Жарасымды қарым-қатынас



Алиева Замира Абдрашқызы
Оңтүстік Қазақсан облысы, Мақтаарал ауданы, Жетысай қаласы, “№122 ЖОМ” педагог - психолог

Тақырыбы: Жарасымды қарым-қатынас
Мақсаты: қазақ халқының ұлттық дәстүріндегі «үлкен» мен «кіші» арасындағы сыйласымды қатысымды ұлттық құндылық ретінде таныту.

Алтынай Жорабаеваның репертуарындағы
«Ағажан» әні.
Шаттық шеңбері


Ойланайық
Өткен сабақтан түсінгендерін байқау мақсатында сұрақтар қойылады.
Сыйластықтың адам өміріндегі маңызы қандай?
«Көз көрген», «көреген» деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
Пікірлесейік

Мәтінмен жұмыс
С. Ақатайдың әнгімесінен үзінді.
Ақатай Сәбетқазы Нұржақияұлы 1938 жылы
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында
туып, 2003 жылы Алматы қаласында
қайтыс болған. Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында
оқытушысы, Мәдениет министрлігінің қызметкері,
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің білімін жетілдіру
институтының ректоры, Мәдениет проблемалары
орталығында ғылым бөлімінің меңгерушісі қызметтерін
атқарды. Философия институтында жетекші ғылыми
қызметкер болды. 400-ден астам ғылыми еңбегі бар.
Философия ғылымының докторы, профессор,
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

Есіме Арынғазы атам оралады. Арекеңнің үйінен кісі арылмайтын. Ауылдың жылқышысы да, балықшысы да Арекеңнен кеңес сұрайтын. Ол кісінің де білмейтін заты кем еді. Жоқ іздегендер тура Арекеңнің үйіне түсетін. Үйірінен адасып, ауыл малына қосылып кеткен тай мен тайлақ ешбір таңбасыз, енсіз Арекем араласқан соң табылып қалатын. Үлкендерге сәлемдесіп жүру осы Арекемнен үйренген салт.
Армысың, ақсақалым ?!
Бармын, балам, бармын. Өзің де бар бол!
Атамның қабағы түсіңкі. Арекем арызын айтады. Дауысында құлаққа бейтаныс зіл жатыр. Дәлелін адамзаттың ата-тегінен, тарихтың өзі көрген тереңінен қайырады. Конфуцийден бір патша сұраған екен: «Егер ата-анамыз сый-құрметімізді місе тұтпаса қайтеміз?» - деп. Сонда данышпан айтыпты: «Сыйы кем болып жатыр. Ондай ата - ананы одан да бетер сыйлау керек. Сый-сияпаттан басқа үлкеннің емі болмайды». Атам осыны көлденең тартады. Үлкенді сыйламау, оны құрмет тұтпау, адамзат тарихында кездеспейтін, қашанда адамгершілік нормаларына қарсы бағытталған, оғаш, қылмыспен ғана пара-пар құбылыс. Ізгіліктің басы - үлкенді сыйлаудан басталады. Кәрілік - барша қауымның сый-құрметіне кенелген игілікке айналады.

Бір биге: «Ата сыйламағанға неге жаза жоқ ?!» - деген сұрақ қойылыпты. Би жауап бере алмай, тоқырап қалыпты. Әңгіменің осы жеріне келгенде Арынғазы атам мені көз қиығымен шолып өтті де:
Бұрынғылардың заңдарында ондай жаза болмағаны - ондай қылмыстың ол кезде кездеспегені, әлде ондай қылмыс адамдар арасында мүлде болмасын дегені емес пе?! - деп сөзін тамамдады.
Арекемнің көз жанары сөз табылып айтылды деп құптап тұр. Таяғын қос қолдап ұстап, етінен арылып қалған салалы саусақтарына иегін сүйеп қойған. Тұңғиық ойда. Не ойлап тұрғаны белгілі: арттағыны, жастарды, өзіне сабақтасатын олардың әлеуметтік қабілетін ойлайды. Адам баласының үлкені мен кішісін, Арынғазысы мен огың немере-шөберелерін ұштастырсақ, адамзат болып шықпай ма? Адам өткінші, адамзат мәңгілік. Осы мәңгіліктің ту басында әрдайым Арынғазы секілді асыл аталардың орны суымағаны абзал. Олардың адамзатқа берері мол, бітпек емес. Күннің шуағындай тегін, ақысыз-пұлсыз.
Атаның айтқанын барлығын абзал демекпіз бе?
Білемін сұрағым оңай тиген жоқ. Әзілім жарасқан соң, аянбай да қалдым, ақ пен қараның арасынбасын шатыстырмай дара ұстайтын ақиқаттың ауылына тік бет бұрдым. Өзімсіп, тік айтқаным атаның жүйкесін босатып тұр. Қара нардан қайткенмен де бел кеткен, көзін көзіме қадайды. Ақиқат майдаланбайтын ер тұлғалы игілік екенін білмесе, атам Арынғазы бола ма?

Үлкеннің де Ағламбайы мен Судыр-Ахметі бар, - деп, ауыл ақсақалдарының
жаксы-жаманын қақтығыстырып, өз тұтастарының мінін шенеп сөйледі. - Естелік пег есерлік үлкеннен қалған үлес. Оны өзің саралайсың. Айтқанымды құптама, ақылдысын тұт.
Арекем келте сөйлеп, әңгімесінің ырғағын ұзыннан қозғайды.
Үлкен мен кіші қатынастарының екі жағы бар:
Біріншісі - үлкенді сыйлау - ғибрат, өнеге, адамның тектілігін байқатады.
Екіншісі - «үлкен айтты - болды!» - деп бас шұлғу - ойсыздық, көрсеқорлық. Бұған үлкеннің өкпесі жүрмеуі шарт. Келер буын өткен буынның жіберген қателерін, бейсауаттық қимыл-әрекетін дәйім үлкен айтты болды деп қайталап отырған болса, адамзат әлі де тас балғасын жамбастап, отқа табынған қалпында қалатыны анық. Сондықтан атаның айтқанының бәрін ақылға телімей, оны ой сарайынан өткізіп, керектісін басшылыққа алу парыз.
«Ізгіліктің басы - үлкенді сыйлаудан басталады» дегенді қалай түсінесіңдер деген сұрақ беріледі.

Жағдаяттарды шешу
1- жағдаят
Айтмұхамбет қария - сөзге тоқтайтын, сөздің төркінін байқайтын,
сөз түсінетін кісі. Оның бойын ауыр дерт меңдеп жатқанына біраз
айдың айналасы болды.
- Ассалаумағалейкум. Қалайсың, шал, тәуірмісің? - деді бір жолы ол кісіге ауылдың бір жас жігіті табалдырықты аттар-аттамастан.
Бетін қабырғаға беріп, өзімен-өзі хал үстінде жатқан қарт мына сөзден кейін
бетін бері қарай жалт бұрып:
- Не қалайын сұрайсың, көріп тұрған жоқсың ба?! - деп қария кейіп қалды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz