Зияткерлік олимпиада


Slide 1

7 - сынып Зияткерлік олимпиада

Эстетикалық бағыттағы Жаңа ауыл жалпы білім беретін орта мектебі

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Күлбабенова Салтанат Есімханқызы

Slide 2

Мақсаты:оқушыларды пәнге қызықтыра отырып, олардың дүниетанымын, ой-өрісін, ойын арқылы таным, білім, білік, икем, дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекілігі:интерактивті тақта.

Slide 3

Кіріспе:

1. Ойыншыларды таныстыру.

2. Сарапшылармен таныстыру.

3. Ойынның шартымен таныстыру

Slide 4

ОЙЫННЫҢ БАРЫСЫ: 1-айналым

1. Қазақ тілінен 10 сұрақ (1 сұрақ 10 ұпайға тең)

2-айналым

2. Әдебиет бойынша сұақтар тақырыптарға бөлінген. бір тақырыпта 5 сұрақтан, (1 дұрыс жауап 10 ұпай, 5дұрыс жауапқа 50 ұпай) .

3-айналым

3. Тірек сөздер бойынша сұрақ беріледі (оқушылар ұпай санын өздері таңдайды) .

4-айналым

4. Артық сөзді табу керек (бірінші дұрыс жауап берген оқушы 50 ұпай алады) .

Slide 5

Қазақ тіліне арналған сұрақтар. 1дұрыс жауап 10 ұпайға тең.

Slide 6

1. Мысалдағы қарамен жазылған сөз қандай тұлғада тұр?

Сен менің тізімімде жоқсың.

А) көмектес септіктегі зат есім;

Ә) 1-жақта жіктелген болымсыз етістік;

Б) 2-жақта жіктелген көмекші сөз;

В) көпше түрде жіктелген көсемше;

С) жұрнақ арқылы жасалған туынды үстеу:

2. Есімнен етістік тудыратын жұрнақтар:

А) -р, -ла, -да, -а

Ә) -л, -дір, -т, -кіз

Б) -ған, -ген, -қан, -кен

В) -ма, -ме, -ба, -бе

С) -ын, -ыс, -іңкіре, -ақ

3. Жалаң сөйлемді көрсетіңдер

А) Талай сырды ақтардық.

Ә) Мен елдің елшісімін.

Б) Біздің замандасымыз қандай екен?

В) Самат ойнап отыр.

С) Әкеммен қалаға бардым.

4. Еріндік дауысты дыбыстардың қатары

А) а, о, ұ, ы, у Б) а, ә, о, ө, ұ С) ы, і, и, о, ү

Ә) о, ө, ұ, ү, у В) ә, ө, е, ү, і

5. Сын есімнен болған баяндауышты табыңдар

А) өңі Б) суық, қысқа С) сөзі

Ә) әскери В) адамның

6. Сан есім жіктеліп келіп сөйлемде қандай қызмет атқарады?

А) бастауыш Б) анықтауыш С) толықтауыш

Ә) баяндауыш В) пысықтауыш

7. Болжалды келер шақтың жұрнағын табыңдар

А) -мақ, -мек, -с Б) -а, -е, -й С) -атын, -етін. . .

Ә) -ар, -ер, -р В) -ып, -іп, -п

8. Төмендегі сөйлемнің шақтық мағынасын анықтаңдар. Ол ауылға жиі баратын еді.

А) нақ осы шақ Б) ауыспалы келер шақ С) ауыспалы осы

Ә) жедел өткен шақ В) ауыспалы өткен шақ шақ

9. Бір жаққа қаратылып, қимылдың орындалу мағынасын білдіретін етістіктің қай райы?

А) ашық рай Б) бұйрық рай

Ә) қалау рай В) шартты рай

10. Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын қатарды табыңдар.

А) кірме, жаңа, диалектсөздер;

Ә) диалект, дөрекі, баламасы бар термин сөздер;

Б) кәсіби, термин, көнерген сөздер;

В) тарихи, дөрекі, табу сөздер;

С) дисфемизм, эвфемизм, баламасы бар сөздер.

Slide 7

2-айналым Әдебиет бойынша сұрақтар. Ойыншылар тақырыпты өздері таңдайды. Әр тақырыпта 5 сұрақтан, 1 жауап 20 ұпайға тең. Барлық сұраққа жауап берген оқушыға тағы да 20 ұпай сыйлыққа беріледі.

Slide 8

Ахмет Байтұрсынұлы

Сұлтанмахмұт

Торайғыров

Мұхтар Әуезов

Жамбыл Жабаев

Мағжан Жұмабаев

Іляс Жансүгіров

Сәкен Сейфуллин

Жүсіпбек Аймауытов

Slide 9

Ахмет Байтұрсынұлы 1. Ақынның 1909жылы басылып шыққан аударма жинағы қалай аталады? 2. «Ақын ініме» деген өлеңде ағалық ақыл қандай мақсатпен айтылған деп ойлайсың? 3. Мысал дегеніміз не? 4. Ақын И. А. Крыловтан неше мысал аударған? 5. Ахмет Байтұрсынұлының қандай мысалдарын білесің?Біреуінің мазмұнын айт және тәрбиелік мәніне тоқтал.

Slide 10

Жүсіпбек Аймауытұлы

1. Болашақ жазушы естелігінде: «Ақат ағам екеуміз кім болып өстік»дейді?(5 кәсіпті атайды)

2. 1918 жылы М. Әуезовпен бірге қандай журналды шығаруға ұйытқы болады?

3. «Әнші»әңгімесі кім жайлы?

4. Прототип дегеніміз не?Әмірқанның прототипі кім және ол туралы не білесің?

5. Н. Назарбаев: «Қазақстанның рухани әрі мәдени астанасы»деп қай қала туралы айтқан?

Slide 11

Сұлтанмахмұт Торайғыров

1. Ақынның балалық шағы қай жерде өткен?

2. «Бір адамға» өлеңінде не туралы айтылады?

3. Ирония мен сатира деген не?

4. Аққынның бір өлеңін жатқа айт.

5. «Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып күн болам. . . »-өлең жолдары қай өлеңнен алынған?

Slide 12

Сәкен Сейфуллин

1. Сәкеннің азан шақырып қойған аты кім?

2. Ақынның 1914 жылы басылып шыққан жинағы қалай аталады?

3. «Сыр сандық»өлеңі не туралы?

4. «Тұлпарым»не «Қамаудан»өлеңінің бірін жатқа айт

5. Сәкен бостандықты кімге теңейді?

Slide 13

Ілияс Жансүгіров

1. Ілияс кімнің бауырында тәрбиеленеді, неге?

2. Ақын не жайында көп жазған?

3. «Оған дейінгі көрген, оқыған әдебиетімнің бәрін жоққа шығарғандай болды. Ойым ояна бастады. Қанбай қайта-қайта оқи беретін болдым. Өзімде бір түрлі сергектік, сілкініс болды, жүрегім де жаңалық сезгендей»-деп кімнің кітабын оқығаннан кейін өзінің «Қысқаша өмірбаянында»жазды.

4. «Әнші»өлеңінің басты кейіпкері кім?

5. Лирикалық кейіпкер деген кім?

Slide 14

Мағжан Жұмабаев

1. Ж. Аймауытов Мағжанды орыстың қай ақынына теңеген, немесе В. Я. Брюсов оның талантына сүйсініп «қазақтың кімі»деп атаған?

2. Алғашқы өлеңдерін Абайға арнаған ақын өлеңі қалай аталады?

3. Мағжанның бір өлеңін жатқа оқы.

4. Қайталау және оның түрлерін ата.

5. Мағжан «Сүйемін» өлеңінде қарт анасын қалай сипаттаған?

Slide 15

Жамбыл Жабаев

1. Бала Жамбыл кімнен бата алады?

2. Ұлы Отан соғысы жылдарында жауынгерлерді жігерлендіретін қандай өлең шығарды?

3. Ғ. Мүсірепов Жамбылды «Қазақтың кімі»деп атады?

4. Арнау және оның түрлерін ата.

5. Жамбылдың бір өлеңін жатқа оқы.

Slide 16

Мұхтар Әуезов

1. М. Әуезов әлемге қалай танылды?

2. Ұлы Абайға арналған еңбегі үшін қандай марапатқа ие болды?

3. Абайдың түгелге жуық өлеңдерін қанша уақытты жаттап алды?

4. . Ең алғашқы пьесасы қалай аталады?

5. Тақырып пен идея деген не?

Slide 17

3-айналым Тірек сөздер бойынша сұрақтар беріледі, оқушылар ұпай санын өздері тігеді. Дұрыс жауап болса, ұпай сақталады, жауап қате болса, ұпай алынып тасталады.

Slide 18

1. Тірек сөздер

Сескенем батыреке

20 30

атсаңшы

40

Slide 19

Сұрақ: «-Атуға сескенемін, батыреке,

. . ., сен атсаңшы мұны, »-деп Қарабай мен Сарыбайдың қайсысы айтқан?(Көп нүктенің орнына дұрыс жауапты жаз) .

Slide 20

2. Тірек сөздер

Біз қазақ құт-береке

20 40

жау баспасын

30

Slide 21
Ұқсас жұмыстар
Конкурстық есептер
Күлкі терапиясы
Сынып сағаттарын өткізу формалары
МҰҒАЛІМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЗАҢДЫ
ЖАЗҒЫ ЖӘНЕ ҚЫСҚЫ ОЙЫНДАР ЕКІ ЖЫЛДЫҚ АЙЫРМАШЫЛЫҚПЕН ӨТІП
Олимпиада жалауы
Жеңімпаз Олимпиада жеңімпазы
Олимпиаданы өткізу
Ақпараттық технологияны оқу процесінде қолдану арқылы оқушы
Қазақ елінің тұңғыш президенті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz