің ерекшелігі қандай?
6. Сүйекті балықтардың қанайналымы, зәр шығаруы, миы,
көбеюі.
7. Сүйекті балықтардың класс тармақтары нешеу?
8. Кәсіптік мәні бар балықтар, балықтарды қорғау, «Қызыл
кітапқа» енген түрлер туралы не айтасыз?
9. Каспий теңізінің қандай сүйекті балықтарын білесіңдер?
1. Балықтардың қимыл үйлесімділігіне байланысты
миының қай бөлімі жақсы дамыған?
A. Алдыңғы ми.
B. Аралық ми.
C. Ортаңғы ми.
D. Мишық.
E. Жұлын.
2. Алабұғаның қай жүзу қанаттары бас сүйегімен
жалғанып жатады?
A. Құйрық қанаттары.
B. Құрсақ қанаттары.
C. Көкірек қанаттары.
D. Арқа қанаттары.
E. Аналь жүзбе қанаты.
3. Балықтың омыртқаларының үстіндегі доғасынан
түзілген омыртқа жотасының каналында не
орналасқан?
A. Хорда.
B. Жұлын.
C.Арқа ортасы.
D. Құрсақ ортасы.
E. Қуыс көктамыр.
4. Қандай балықтарда желбезек қақпағы болмайды?
A. Сүйекті балықтарда.
B. Шеміршікті балықтарда.
C. Саусаққанатты балықтарда.
D. Қостыныстыларда.
E. Бекірелерде.
5. Қандай балықтарда торсылдақ болмайды?
A. Алабұғада.
B. Шортанда.
C. Акулада.
D. Трескада.
E. Жайын балықта.
6. Алабұғаның зәр шығару мүшесіне не жатады?
A. Мальпиги түтіктері.
B. Бүйрек.
C. Жүрек.
D. Ішек.
E. Өкпе.
7. Алабұғаның желбезек жапырақшалары қай
жерінде орналасқан?
A. Желбезек қақпақшаларында.
B. Желбезек доғасында
C. Дене қуысында.
D. Жүзу қанаттарында.
E. Бас сүйегінде.
8. Қандай сезім мүшесі балықтарға тән?
A. Есту мүшесі.
B. Көзі.
C. Бүйір сызығы.
D. Дәм сезу.
E. Иіс сзеу.
9. Алабұғаның желбезек қақпақшасыи қандай қызмет
атқарады?
A. Тірек қызметін.
B. Зәр шығару.
C. Дәм сезу.
D. Нәзік желбезектерді сырт жағынан қорғап, жауып
тұрады.
E. Кез-келген газдарды өткізеді.
10. Алабұғаның ас қорыту жүйесінің қай бөліміне
бауыр мен ұйқы безінің жолдары ашылады?
A. Өңеш.
B. Қарын.
C. Ащы ішек.
D. Клоака.
E. Артқы ішек.
11.Балықтың жүрегі неше камералы?
A. Үш камералы.
B. Екі камералы.
C. Төрт камералы.
D Бір камералы..
E. Көп камералы.
12. Балықтан бөлінетін қою ақ сұйықтық – шоғал, ол
не?
A. Жұмыртқа жасушасының өнімі.
B. Аталық бездің ұрығы.
C. Уылдырықтар.
D. Нәжістер.
E. Шабақтары.
13. Балықтың қабырғалары омыртқаның қай бөлігіне
жалғасады?
A. Тұлға бөлігінде омыртқалардың екі бүйірінде.
B. Омыртқаның құйрық бөлігіне.
C. Үстіңгі доғаға.
D. Астыңғы доғаға.
E. Көкірекке.
14. Шеміршекті балықтарға қайсысы жатады?
A. Бекіре.
B. Акула.
C. Алабға.
D. Латимерия.
E. Сом.
15.Алабұғаның денесінің қаңқа бөлігі не деп аталды?
A. Бассүйек.
B. Омыртқа жотасы.
C. Жүзбеқанаты
D. Жұлын.
E. Құйрық жүзбеқанаты.
16. Латимерия алабұғадан қай мүшелерінің
құрылысы арқылы ерекшеленді?
A. Көздерімен.
B. Жұптасып орналасқан жүзу қанаттарымен.
C. Желбезек қақпақшасымен.
D. Жақтарымен
E. Дара жүзбеқанаттарымен.
1. Балықтардың қимыл үйлесімділігіне байланысты
миының қай бөлімі жақсы дамыған?
A. Алдыңғы ми.
B. Аралық ми.
C. Ортаңғы ми.
D. Мишық.
E. Жұлын.
2. Алабұғаның қай жүзу қанаттары бас сүйегімен
жалғанып жатады?
A. Құйрық қанаттары.
B. Құрсақ қанаттары.
C. Көкірек қанаттары.
D. Арқа қанаттары.
E. Аналь жүзбе қанаты.
3. Балықтың омыртқаларының үстіндегі доғасынан
түзілген омыртқа жотасының каналында не
орналасқан?
A. Хорда.
B. Жұлын.
C.Арқа ортасы.
D. Құрсақ ортасы.
E. Қуыс көктамыр.
4. Қандай балықтарда желбезек қақпағы болмайды?
A. Сүйекті балықтарда.
B. Шеміршікті балықтарда.
C. Саусаққанатты балықтарда.
D. Қостыныстыларда.
E. Бекірелерде.
5. Қандай балықтарда торсылдақ болмайды?
A. Алабұғада.
B. Шортанда.
C. Акулада.
D. Трескада.
E. Жайын балықта.
6. Алабұғаның зәр шығару мүшесіне не жатады?
A. Мальпиги түтіктері.
B. Бүйрек.
C. Жүрек.
D. Ішек.
E. Өкпе.
7. Алабұғаның желбезек жапырақшалары қай
жерінде орналасқан?
A. Желбезек қақпақшаларында.
B. Желбезек доғасында
C. Дене қуысында.
D. Жүзу қанаттарында.
E. Бас сүйегінде.
8. Қандай сезім мүшесі балықтарға тән?
A. Есту мүшесі.
B. Көзі.
C. Бүйір сызығы.
D. Дәм сезу.
E. Иіс сзеу.
9. Алабұғаның желбезек қақпақшасыи қандай қызмет
атқарады?
A. Тірек қызметін.
B. Зәр шығару.
C. Дәм сезу.
D. Нәзік желбезектерді сырт жағынан қорғап, жауып
тұрады.
E. Кез-келген газдарды өткізеді.
10. Алабұғаның ас қорыту жүйесінің қай бөліміне
бауыр мен ұйқы безінің жолдары ашылады?
A. Өңеш.
B. Қарын.
C. Ащы ішек.
D. Клоака.
E. Артқы ішек.
11.Балықтың жүрегі неше камералы?
A. Үш камералы.
B. Екі камералы.
C. Төрт камералы.
D Бір камералы..
E. Көп камералы.
12. Балықтан бөлінетін қою ақ сұйықтық – шоғал, ол
не?
A. Жұмыртқа жасушасының өнімі.
B. Аталық бездің ұрығы.
C. Уылдырықтар.
D. Нәжістер.
E. Шабақтары.
13. Балықтың қабырғалары омыртқаның қай бөлігіне
жалғасады?
A. Тұлға бөлігінде омыртқалардың екі бүйірінде.
B. Омыртқаның құйрық бөлігіне.
C. Үстіңгі доғаға.
D. Астыңғы доғаға.
E. Көкірекке.
14. Шеміршекті балықтарға қайсысы жатады?
A. Бекіре.
B. Акула.
C. Алабға.
D. Латимерия.
E. Сом.
15.Алабұғаның денесінің қаңқа бөлігі не деп аталды?
A. Бассүйек.
B. Омыртқа жотасы.
C. Жүзбеқанаты
D. Жұлын.
E. Құйрық жүзбеқанаты.
16. Латимерия алабұғадан қай мүшелерінің
құрылысы арқылы ерекшеленді?
A. Көздерімен.
B. Жұптасып орналасқан жүзу қанаттарымен.
C. Желбезек қақпақшасымен.
D. Жақтарымен
E. Дара жүзбеқанаттарымен.
ІV Қорытындылау. Электронды
оқулық арқылы.
V Бағалау.
VI Үйге тапсырма. §52 оқу, 255
беттегі кестені толтыру.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz