Өсімдіктер мен жануарлардың "Қызыл кітабы". Дүниетану


Slide 1

Қызыл кітап

- Қазақстан Республикасы аумағында жойылу қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым.

Slide 2

Түрлердің сиптатамасы

Балықтар мен балықтәрізділер

Қос мекенділер

Бауырымен жорғалаушылар

Құстар

Сүтқоректілер

Slide 3

Барыс

Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Тянь-Шань, Тарбағатай, Сауыр мен Алтайдың биік жоталарында таралған;

Қазақстанда жалпы саны - 200 бастан аспайды;

Slide 4

Қызыл қасқыр Қазақстанда жойылып кетуі мүмкін. Тянь-Шань мен Алтайдың биік жоталарында тараған, таудың жоғарғы белдеуінің жартасты, үстірт тәрізді және орманды учаскелерін мекендейді. Қазақстанға тыс жерлерден келуі мүмкін. Негізгі қоректері - тау түяқтылары;

Slide 5

Алтай арқары Сирек, таралу аймағы тарылып, саны қысқаруда. Оңтүстік Алтайда таралған, аласа, орташа және биік таулардың шалғындары мен жазықтау учаскелерін мекендейді. Қазақстандағы жалпы саны 60 бас шамасындай

Slide 6

Қазақстанда 50-ші жылдары жойылған. 1981 жылы Іле өзенінің бойына жерсіндірілген. Өзендер, жайылмаларындағы қалың тоғайларда мекендейді. Қазақстанда жалпы саны - 200 бас

Тоғай бұғысы

Slide 7

Қарақұйрық Сирек, кейбір аудандарда саны кеміп, мекендейтін жерлері тарылуда. Үстіртте, Қызылқұмда, Тауқұм мен Іле ойпатында таралған, сексеуіл өскен шөлдерде мекендейді. Қазақстанда жалпы саны 30-50 мың бас

Slide 8

Аққу Саны кеміп бара жатқан түр. Адам қызметінің әсеріне шыдай алмайды. Қазақстанның Солтүстік, Орталық және Оңтүстік-Шығыс аудандарының 5-6 жерінде көлемді ұяларын жасыруға болатын қалың қамыс - қоғалы ірі көлдерді мекендейді.

Slide 9

Қара тұрпан Сирек кездесетін түр. Қазақстанның Солтүстік Қазақстан және Көкшетау облыстарының кейбір орманды және орманды даласындағы қалың қамысты терең көлдерінде ұялайды. Қазақстандағы саны өте аз.

Slide 10

Реликт шағаласы Жойылып кету қаупы бар түр. Бар жоғы 3 жерде - оңтүстік - шығыс Байқал маңын-да, Ордоста (Ішкі Моңғолия) және Шығыс Қазақстанда ұялайтыны белгілі.

Slide 11

Ақ ләйлік Аз санды түрше Қазақстанда жойылып бара жатыр. Ақ дегелектің ұясы Шымкенттің оңтүстігінде ғана сақталған, кәзір мұнда 15-30-дай ұясы бар.

Slide 12

Бүркіт Саны азайып бара жатқан, сирек кездесетін құс. Қазақстанда кең таралған, бірақ біркелкі емес, кездейсоқ. Жалаңаш және құз-жартасты тауларды, қыраттарды, қарағайлы және басқа да тоғайларды, өзендердің жайылмасын, сексеуілді шөлдерді мекендейді. Қазақстандағы жалпы саны белгісіз, шамасы бірнеше жүз болуы керек

Slide 13

Кіші аққұтан Өзінің таралу аймағында сирек кездесетін түр. Қазақстанда Еділдің атырауы мен Жайықтың сағасының аралығымдағы Каспийдің солтүстік жағалауында тал мен қамысы қалың көлдер мен өзендерді, оның тармақтарын және теңіз жағалауын мекендейді. Бүкіл Солтүстік Каспий аймағында небәрі 1 мыңнан аспайтын кіші аққұтан тіршілік етеді.

Slide 14

Алтай ұлары Таралу аймағы шағын сирек кездесетін тур. Қазақстанда Оңтүстік Алтайдың таулы аймағында (оған Марқакөл қорығы да кіреді) мекендейді. Саны белгісіз, бірақ, осындай шағын аумақта бірнеше ондап кездесуі мүмкін

Slide 15

Кесел Саны кеміп келе жатқан тур. Қызыл кітапқа енгізілген. Қызылқұмды мекендейді.

Slide 16

Зайсан жұмырбас кесірткесі Зайсан ойпатында аумағы шағын жерлерде оңашаланған популяциялар түрінде тіршілік ететін, таралу аймағы шағын кесіртке.

Slide 17

Жетісу аяқтыбалығы

Таралу аймағы шағын, сирек кездесетін түр. Жоңғар Алатауының эндемигі. Тара-лу аймағының көпшілік бөлігі Қазақстанда.

Slide 18

Кәдімгі бекіре Популяция жойылып кетуге жақын, мүмкін, Арал су алқабының ерекше өзгеруіне байланысты құрып біткен де шығар. Бұның табиғи таралған жерлері - Арал теңізі мен оған құятын өзендер болатын. Ересектерінің үзындығы 200 см, салмағы 60 кг.

Slide 19

Балқаш алабұғасы

Соңғы жылдары саны өте жылдам азайып кетті. Алабұға бұрын Балқаш-Іле су алқабында кәсіби аулауда 2-3 орынды алатын. 1970 жылдардан кәсіби аулаудан қалды, Іле өзенінің көптеген тұйық қосалқы суларында құрып кетті.

Slide 20

Каспий миногасы

Өзендерде су қүрылыстарын салу нәтижесінде көбею жағдайының өзгеруіне байланысты бүкіл Каспий алқабында саны өте жылдам кеміп келе жатыр. Теңіз жағалауына жақын, Әзірбайжаннан Жайық өзеніне дейін, таралған

Slide 21

КАУФМАН ҚЫЗҒАЛДАҒЫ

Лалагүлдер тұқымдасы, қызғалдақ туысына жататын көп жылдық жуашықты өсімдік. Қазақстанда Қаратаудың, Талас Алатауының, Өгем жотасы мен Қоржынтаудың тастақты жерлерінде, тау жылғаларының жағалауларында өседі

Slide 22

Грейг қызғалдағы

Лалагүлділер тұқымдасы, қызғалдақ туысына жататын көп жылдық пиязшықты өсімдік. Қаратау жотасында, Шу-Іле тауларында, Қоржынтауда, Талас және Қырғыз Алатауында да кездеседі.

Slide 23

Дәрмене

Күрделі гүлділер тұқымдасының жусан туысына жататын көп жылдық шала бұта. Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданының Дәрмене кеңшарында қолдан өсіріледі. Биіктігі 18 - 30 см. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Slide 24

Талас қайыңы

Сирек кездесетің, тар эндемиктік түр. Әзірге тек Ақсу Жабағалы қорығынан (Оңтүстік-Қазақстан облысы) белгілі. Таулы өзен сайларында, жылғалар мен бұтақтар маңында кездеседі. Аппақ қардай қабығы мен ірі тісті жиектелген жапыраұтары бар өте әдемі ағаш.

Slide 25
Ұқсас жұмыстар
Дүниетану сабақтарының әдістемелік жиынтық
Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы
Жәндік Жануар Қосмекен тер ділер лар
Қазақстанның қорықтары. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғау. Қоршаған ортаны қорғау және алдын алу жолдары. Ластауыш заттарды атмосфераға тастауды бақылау
Қызыл Кітапқа енген түрлердің санын жоғарлатуға арналған биотехниялық шаралар. арналған биотехниялық шаралар. Қарақұйрықтың ҚР-ның оңтүстік аймағында Қарақұйрықтың ҚР-ның оңтүстік аймағында популяциясын ұлғайтуға арналған популяциясын ұлғайтуға арналған биотехниялық шаралар биотехниялық шарала
Қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жануарлар
Қызыл кітап беттері
Бастауыш сыныпта дүниетанудан дидактикалық материалдарды қолданудың ерекшеліктері
Бастауыш мектепте дүниетану танымжорықтарын ұйымдастыру
Қызыл кітап және биологиялық алуан түрліліктіқорғаудағы ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz