Оқушыларды бағалаудағы психологиялық ерекшеліктер




Презентация қосу
Оқушыларды бағалаудағы
психологиялық ерекшеліктер.

Оқушылардың білімін бағалау үшін мынадай жағдайларды
ескеру қажет:
- Оқушы білімін жақсы жақтарын және кемшіліктерін
дәлелдеу;
- Баға әділетті болуы қажет, оқушының бағасын әдейі
төмендетуге, оған өте жеңіл-желпі қарауға және
ымырашылыққа салынуға болмайды;
- Оқушылардың кейбір теріс қылықтары үшін бағаны жазалау
құралы есебінде қарастыруға болмайды;
- Әрбір баға-бұл тек қана білімді есепке алу емес, ол шын
тәрбиелік құрал. Оқушы білімін бағалауда немқұрайлылыққа
салынуға болмайды;

Оқушы білімін тексерудегі психологиялық талаптар.

1.Кімнің білімін тексергің келсе, алдын ала белгіле.
Белгілеген оқушыны бірден шақыр. Егер оқушы
нашар, өзіне-өзі сенімсіз болса, онымен қалай
сөйлесуді ойластыр, ыңғайсыз ескертулермен бағалау
жасама.
2.Тақтаға шыққан оқушыдан бірден жауап бере ала ма,
жоқ уақыт керек пе деп сұра және жағдай жаса. Ол
дайындалғанша басқалары үшін тапсырма дайын
болғаны жөн.
3.Үй жұмысын орындағанда және сыныпқа жауап
бергенде жазбаша жоспар жасауға үйрет, сол
жоспармен жауап беруге рұқсат бер. Жоспар жасау
барлық оқушыларға бірдей қажетті деп ойламаймын.

4. Оқушы жауап бере бастағаннан кейін басқа
істің бәрін таста, ары-бері жүрме, тыңда және
жауап берушіні мақұлдағаныңды білгіз.
Мақтауға болатындай жауабын ізде.Қателері
болса көрсет, айт, оның өзіне өз бетінше
түзетуге жағдай жаса, көмектес.
5. Егер оқушы өз бетінше түзете алмаса, өзің
түзете бастасаң, ең бірінші оқушыны
отырғызуды ұмытпа. Өйткені тақтаның
жанында тұрып өз қатесін түсінбек түгіл,
дұрыс шешімді тыңдауға да жағдайы
болмайды.

6. Оқушы жауап беріп тұрған кезде сөзін бөлме,
түзете берме, қосымша сұрақтарымен аузына
сөз салуға тырыспа, өйткені оның ойлау
жүйесін бұзасың.
7. Жауап тыңдағанда басқаға көңіл бөлме, өйткені
обьективті түрде бағалай алмайсың. Егер
жауабында дәлсіздік, түсініксіз жерлері болса,
қосымша сұрақты оқушының жауабын
нақтылауға қой.

Психофизиологиялық Қалыпты
сипаттама
мүмкіндіктен
ауытқушылық

Мұғалімге ұсыныс

Жасөспірімдік кезең:
дағдарыс, гормоналді
буырқаныс.
Сабырсыз және
тұрақсыз кезең.
Жыныстық жетілу
кезеңі.
Өмірге шаттылық
қасиетін арттыру және
белсенді іске
ұмтылушылық

Баланың өзін-өзі
жақсы сезінуіне
барынша жағдау
жасау керек.

Жүрек дененің өсу
қабілетіне толықтай
жауап беріп, сәйкесе
алмайды.Ағзаның
ауырлығы пайда
болады.Әркез өсу
үрдісі ауыру
сипатында да көрініс
табады. Оның
салдарынан ұйқылы
ояу ойланушылық,
бозару, әлсіздік
туындайды.
Психикалық өсімде
толыққанды
тұрақтылық
сақталмайды.

Қисынды ойлау қасиеті
белсенді дамиды,
заттық еске сақтау
қасиеті бойынша
ақпаратты қисындау
қабілеті артады. Он үш
жасынан бастап
оқушының бағытты
назар аударудың
физиологиялық
шарттары
қалыптасады, ұғымдық
ойлау қабілеті дамиды.

Жыныстық жетілу
кезеңінде таңбалар
арқылы
операцияларды жүзеге
асыру қиындайды.
Астарлы ойды түсіну
ауырға соғады.
Механикалық еске
сақтау қабілеті артады.
Аздаған оқушылар
топтау, саралау,
салыстыру сынды
қасиеттерге ие болады.

Еске сақтау қабілетін
дамытуға мүмкіндік
туғызар көмекші
құралдар паудалану
қажет.

Үнемі дұрыстыққа
жатпайтын әрі тұрақсыз
өзіндік тұлғасы туралы
танымы қалыптасады.
Жеткіншек әркез
қамқоршы іздейді.
Күшті мен әлсізді
асқақтатады. Өзін
өзгелермен
салыстырады

Жеткіншектің
қызығулары оның
мүмкіндіктеріне
толықтай сәйкеспейді

Жеткіншектің жеке
қасиеттерін дамытуға
көмек беру.

Қызығуларының
өзекті сипаты
белгіленеді.

Өзін-өзін басқару
қабілеті төмен.
Қоғамдық ынтасы
да тұрақсыз.

Өзін-өзі басқару
дағдыларын
қалыптастыру
қажет.

Сауалнама

1. Сенің ойыңша білімің әділ бағаланып жүр ме?
Иә,

Жоқ;

Себебі;

2. Сабақтан төмен баға алғанда қандай күйде
боласың?

3. Білімің мұғалім тарапынан артық бағаланады ма?

Иә,

Жоқ;

Себебі;

4. Білімді 5 балдық жүйемен әділ бағалауға болады
ма?
5. Бағалауға қатысты қандай ұсыныс берер едің?

Сауалнаманың қорытындысы.


9-сынып.
Иә-46%, Жоқ-54%, себебі:
кейбір оқушыларға баға
көтеріліп қойылады, жаза
ретінде қолданады.
Балада қорқыныш, реніш,
өзін кінәлі сезіну, көңіл-күйі
түсуі, өзін нашар сезіну әсері
байқалады.
Жоқ-92%, білмеймін-8%
жауап жазған.
Жоқ-31%, Иә-69% , себебі: 5
балдық жүйемен әділ бағалау
маз деп жауап берген.

10-сынып.
Иә-20%, Жоқ-20%.
Балада өкініш, ашушаң,
жаман күйде боламын, көңілкүй төмен, өзімді бір түрлі
сезінеу әсерлері болады.
Иә-24%, Жоқ-76%, Оқушыға
сенеді,талпынатынын біледі,
сол себептен артық баға
қойылады деп жауап берген.
Иә-20%, Жоқ-80%.

Оқушылардың білімдері әділ
бағаланбайтындығы және бағаның көтеріліп
қойылатыны байқалды.
Төмен қойылған бағаның әсерінен
оқушылардың көңіл-күйлерінде әр түрлі
сезімдер орын алады.
Артық баға оқушылардың оқуға деген ынтасы,
талпыныс ерекшеліктерін байқау мақсатында
қойылады.

Ұсыныс.
-Барлығына әділ қарау,біліміне сай баға
қою, артық көтермелемеу керек.
Біліміне сай бағалау.
-Төмен баға қояр алдында,біріншіден
ескерту, сосын дұрыс бағасын қою керек.
-Бағалар алдында салыстыру керек.
-Қойған бағаның себебін айту керек.
-Оқушының ынтасы мен талпынысына қарай
бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Біліміне сай бағалау
Жас ұстаздар мектебі
Малды дене бітімі, сыртқы пішіні және ішкі құрылысы бойынша бағалау және сұрыптау
Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері
Оқушыларды ақпараттандыру
Психодиагностикаға кіріспе
Тұлғаны бағдарлап оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту
Оқу-әдістемелік құжаттар: типтік бағдарлама, оқулық, әдістемелік нұсқау, жылдық күнтізбелік жоспар, сабақ жоспары, сабақ жоспарының конспектісі, сабаққа арналған дидактикалық материалдар үлгілерін слайд арқылы презантциядан түсіндіру
Оқыту үшін бағалау Оқуды бағалау
Зертханалық зерттеудің мақсаты
Пәндер