Оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін дамыту
Презентация қосу
Дарынды балалармен жұмыс
істеу концепциясы
Дарынды балалардың қабілетінің дамуына
тиімді жағдай жасау, әрі аталған сәтте
дарыны бұғып жатқан шәкірттер мен дұрыс
бағыт берсе, талантынан үміт күттіретін
балалармен істес болу мектеп жүргізетін
жұмыстың басты бағыты болып табылады.
Мектеп мұғалімінің дарынды
балалармен
жұмыс істеудің мақсаты –
дарынды балаларды тауып, оларға
жағдай жасап, тиімді дамуына
септесу.
Дарынды баланы табуды жүзеге асыру үшін
мынадай міндеттерді шешу қажет:
1. Дарынды балалармен жұмыс істеуде өз тиімділігін беретін психологиялық
ерекшеліктердің ғылыми мәліметтер мен әдістемелік амал-тәсілдер жайында
мұғалім таныс болуы керек;
2. Мектептердің сабақтан тыс уақытындағы және оқу кезіндегі іс-әрекеттеріне
мақсатты бағытталған бақылау өткізу;
3. Дарындылықтың бар екендігін танытуға көмектесетін материалдарды екшеу
және арнайы тестілеулер өткізу. Онда мынадай іс-әрекет түрлері бірлікте
болып келеді:
• аталған бағыт бойынша қолда бар практикалық іс-тәжірибелермен таныс болу;
• тестілеудің қорытындылары мен шынайы іс-әрекеттегі жетістіктердің
арасындағы байланыстылықты ұзақ бақылау;
• баланың өз қабілетін танытатын сабақтан тыс уақыттағы түрлі байқаулар,
олимпиадаларды өткізу.
Дарындылардың жетілуін ұштайтын жағдай
жасауды жүзеге асыру үшін мынадай
міндеттерді шешу қажет:
1. Дербес ойлауды, бастамашылдықты және
шығармашылдықты дамытуға септігі тиетін әдістерді,
формаларды, амал-тәсілдерді білім беру
жүйелеріарасынан таңдап алып қолдану.
2. Ғылыми жетекшісімен бірге қабілетін жетілдіре түсуге
мүмкіндік беру;
3. Белгілі бір салада дарындылықтары танылғандарға арнап,
икемді дербес оқыту бағдарламаларын жобалап жасап
шығу;
4. Оқушының дербестігіне құрметпен қарау.
Дарынды балалармен
жемісті жұмыс
істеудің жағдайы:
• Бұл жұмыстың аса маңызды екенін мектеп ұжымының бір кісідей
сезінуі және оқуға деген жағымды уәждану туғызу проблемасына жете
көңіл бөлулері;
• Дарынды балалармен жұмыс істеуде пәндік жүйеішілік және әдістемелік
жүйені құрып, оларды үнемі жетілдіріп отыру;
• Дарынды балалармен жұмыс істеудің жүйесін іске асыру мектептің
жұмысындағы ең басым екенін басшылық пен ұжымның ұғынып тануы;
• Бірінші кезекте дарынды балалармен жұмыс істеуге мынандай белгілі
бір кәсіби біліктілікке ие мұғалімдерді тарту;
• Мұғалім дарынды бала үшін тұлға ретінде танылып, оның шақыруына
құлақ асатын, өзіне айтылған орынды сынға келісетін, жұмыс үстіндегі
стреске шалдықпаған жан болуға тиіс;
• Мұғалім дарынды баламен қарым-қатынасқа түскенде оның қабілетін
таныта білу үшін оңды бағыт беруі тиіс;
• Мұғалім өзіне сенімді және туындайтын проблеманы шеше білетін және
өз шешімінен туындаған келеңсіздікке жауап бере алатын, сенімге ие жан
болуға тиіс;
• Мұғалім өзін қоршағандардың өз проблемаларын өздері шеше
білетіндіктерімен есептесетін, балалармен арадағы достастыққа кәміл
сенетін, өз басын қадір тұтатын жан болуға тиіс;
Мұғалім өзінің интеллектуалды жетілуіне ұмтылатын, өзінің білім
қорын молайтуға барын салатын, басқалардан өзі де үйреніп, өз білгенін
өзгеден аяп қалмайтын жан болуға тиіс.
Білім берудің мазмұны
Дарынды оқушылармен жеке оқу жоспары бойынша жұмыс істейді.
Бұл оның негізгі базалық білімнен бөлек төмендегідей пәндерді:
математиканық таңдаулы тараулары, қолданбалы математика,
стилистиканы оқытуды ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Сабақтан
тыс уақытта басқа да пәндік үйірмелер, қызығушылық таныту бойынша
құрылған үйірмелер жұмыс жасайды. Оған дарынды оқушыларының бірі
қалмай қатысады.
Білім берудің технологиясы мен әдістері
Дарынды оқушыларға білім мен тәлім-тәрбие берудегі тұлғалықбағдарлаушы технологиялар (бөліп оқыту деңгейінің технологиясы,
ақпараттық технологиялар, жобалау әдісі, зерттеушілік іс-әрекет);
дәстүрден тыс сабақ формалары (семинар-сабақ, саяхат-сабақ,
бейнгесабақ, іскер ойындар және т.с.с.) түрінде болып келеді.
Оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін
дамыту мақсаты
1) Зерттеушілік іс-әрекетпен айналыса алатын оқушыларды
тауып, оларға қолдау жасау;
2) Оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілетін
дамытып, олардың ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеттеріне
әкімшілік және ұстаздар ұжымының тарапынан қолдау
көрсету;
3) Үнемі өзгеріске ұшырап отыратын әлеуметтік-мәдени
жағдайда қоршаған ортаны гуманистік тұрғыда ұғынатын
оқушылардың тұлға ретінде қалыптасып өзін танытуына
барынша мүмкіндік жасау;
Мақсаттан шығатын зерттеушілік
іс-әрекетті дамытудың міндеттері
1. Ғылыми көзқарасты қалыптастыру;
2. Қоршаған орта туралы білімді насихаттау;
3. Ғылыми-зерттеушілік жұмыстың қазіргі заманғы
әдістерімен танысу;
4. Рухани мәдени және адамгершілік тәрбие беру;
5. Өткізілетін олимпиадаға, байқауға, конференцияға,
ғылыми-тәжірибелік семинарларға қатысу.
Зерттеушілік іс-әрекеттеріне ғылыми жетекшілік жасау
бірнеше бағытта жүзеге асырылады:
1) Екі аспектіде алынып қарастырылатын дербес жұмыс:
• жеке тапсырмалар, бір реткі хабарламаларды дайындау,
әдебиеттер
тізімін жинақтау, көрнекі құралды дайындау, жұмыстың
компьютерлік безендірілуіне көмектесу;
• ғылыми хабарламаның тақырыбын жобалау, ақыл-кеңес жағынан
көмектесу;
2) Топтық форма өз бойына түрлі пәндік салалар бойынша алынған
ақпараттар пайдаланылатын бірлескен зерттеушілік жобаны енгізеді;
3) Бұқаралық форма дегеніміз-ғұмыры тамаша адамдармен, ғылым
мен мәдениет қайраткерлерімен кездесу, мұғалімдермен бірлесіп пән
апталығын, мектепішілік олимпиаданы, ғылыми-тәжірибелік
конференцияны, аймақтық және қалалық іс-шараларды өткізу.
Дарындылық дегеніміз - жүйелі түрде бүткіл өмір жолына
дамып, өркендеп отыратын психикалық сипат. Ол арқылы
адамның басқаларға қарағанда өте жоғары нәтижеге қол
жеткізетіндігі танылады.
Дарынды бала дегеніміз - өзгелерден, яғни құрбыларынан ой
өрісі жағынан өзгешеленіп тұратын бала. Кейде үлкендердің
өзі қол жеткізе бермейтін жетістіктерге не ана, не мына ісәрекет түрінде оңайлықпен жетісе алады.
Дарындылықтың белгілері - баланың шынайы өмірінде
бірден танылса, енді бірде ұстаздардың көмегімен ашылады.
Бұл белгінің айқын көрінісі баланың өзіне берілген тапсырма
түрін жоғары өреліктегі іс-әрекетпен орындаған шағында
танылады.
Оқушылардың ғылыми-зерттеу
жұмыстарының тақырыбы
1. Пифагор үшбұрышымен байланысты
арифметикалық тапсырма.
2. Герон үшбұрышымен байланысты
арифметикалық тапсырма.
3. Функция.
4. Үшбұрыштағы нүкте.
5. Тік бұрыштарды айқастыру.
6. Төртбұрыштың элементтері арасындағы
байланыс.
7. Жай сандардың бөліну заңдылығы.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz