Ыбырай Алтынсарин


Slide 1

Тақырыбы:

Ыбырай Алтынсарин

Slide 2

Мақсаты:

Білімділігі: Қазақтың ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің өмірі мен ағарту саласындағы халқына сіңірген еңбегін жан - жақты таныстыра отырып, оқушылардың өз бетімен білім алуына жетелеу.

Дамытушылығы: Жаңа сабақ материалдарын оқып - үйренуде оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау, іздену, зерттеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелеу: Оқушыларды Ы. Алтынсариннің өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі алуға, еліне, халқына, ұлы тұлғаларға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Slide 3

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекілігі: кестелер, слайд, схема, плакат, ақынның суреті.

Сабақтың әдісі: слайдтармен жұмыс

І. Ұйымдастыру

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу

2. Оқушылардың назарын

сабаққа аудару

Slide 4

ІІ. «Өзіңе сен, өзіңді сүйреп шығар. . . » үй тапсырмасын сұрау

1. «Қоржыннан шыққан сұрақтар»

Абай қай жылы дүниеге келді? (1845 жылы 10 тамызда бұрынғы Семей облысы Абай ауданы Шыңғыс тауының етегінде)

Абайдың әкесі кім? (әкесі Құнанбай кезінде болыс, аға сұлтандық қызметтер атқарған)

Абайдың әжесі мен анасы кімдер? (әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі аңыздар - Абай сусындаған халық әдебиетінің алғашқы үлгілері)

Абай қай тілдерді жақсы меңгерген? (мектепте дін сабағын жеңіл меңігеріп, араб, парсы, түркі тілдерін және орысша үйренеді)

Slide 5

2. Тестпен жұмыс

1. Абылай хан қай жылы дүниеге келді?

А) 1718 ж Ә) 1715 ж Б) 1713 ж В) 1711 ж

2. Абылай ресми түрде қай жылы хан болып сайланды?

А) 1771 ж Ә) 1781 ж Б) 1731 ж В) 1733 ж

1. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс қай жылдары өтті?

А) 1820 - 1829 жж Ә) 1716 - 1723 жж

Б) 1837 - 1847 жж В) 1845 - 1852 жж

2. 1836 - 1838 жылдардағы көтеріліс басшыларының бірі, жауынгер ақын:

А) Жәнібек Ә) Махамбет Б) Бөкей В) Жанайдар

Slide 6

1. Шоқан Уәлиханов қай жылдары өмір сүрді?

А) 1802 - 1847 жж Ә) 1835 - 1861 жж

Б) 1835 - 1865 жж В) 1830 - 1865 жж

2. Шоқан Уәлихановтың Сібір кадет корпусына оқуға түскен жылы

А) 1858 ж Ә) 1857 ж Б) 1835 ж

В) 1847 ж

1. Абай қай жылдары өмір сүрді?

А) 1845 - 1905 жж Ә) 1844 - 1904 жж

Б) 1845 - 1904 жж В) 1836 - 1904 жж

2. Абай орыстың қай ақынының шығармасына арнап өлең шығарады?

А) Лермонтов Ә) Салтыков - Щедрин

Б) Толостой В) Пушкин

Slide 7

Балалар, бүгінгі жаңа сабақты бастауымыз мына өлеңнің жалғасын тауып, авторын анықтауымызға байланысты:

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған. . .

Өлеңнің жалғасын кім айтады?

Өлеңнің тақырыбы мен авторын ата

Slide 8

Олай болса біздің бүгінгі сабағымыз ұлы ағартушы, педагог, ғалым Ыбырай Алтынсаринге арналады

Жаңа сабақтың жоспары:

Ыбырайдың өмірі мен балалық шағы

Ыбырай - ұстаз

Ыбырай - жазушы

Ыбырай - ақын

Ыбырай - аудармашы

Slide 9

Ағартушы, педагог, жазушы, ғалым, балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай обылысының Торғай жерінде дүниеге келген. Әкесінен жастайынан айырылған Ыбырай атасы Балғожа би тәрбиелейді. 1857 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітіреді. Мұнда орыс, араб, татар және парсы тілдерін жақсы меңгеріп шығады.

Мектепті 1857 жылы бітіріп, атасы Балғожа бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарады. 1864 жылы Торғайда қазақ балаларына арналып ашылған мектепте ұстаздық етеді.

Сол замандағы қаражаттың жетіспеушілігі, мектеп үйі, құрал - аспаптардың жоқтығы да оны мұқалта алмады. Ол ауыл - ауылды аралап, халыққа білім беретін зиялы мектептердің артықшылығын түсіндірді. Өзінің насихатын халықтың жүрегіне жеткізе білген оған халық арасынан қолдау көрсетушілер табылды. Қаржы жинаудың ең алдымен өзі бастап, атасы Балғожаның еншісіне берген малын сатып, түскен ақшаны мектеп салуға жұмсады. Оқу үйі жетіспеген кезде, оқу - білім іздеген қазақ балаларын өз үйіне жатқызып оқытқан.

Slide 10

Сол замнның ең озық білім ордалары саналған Петербург, Қазан қалаларына барып, орыс ағартушыларының еңбектерімен, орыс үкіметінің халыққа білім беру жүйесімен танысты. Солармен таныса отырып, қазақ балаларына арналған оқулықтар жасаумен айналысты.

1879 жылы Ыбырай Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына тағайындалды. Осы жылы оның алғашқы қазақ тіліндегі оқулығы «Қазақ хрестомтиясы» Орынбор қаласында жарық көрді. Бұл «Қазақ хрстоматиясы» оқулығына енгізілген өлеңдер мен әңгімелерінің тәрбиелік, білімдік маңызы зор болды. Мысалы, (Кел, балалар, оқылық!), (Өнер білім бар жұрттар) сияқты оқырман қауымның жүрегінен шықты. Сонымен қатар «Қазақ христоматиясындағы» бірқатар өлеңдері шәкірттерді отаның сүюге, адамгершілікке, тәлім - тәрбиеге жетелейді.

Slide 11

Ыбырай қазақ даласында бірінші болып қызыдарды білімге тартты. 1887 жылы Ырғызда жанында интернаты бар қыздарға арналған мектеп ашты.

Ыбырай Алтынсарин сонымен қатар жазушы да. Қазақ балаларының жас ерекшеліктеріне лайықтап, түсінікті етіп әңгімелер жазды. Ол орыс тіліндегі балаларға арналған көптеген шығармаларды қазақ тіліне жеңіл аудара білді. Ыбырай Алтынсарин ұлтымыздың халық ағарту саласында көп еңбек етті. Ол 48 жысында ерте қайтыс болса да, болашақ ұрпаққа тәлім болар мол еңбек қалдырды. Ыбырай Алтынсариннің еңбегі қазақ халқының мәдени және рухани дамуына, алдыңғы қатарлы озық мәдениетке жетуге игі ықпал етті.

Slide 12

ІҮ. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»

Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін айтқызу.

Ү. «Тарихи тұлғаны танып біл»

1. Шоқан Уәлиханов

2. Абай Құнанбаев

3. Ыбырай Алтынсарин

Slide 13

ҮІ. «Ойашар» сәйкестендіру

Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді

3

1887 жыл

Ы. Алтынсарин қай жылы мектепті бітіріп, атасы Балғожа бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарды

5

1879 жыл

Ы. Алтынсарин Ырғызда жанында интернаты бар қыздарға арналған мектепті қай жылы ашты

1

1841 жыл

Ы. Алтынсарин Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына қай жылы тағайындалды

2

1864 жылы

Ы. Алтынсарин Торғайда қазақ балаларына арналған мектепте қай жылы ұстаздық етті

4

1857 жыл

Slide 14

ҮІІІ. «Менің білім деңгейім»

Тест


Ұқсас жұмыстар
Үміт еткен көзімнің нұры - балам, Жаныңа жәрдем берсін Хақ тағалам
Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдық мерейтойына орай викторина
Атақты Балғожа бидің немересі
Жәңгір хан
Ы. Алтынсарин. «Қыпшақ Сейітқұл»
Ыбырайдың әңгімелері
Ыбырай Алтынсарин “Залым төреге” өлеңін талдау
АЛТЫНСАРИН АШҚАН МЕКТЕПТЕР
Өлеңнің негізгі идеясы - қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету
Бастауыш сыныпта
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz