Құс шаруашылығын дамыту




Презентация қосу
ҚОШ
КЕЛІПСІЗДЕР!!!

ДЕҢГЕЙЛЕП
САРАЛАП ОҚЫТУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Сабақтың мақсаты:
Оқушылар мен ізгілікпен
жомарттыққа, табандылықпен
алғырлыққа баулып туған өлкенің
үшқан құсы мен жүгірген аңының
қадір –қасиетін бағалай біліуге
баулу. Экологиялық тәрбие беру

Құрметті достар
көктем жаршысы,
адамзаттың досы
жыл құстарын
салтанатты түрде
қарсы алайық

Практикалық жұмыстар

Сабақтың тақырыбы: Құс шаруашылығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: құс шаруашылығы, құстардың адам
өміріндегі маңызы туралы жалпы түсінік
қалыптастыру
Дамытушылық: оқулықпен дербес жұмыс істеу,
қорытынды жасау білуге үйрету
Тәрбиелік: табиғатқа қамқорлықпен қарау,
құстарды қорғауға тәрбиелеу
Сабақ түрі: жұппен жұмыс
Әдісі: Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту
технологиясы бойынша

Сабақ барысы:
I кезең: Ой- маржан (ұйымдастыру кезеңі)
Өткен сабақты қайталау, жинақтау.
•Құстар дүниесінде таралған түр саны
•Құстарды зерттейтін ғылым саласы
•Туымыздағы бүркіт бейнесі нені білдіреді
•Қосарлы тынысалу дегеніміз не?
•Халқымыздың күміс көмей әншісі Күлаш Байсейітованы қандай
құсқа теңеді?
•Ірі қауырсындардың теріге еніп тұрған бөлігі
•Ата-бабамыз жыртқыш құстарға қалай қараған?
•Бұдан 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі
•А, Құнанбаев атамыздың бір өлеңі бүркітпен аң аулау. Осы
өлеңнің аты қалай аталады?
•Қарлығаш қандай құс?
•Ең ірі құс және оның салмағы қандай?
•Ең ұзақ жұмыртқа басатын құс

I кезең
1-тапсырма. Сөйлемдердегі түсіп қалған сөздерді
тауып жаз.
Өңештің кеңейген бөлігі___________деп аталады.
Құстардың
жақсүйектерінде____________________болмайды.
Құстардың
қарыны________________________бөлімдерден тұрады.
2-тапсырма. Дұрыс жауаптардың астын сызып көрсет
А.Құстардың денесіне қандай қан тарайды – вена қаны,
аралас қан, артерия қаны.
Ә.Құстарға тән қосаролы тынысалу кезінде қан қандай
газбен тотығады – тек көмірқышқыл газымен, тек
оттегімен, аралас газбен.
Б. Құстардың зәршығару жүйесінде қандай мүшесі
болмайды – бүйрегі, қуығы. Несепағары.

3-тапсырма.
А.Қыртөссіз (жүгіретін) құстардың жеке
отрядтарына оларға жататын құс
түрлеріне және таралған аймақтарына
кесте сызып, толтыр:
Рет
саны

Отрядтары

Түрлері

Таралған
аймақтары

Ә.Құстар тіршілік ететін табиғи орта
жағдайларына байланысты кестені
толтыр:
Рет Топтастыру
саны

Сулы, батпақты
жердің құстары

Орман құстары

Ашық далалы

Түрлері

II кезең
1. тапсырма. Қолға үйретілген асыранды құстардың
қандай отрядтарға жататынын тақырып мәтінінен
тауып жаз:

Рет
саны

Түрлері
Тауық
Үйрек
Қаз
Күркетауық
Көгершін
Баққунақ
Жапон бөденесі

Отрядтары

2. тапсырма:
Асыранды құстардың арғы жабайы тегін тақырып мәтінінен тауып жаз.
А. Тауықтың ____________________________________________
Ә. Үйректің_________________________________
Б. Қаздың_________________________________
3. тапсырма:
Үй тауығының қандай бағытта өсірілетінін және оған қандай тауық тұқымдары
жататынын кестеге толтыр:

Рет Өсірілетін бағыттары
саны

Тұқымдары

4-тапсырма:
Сөйлемдердегі түсіп қалған сөздерді тауып
жаз:
Жапонияда етті бағытта өсірілетін бөдене
тұқымы__________________________деп
аталады.
Жапония мен Қытайда
тауықтың_____________________тұқымы
әсемдік үшін қолда өсіріледі.

III кезең
I деңгей
Сұрақтардың дұрыс жауаптарының астын
сызып көрсет:
А. Үй құстарының белгілі бір мақсатқа сай
қолдан сұрыптау арқылы шығарылған тобы қалай
аталады – түр, іріктеме, тұқым, бройлер.
Ә. Мексика мен Американың оңтүстігінде алғаш
рет қолға үйретілген асыранды құс: - тауық,
күркетауық, қаз, бөдене.
Б. Құйрық қанаттары ұзын, әр түрлі әсемдік
бұйым ретінде қолдану үшін қолда өсірілетін құс
– цесарка, үйрек, қаз, тауық.

II деңгей
Құс қаңқасы бойынша кестені толтыр
(№ 21 зертханалық жұмыс)
Қаңқаның
бөлімдері

Құрылыс
еркшеліктері

III деңгей Тестік тапсырмалар
1.Құстардың қаңқасына не тән?
А) тығыз құрылысы Б) қыр , жеңілдігі В) мойны қозғалыссыз Г) тар кеуде
қуысы
2. Құстардың қандай бездері бар?
А) тері бездері Б) құйымшақ безі В) май бездері Г) сүт бездері
3. Құстарда ғана кездесетін сүйек?
А) жіліншік Б) саусақ
В) жауырын Г) төс
4. Құстарда үлкен қан айналым шеңбері қайдан басталады?
А) оң жақ жүрекше
Б) сол жақ жүрекше В) сол жақ қарынша
Г) оң жақ
қарынша
5. Құстарда мидың қай бөлігі жақсы дамыған?
А) мишық Б) сопақша ми
В) үлкен ми сыңарлары Г) ортаңғы ми
6. Қай сезім мүшесі құстарда нашар дамыған?
А) иіс сезу
Б) көру
В) есту Г) барлығы жақсы дамыған
7. Төмендегілердің қайсысы қызылшақа балапанға жатады?
А) кептерлер Б) қаздар
В) тауық
Г) үйрек
8. Құстарда ұшқан кезде тыныс алуы қандай?
А) жиі-жиі тыныс алады
Б) қосарлы
В) сирек тыныс алады
Г) күрделі
9. Құстарда ең дамыған бұлшықеттер қандай?
А) кеуде, бұғана асты
Б) аяқ-қол бұлшықеттері В) қабырға арасы Г) мойын
10. Қай құстардың төс сүйегінің алдыңғы қыры жоқ?
А) шағала Б) африка түйеқұсы
В) пингвин Г) тырна

Үйге тапсырма:
1. Жергілікті жердегі құстардың түрін
анықтау.
2. Құстардың адам үшін маңызы.
3. Құстар біздің досымыз тақырыбында
(реферат дайындау)
Оқушылар білімін бағалау

Тыңдағандарыңызға
рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Ауылшаруашылық инфрақұрылымын дамыту
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
Екінші ыстық тағамдарды дайындау
Қазақстандағы мал шаруашылығы
Ауыл шаруашылығын дамыту
Ауыл шаруашылығының даму процессі
Қазақстанда аграрлық заңнамалардың даму тарихы
МАЛ ФЕРМАЛАРЫНДАҒЫ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ НЫСАНДАР ЖӘНЕ САНИТАРИЯЛЫҚ НОРМАЛАР
Құс шаруашылығы. Құс өсірудің әдісі
Құс шаруашылығына жалпы сипаттама
Пәндер