11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдері




Презентация қосу
11

11-класс оқушыларын ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдістері мен
тәсілдері.

Мақсаты:
Орыс тілінде оқитын
оқушылардың қазақ тілінен
ҰБТ-ға дайындық деңгейін
көтеру, тест сұрақтарына
дұрыс жауап беру мәселелерін
шешу және жоғары нәтижеге
жету.

Міндеттері:
Қазақ тілін өзге ұлт балаларына

оқытудың сапасын арттыру жолдары
мен құралдарын меңгеруге ықпал ету,
оқыту тестпен жұмыс жасау;
Түлектерді ҰБТ-ға дайындау;
Тілдік материалдарды меңгеру;
Елтану материалдарын меңгерту;
Сөздік қорын жетілдіру.

Күтілетін нәтижелер:
Оқушылар тест сұрақтарын түсінеді;
Дұрыс жауапты таңдау әдістерін

біледі;
Оқушылардың тест сұрақтарын шешу
дағдысы дамиды;
Сөздік жұмысын істеу дағдысы
жақсарады;
Оқушылар өз бетінше тест құрай
алады.

Түлектерді ҰБТ –ға дайындау
бойынша жүргізілетін жұмыс түрлері:
бағдарлама бойынша әр тарауды қамтып 25 сұрақтан

тұратын тест құрастырылады;
әр тарау біткен соң, тест өткізіледі, мәтіндер бойынша
сұрақтар, қайталанған грамматикалық тақырыптар қоса
алынып отырады;
топтық жұмыс – топ интерактивтік тақтамен бір
нұсқаны бірлесе талдайды;
жұппен жұмыс - әр компьютерге 2 оқушыдан
отырылғызылады (ереже дәптерімен жұмыс);
жеке жұмыс - әр оқушы ереже дәптерін пайдаланып өз
бетінше тапсырма орындайды (мұғалім тексереді,
түсінбеген сұрақтарына кеңес береді);
Елтану материалдары мен грамматикалық
материалдарды сабақта үнемі қайталап отырамын.

Тест орындаған кезде оқушылар көбіне – көп үндестік заңына
бағынбайтын жұрнақтар, есім сөздерден жасалатын
жұрнақтар, туынды сөз жасайтын жұрнактардан кате жібереді,
сондықтан өз тәжірибемде тірек сызбаларды, кестелерді көп
пайдаланамын.
Зат есім
тудырат
ын
жұрнақт
ар
Зат
есім
Қой-шы,
Балалық,
Туыстық

Сын
есім

Жақсы-лық,
Молшылық,
Биік-тік

Сан
есім

Алты-лық,
Он-дық,
Төрт-тік

Етістік

Суыр-ма,
Сөйле-м,
Шайқа-с

Келесіде есте сақтау үшін
жекеленген сұрақтарды қалай тез
орындауға болатынын талдап
түсіндіру:
•Сұрақты асықпай назарлы, түсіне оқып шығу;
•Сұраққа қатысты грамматикалық материалды еске түсіру.

Мысалы: «Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз» деген тапсырма берілсе,
дұрыс жауапты қалай тез табуға болады:
Біріншіден: жалғаулық шылауы бар сөйлемді іздеу;
Екіншіден: жалғаулық шылауы бар сөйлем жоқ болса, бірінші жай сөйлемнің
баяндауышына қараймыз, ол тиянақты формада тұруы керек.
«Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз» деген тапсырма берілсе, дұрыс
жауапты қалай тез табуға болады:
Біріншіден: жай сөйлемдерді алып тастаймыз;
Екіншіден: шылауы бар сөйлемдерді бірден алып тастаймыз, себебі
сабақтастың ешқандай түрінде шылауы жоқ;
Үшіншіден: шылауы бар сөйлем жоқ болса, барлық баяндауышы тиянақты
сөйлемдерді алып тастаймыз; себебі, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы
тиянақсыз формада тұрады.

Қорытынды:
•Егер оқушы грамматикалық тақырыптарды орта

деңгейде білсе, 15 сұраққа дұрыс жауап бере алады;
•Оқушыларды сұрақты түсіне оқуға жаттықтыру керек;
•Елтану материалына көбірек көңіл бөлу керек;
•Тест тапсырмаларын шеше отырып, оқушылар өз
білімін әрі теориялық жағынан, әрі практикалық
жағынан толықтырады;
•Оқушыларды назарлылыққа, жауапкершілікке,
еңбекқорлыққа, уақытты бағалай білуге баулу керек;
•Әр оқушы өз күшіне сенуі керек;
•Оқушыларда ереже дәптерлері жеке болса, ыңғайлы
болар еді;
•Кез келген сабақта ҚР елтану материалдары бойынша
сөйлесіп отыру (3-5 минут), бұл – оқушылардың жадын
жаттықтырар еді деп ойлаймын.

ҰБТ бойынша төрт жылдық
көрсеткіші:
орташа балл

0

2007-2008 2008-2009 2009-2010 2010-2011

Дайындаған: Болгар мектеп-бақшасының орыс
кластарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің
мұғалімі- Сания Ергалиевна Сейтенова

2012 жыл.

Назарларыңызға рахмет!

Шығармашылық табыс
тілеймін!


Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды ҰБТ – ға дайындау жұмысының жүйесі
Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны
Оқушыны ҰБТ-ге дайындау
Сынып бойынша сапа
Оқушыны ҰБТ-ға дайындау жұмыстарының тиімділігін арттыру жолдары
Қазақ тілінен тақырыптық тестпен жұмыс істеудің тиімділігі
Сөз мағынасы
ҰБТ - 2012 ГЕОГРАФИЯ
Болымды етістік
География пәнінен ҰБТ-ке дайындау жолдары
Пәндер