"Жас келсе,іске!" жас ұстаздардың топтық сайысы


Slide 1

“Жас келсе, іске!” жас ұстаздардың топтық сайысы Ақтөбе облысы Байғанин ауданы № Қарауылкелді орта мектебі Гуманитарлық бірлестік жетекшісі Жубанова Кенжегул Бахитовна

Slide 2

“Жас келсе, іске!” жас ұстаздардың топтық сайысы

Slide 3

Балғындарға баянды,

Сырын төккен-ұстазсың!

Шәкіртіне аяулы,

Нұрын сепкен-ұстазсың!

Бәрімізді бей-жай қылған тақырып,

Сырласайық ой-теңізін сапырып.

Батыл болсын, анық болсын пікірлер,

Сөз маржаны шықсын тыңнан атылып.

Slide 4

Сайыстың жоспары:

1. Таныстыру

2. Ширату

3. Менің шығармашылық қабілетім

4. Тосын тапсырма

5. Жағдаят-тапсырма

6. ”Мұғалім болу қандайды? . . .

7. Қорытындылау

Slide 5

1. Таныстыру

Slide 6

1. Таныстыру

Slide 7

Бұл кезеңде әр топтың мүшесіне үш сұрақтан қойылады. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 3 ұпай беріледі.

Slide 8 Slide 9

1-ойыншы:

А. Байтұрсыновтың жазған оқу құралы

Әліппе

2. Ұйқы безінен бөлінетін гормон

инсулин

3. Сабақты ұйымдастыруға кірмейтін форма

Үй тапсырмасы

Slide 10

2-ойыншы:

ҚР еңбегі сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында берілетін орден

Халық қаһарманы

2. “Ұстаздық еңбек” авторы

(А. С. Макаренко)

3. Мемлекеттік рәміздер бекітілген күн

1992 жыл, 4 маусым

Slide 11

3-ойыншы

Иллюзия-

шындықты қабылдаудың бұрмалануы

2. “Есеп құралы”авторы

(М. Дулатов)

3. Елбасымыздың мамандығы

инженер-металлург

Slide 12

4-ойыншы.

Қазақтың соңғы ханы

Кенесары

2. Білім беру мекемесінің басты құжаты

(Мектеп жарғысы)

3. Оқушыларды тәрбиелейтін бірлестік

сынып ұжымы

Slide 13

5-ойыншы.

Я. А. Коменскийдің еңбегі

(Ұлы дидактика)

2. Бес арысты атаңыз

М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов,

Ш. Құдайбердіұлы, М. Дулатұлы.

3. Қазақтан шыққан суретші қыз

(Г. Исмайлова)

Slide 14

6-ойыншы

Білім беру жүйесі немен анықталады?

(сапа, дағды, нәтиже)

2. Білім берудің мазмұнын көрсетпейтін құжат

(Сынып журналы)

3. Тарихтың атасы

(Геродот)

Slide 15

7-ойыншы

Білімнің зайырлылығы қай құжатта?

(Білім туралы Заң)

2. Қамшы сабын қандай ағаштан жасайды

(тобылғы)

3. Жыл мегілдерін қазақтар қай жұлдызға байланысты білген?

(Үркер)

Slide 16

8-ойыншы

Мониторингтің мақсаты-

(оқыту мазмұнын жетілдіру)

2Үш бәйтеректі атаңыз

(Сакен, Ілияс, Бейімбет)

3. 350 жылдығын тойлағалы тұрған биді атаңыз

(Төле би)

Slide 17

3. Менің шығармашылық қабілетім

Мәтінді кейіпкер кейпіне еніп оқу немесе көрсету

Slide 18 Slide 19

Үнсіз бейнеле

“Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін. ”

Slide 20

Анасы Қожаға:

-Иә, жылап жатырмын, -деді ол. Даусы қарлығып бітіп шықты. -Қайтейін жыламай . . . Қу жалғыз сенен-ақ өлетін болдым ғой.

Бұл не сұмдық? Жүрген жеріңе шөп шықпағыр боп барасың ғой. Қу жалғыз-ау, айтшы, не болды мұнша саған бұзылып?

Өлтірдің ғой мына сорлы анаңды. Ел бетіне қарағысыз қылдың ғой. Қайтем сені? Қайтем?! Осы саған не жетпейді?!

Slide 21

Әжесі Қожаға:

-Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді. Біреудің ала жібін аттаушы болма. ”

Slide 22

Әке баласына:

-Балапан, -деді Тұрардың басын мүйізгек алақанымен сипап. -Қанаты қатаймаған балапаным, қара дауылға қарсы ұша алармысың, сен?Ығы жоқ, селдір бұтаның басында жалғыз қалдың-ау сен!Атасына нәлет!Күңей-күйрек болма бірақ. Өлмейсің!Сұп-суық сұрғылт күлдің арасында сөнбей жатқан бір түйір шоқтай болып, қалың қара бұлттың арасынан жылт етіп, анда-санда күн де көрінер. Жүдеме!Жаралының жан серігі-жасымау. Жасыма! Ұқтың ба, Тұрар!

Slide 23

Әжесі немересіне:

- Құдайым-ау, аман көреді екенмін ғой сені де, -дейді ебіл-себіл боп көзінен сорғалаған жасын етегімен қайта-қайта сүртіп. -Бір жапырақ болған садағаң кетейін-ау сол!Дермене дегенді қайдан шығарып едіңдер, аштан өлетін заман жоқ, сорлы басым, қайдан ғана жібере қойып едім деп көз жасым көл болды ғой. Даладағы май ішеді, үйдегі қан ішеді деген осы екен де, түн баласына кірпік ілу деген қалды ғой менде. О, шыбыным, азып-тозып . . .

Ақшасы . . . Ақшасы құрысын бүйтіп тапқан . . .

Slide 24

Үнсіз бейнеле

“Тақтаға енді кімді шақырар екен?”

-Қадыров . . .

Төбемнен шатыр етіп жай түскендей

болды. Не істерімді білмеген меңіреу халде орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім.

Slide 25

Сатай Рәбиғаға:

-Менің шорқақтайтыным математика . . . Бір пәле, басыма кірмейді. Кірер еді-ау, тіпті өзімнің оқығым келмейді. Әрине, кітабың болса, мұғалімің жақсы болса, математиканы да жақсы оқуға болар еді. Әйтпесе, немене бізге бір апай береді. Ұрысқақтығында шек жоқ. Келе сала әй-шәй жоқ «… пәленшиіп, тақтаға шықшы, мына есепті шығаршы»деп дігірлейді. Сәл шатассаң екіні қоя салады.

Сонсоң жының ұстайды да оқығың да, түсінгің де

келмейді. Кешірші, жамандап кеттім бе?

Slide 26

Көздің әңгімесі:

-Менің балаң ойым әлі жетпейді, біз не жаздық, кімге жаздық?Көрші селоның мектебін жөндесуге бара жатқан қыздардың жазығы не? Жиырма екі қыз бір сәтте күл болды, тозаңға айналды. Жиырма үшінші мен аман қалдым. Аман қалдым деймін-ау, қай бір амандық . . . Бұлтсыз күні жаңбыр күткен шерменде-е-е. Мен қазір отыз бестемін. Жарық дүниемен қоштасқан күні мен он бесте болатынмын.

Slide 27

4. Тосын тапсырма

1. Аналар мерекесіне арналған мерекелік

тарту.

2. Наурыз мерекесіне арналған мерекелік тарту.

Slide 28

Тосын тапсырмамен жұмыс

Slide 29

Жағдаят-тапсырма

Қане, ұстаздар, пікірлесіп қарайық,

Қилы-қилы ойды ортаға салайық.

Сан-салалы асыл ойлар тоғысып,

Толғандырған жайды шешіп алайық!

Талас тусын жарқын ойлар жарқылдап,

Шағылыссын найзағайдай шартылдап.

Бойда қайрат, алда арман шақырған,

Қолдап әсем жалын атқан жастық шақ!

Барлығыңызға сәттілік дейміз!

Slide 30

Жағдаят-тапсырмалар

Slide 31

Жағдаят-тапсырма орындау

1. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып, мазақ етіп жазып қойған. Не істер едіңіз?

Slide 32

Жағдаят-тапсырма орындау

2. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алды, не істейсіз?

Slide 33

Жағдаят-тапсырма орындау

3. Сізді бір жоғары кластың оқушысы ұнатып қалғанын айтып, дос болуға шақырды.

Сіздің әрекетіңіз?

Slide 34

Жағдаят-тапсырма орындау

4. Мұғалім оқулық таратуда. Самат үндемей оқулықты апайға қайтарып берді.

Апай:

-Не болды? Неге қайтардың?

Самат:

-Ол жыртық.

Сіздің пікіріңіз . . .

Slide 35

Жағдаят-тапсырма орындау


Ұқсас жұмыстар
Қазақ жүздерін ата
Анықтама жазу
Мұғалімнің түпкі мұраты
Жол қозғалысының жас инспектрлары
Сабақтарда қолданылатын әдістер
Абстракты өнер
«Топтық және жұптық жұмыстарда оқушыларды бағалау»
Теңсіздіктер жүйесінің шешімін тап
Сергіту мүшелерінің сайысы
Оқытуды ұйымдастырудың сыныптық - сабақтық жүйесінің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz