Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы
Презентация қосу
Ар – намысым,
қасіретім,
қуанышым
желтоқсан!
Лаула, лаула желтоқсанның
мұзға жаққан алауы!
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп, шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас Қайратым, жас өркені халқымның!
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
1986 жылы 17-18 желтоқсанда бүкіл елді дүр сілкіндерген ғаламат оқига болды.
Совет өкіметі тұсында бұрын-сонды болмаған құбылыс, «Алматыда демонстрация,
Бржнев алаңында қаптаған жұрт, көшеде сап түзелген жастар», - деген сөздер ел
құлағына жетті. Елеңдеген ел не үшін болып жатқан оқига екенін түсінбей дел-дал
болды. Бұл оқиға 1825 жылғы орыс декабристерінің кәтерілісіне ұқсап, қазақ
декабристер көтерілісі атанып кетті.
Бұл кәтерілістің себебі, былай болған еді: 1985 жылғы қайта құру мен жариялық
процестері әмірдің барлық саласын қамтып, жаңа өзгерістер болып жатты. Кадр
мәселесі қатты қолға алынып, басшы қызметкерлері бірі орнынан алынып, бірі жаупқа
тартылып жатса, енді бірінің жұлдызы жанып жоғары өрлеп жатты. Осы кезде
республика жұртын мазалған жағдайдың бірі Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтің жасы
келгеніне байланысты Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші
хатшысы міндетінен босау-босамауы еді. Аяқ астанан пленум болатындығы туралы
хабар сыбыс тез тарады. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бесінші
пленумы 1986 жылғы 16 желтоқсанда өтетін, онда ұйым мәселесі қаралатын күн
жетті, Пленум Қонаев жолдасты пенсияға шығуына байланысты республика
Компартиясы Орталық Комитеттінің бірінші хатшысы міндетінен босатты. Оның
орнына шеттен әкелінген Геннадий Васильевич Колбин сайланды. Ескі тәртіп
бойынша, ешкімнің лебізін тыңдамай жоғарыдан шешіліп қойылған ұсыныс бойынша
болды. Өз ара іштей өткізілген пленумды Қонаевтің өзіне жүргіздіртпей, Совет
Одағының Компартия Комитетінің сол кездегі хатшысы Разумовский Қонаевқа
қысқаша ғана алғыс айтып, оны босату, ал орнына Кобинді сайлау жөнінде ұсыныс
жасады. (Осы пленумға қатысқан (КОКП) Орталық Комитетінің ұйымдық
партиялық жұмыс бөлімінің сектор меңгерушісі Н.Ф.Мищенко теккебақылап
отырмапты).
Пленум жөніндегі алғашкы ақпарат сол 16 желтоқсан күні
сағат 15-те республикалық радиодан берілді. Ертеңінде, яғни, 17
желтоқсанда «Социалистіқ радиодан берілді. Ертеңінде, яғни, 17
желтоқсанда «Социалистик Қазақстан» және «Казахстанская
правда» газеттерінде жарияланды. Онда Колбиннің өмірі қысқаша
баяндалды.
Өкіметтің осы жасырын істеріне ашынған қазақ халқы, әсіресе
жастар қауымы 17-желтоқсанда таңғы сағат 8-де бұрынғы
Брежнев алаңына жастардың алғашкы тобы келді. Олардың саны
200-300 шамасында еді. Бара-бара жастар саны көбейе бастады.
Көп кешікпей алаңға қарулы күштер әкелінді. Астанаға кірер
жолдардың бәрі жабылды. Шеруге жиналған жастар саны біртебірте арта түсіп, түстен кейін 5000-ға жетті. Сағат кешкі 7-лер
шамасында жастарды қуу, тарату қимылы басталып кетті. Өрт
сөндіру машиналары келіп су шаша бастады. Ал жастар болса,
қаымықпастан машиналарға қарай лап қойды, сол күнгі айқай шу
таң атқанша басыла қоймады.
Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпендер...
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер.
Алаң шетін қоршан тұрған шыршаларға ала көк,
Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.
Сол арадан сатқындық та елестейді қара бет,
Қара беттің көбі бүгін дара түлға, дара бет.
Жас бүлдіршін, мұз жамылған шыршаларға қарап өт,
Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.
Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,
Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары жоқ,
Кемсітпеші «желтоқсанның жалаң аяқтары» деп.
Жоқ!!! Кешегі сын сғатта көкірегінде жанып от,
Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,
Дөуірінің тауығына шашылмаған тары боп.
Тірліктегі әр ісінің жаңғырығы болады
Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз қалады,
Сол заңға сай сені бақыт, не сор іздеп табады.
...Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы
Данқын ешкім бүркей алмас. Оны да еске алады
Желтоқсанның бас алаңы, Қайсар рухты алаңы.
Желтоқсанда үзілген
жауқазындар
Қайрат Рысқұлбеков
Қайрат Рысқұлбеков! 1986 жылғы Желтоқсан қаһарманы ол. Арыстан жүректі арыс әуелі
ату жазасына кесілді. Кейін шет мемлекеттердің наразылығынан сескеніп, Кеңес соты ату
жазасын 20 жылға бас бостандығынан айырумен алмастырды. Сөйтсек, бұл тоталитарлық
жүйенің сырт көзді алдарқатқан сайқал саясаты екен. Ақыры олар жарты жылға
жеткізбей, Семей түрмесінде қанішер қарақшының арам қолымен Қайраттай есіл ерді
өлтіріп тынды. “Сотталған Қайрат Рысқұлбеков түрме камерасында өзін өзі өлтірді” деген
мәлімдеме таратты. Неткен аярлық, неткен қитұрқылық!
Сол қайсар Қайрат Алматының түрмесінде тергеліп, жалғыз кісілік камерада отырған
шағында есебін тауып, түрмедегі қазақтың қыздары мен әйелдеріне бір жапырақ қағазға жас
жүрегін жарып шыққан сәлем хат беріп жіберген екен! Бұл жағдай қалай болды? Оның
абақтыдан жолдаған аманат хаты бүгінгі күнге қалай жетті? Енді осы сауалдарға жауап
берелік.
Сол желтоқсан оқиғасының жүздеген жазықсыз құрбандарының бірі болып алматылық
Балта Исаұлы деген азамат та 6 жылға бас бостандығынан айырылыпты.
– Алматы қаласындағы Сейфуллин мен Райымбек даңғылдарының қиылысындағы түрмеде
шаруашылық жұмыстарына қалдырылдым. Міндетім – күн сайын еден жуу, камерада
отырған адамдарға түрме быламығын тасу, – деп еске алыпты ол жазасын өтеп шыққаннан
кейін. – Түрменің астыңғы қабатындағы бір кісілік жеке камераларда ату жазасына
кесілгендер үкім жоғары жақтан бекітілгенше немесе жазаның басқа түріне
ауыстырылғанша отырады екен. Мен Қайрат бауырымды осы қорқынышты камералардың
бірінен көрдім.
Оқиға былай болған. 1988 жылдың наурыз айының басында түрме әкімшілігі Балта Исаұлын астыңғы
қабаттағы бір адамдық камерада отырғандарға тамақ тасуға, сол қабаттың ұзын дәлізінің еденін жууға
ауыстырады. “Жасы келіп қалған адам ғой, камерада отырғандармен байланыс жасай қоймас”, деп ойлаған
болса керек. Бір күні Қайраттың камерасындағы темір есіктің кішкентай ғана тесігінен түрменің быламық
көжесін ұсына берген Балта ағасының қолына есіл ер қарауыл солдаттарға байқатпай шиыршықталған
қағазды қыстырып жіберіпті.
– Аға! – деп қалған дауысын естиді ол Қайраттың. Бірақ, қарауыл солдат алақандай тесікті жедел жауып
тастап, оның әрі қарай сөйлеуіне мүмкіндік бермепті.
– Қайраттың алақаныма қыстырып жіберген қағазын қапысын тауып, ешкімге сездірместен түрме
асханасының ыдыс-аяқ жуатын кішкене қуысына алып келдім. Ашып қарасам, жазушы Ілияс
Есенберлиннің “Қаһар” кітабының соңғы парағын жыртып алып, соған жазған екен. Қайрат бұл хатын
түрмеде отырған қазақтың қыз-келіншектеріне арнапты. Өйткені, дәл сол күні 8 наурыз – Халықаралық
әйелдер күні еді.
Түрмеде желтоқсан оқиғасына байланысты айыпталған қазақтың көптеген қыздары мен келіншектері де
қамауда жатқан болатын. Бірақ, олар басқа корпус ғимаратында еді. Онда да шаруашылық жұмыстарына
қалдырылған сотталған әйелдер бар. Сол себепті бұл ғимаратқа бөгде еркек адамның жақындауы, біреудің
сәлем-сауқатын беріп жіберуі әсте мүмкін емес болатын. Мен де сол себептен Қайраттың осы сәлем хатын
түрмедегі қазақтың қыз-келіншектеріне жеткізіп бере алмадым. Бірақ оны бойтұмарымдай аман сақтап,
бостандыққа өзіммен бірге ала шықтым, – деп еске алады кейін Балта Исаұлы.
Бұл ағамыз үлкен азаматтық жасаған! Қайраттың сәлем хатын кезінде түрмедегі қыз-келіншектерге жеткізіп
бере алмағанымен, оны көзінің қарашығындай сақтап, бүгінгі күнге жеткізгені үлкен ерлік емес пе?
Желтоқсанның сол бір даңқты күндерінде алаңға атойлап шыққан жастардың жартысынан астамы қазақтың
қыз-келіншектері болғанын бүгінде зерттеушілер айтып жүр. Әрине, Қайраттың бұл құттықтау хаты тар қа
паста тарыққан сол қаракөз қыз-келіншектерге дер кезінде жетсе, олардың құлазыған көңіл-күйлері бір
сәтке болса да көтеріліп қалатындары анық еді. Бірақ, онда бұл хат бүгінгі күнге жетер ме еді, жетпес пе
еді? Жеткен күннің өзінде осы хатты оқыған қыз-келіншектердің қайсыбіреулері:
– Сол қиын-қыстау шақта ату жазасына кесілген қазақтың бір жігітінен көңілімізді көтерген хат алып едік, –
деп орталарында анда-санда ғана бір еске алар. Ал Қайрат боздақтың сол хатын тайға басқан таңбадай етіп,
жарқырата алдымызға тартқан Балта Исаұлына бүгінгі және келешек ұрпақ қарыздар.
Енді елім деп еңіреп өткен есіл ердің түрмеден
жолдаған сәлем хатына назар аударалық. Онда
кітап парағының таза жағына маржандай
жазуларымен қиғаштай жазып, Қайрат
бауырымыз былай депті:
Құрметті қаракөз қарындастар мен жылы
жүзді жеңгейлер!Шын жүрек, ақ көңіліммен
алғашқы көктемнің күлімдеген мерекесі 8 март –
Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Қамқоршы қайын және ағаларың,
Жәрдем берер жағаларың.
Қыздар үшін тар қапасқа,
Келіп түскен тұлпарларың.
Қайрат Рысқұлбеков Ноғайбайұлы.
13.03.1986 ж.
ст.60, 65, 173-1
срок – ату жазасы
08.03.1988 ж.
Бывший ст-т ААСИ г.А-Ата.
Сын Моюнкума Джамб. обл.
Осылай деген де, астына әдемілеп
тұрып қолын қойған. Міне, Қайрат ердің қапас
түрмеден қазақ қыздарына жолдаған сәлем хаты
осы!
Балалық шағы
Әскердегі
кезі
Қайраттың отбасы
Қайраттың
студенттік шағы
Асанова Ләззат Алтынайқызы (27.07.70, Алматы облысы Панфилов ауданы
Ақжазық а. — 25.12.86, Алматы) — Желтоқсан көтерілісінің (1986) құрбаны.
1985 ж. Алматыда П.Чайковский атынд. муз. уч-щеге оқуға түскен. Алматыда
1986 ж. 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және
әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол
Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға
(қазіргі Республика алаңы) алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар!
Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп
алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты. Көтеріліс
қатыгездікпен жанышталғаннан кейін басқа да ұсталған 87 адам қатарында
А-ға Қазақ КСР ҚК-нің 65-бабымен айып тағылып, (Көтеріліске қатысып
ұсталғандар жөніндегі Қазақ КСР ІІМ-нің құжаты, (1211-177, 23.02.1990)
қамауға алынды. 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қ-нда болған
оқиғаларға түпкілікті баға беру жөнінде республика Жоғарғы Кеңесінің
Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф.Игнатовтың мәліметтеріне қарағанда,
Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық уч-ще жатақханасынан
табылған да, ол туралы жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген
қауесет таратылған. Осыған қарамастан мәйітті Алматы облысы Панфилов
ауд-ндағы Ақжазық кентіне Ішкі істер министрлігі мен Мемл. қауіпсіздік
комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Ләззатты жерлеудің
алдында денесін ақ жуып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір
бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені
анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қолынан қаза тапқан.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң ғана А. жөніндегі шындық қалпына
келтіріле бастады. Ләззаттың ерлігіне арналған ән (“Қаһарман қыз — Ләззат
қыз”. Музыкасын жазған Жоламан Тұрсынбаев, өлеңі — Абдрахман
Асылбектікі), ол жөнінде баспасөз беттерінде ғалымдар мен мемлекет, қоғам
қайраткерлерінің пікірлері жарық көрді .
Ляззат Асанова
Ербол Сыпатаев – Желтоқсан
көтерілісіне қатысып, алаңда қазақ
қарындастарын құтқару барысында алған
соққыдан қайтыс болған жас қазақ жігіті.
Талдықорған облысының Көктал
ауылында 1964 жылы дүниеге келген.
Желтоқсан көтерілісі уақытында
Алматы қаласында энергетика
институтының 2 курс студенті болған.
Кейбір мәліметтерде оның әке-шешесі
жоқ, тек туысқандары ғана болғандығы
айтылған. Ол туралы деректер өте аз. [1]
Сабира Мұхамеджанова
Баршаңызды Тәуелсіздік
күнімен шын жүректен
құттықтаймын! Нұрлы
отанымыз – Тәуелсіз
Қазақстанның бағы жанып,
абыройы арта берсін.
,
п
ы ға,
р
а
уд ңыз
а
р
ы
а
!
р
з
а
т
а
д
е
Н ғ ан
м
х
а
а
р
д
ң
ы
т п-көп
кө
Дайындаған:
11 б сынып оқушысы
Қырғызбай Айдана
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz