Компьютерлік вирустардан қорғау


Slide 1

Үй тапсырмасын тексеру:

1. Компьютерде қандай да бір файлымызды жоғалтып алсақ, оны қалай табуға болады?

Жауабы:

Жоғалаған файлды «Іздеу» немесе «Табу» командасы арқылы тауып алуға болады.

Slide 2

2. «Іздеу» командасы компьютерде жоғалған кез - келген файлды тауып бере ала ма?

Жауабы:

Ия, тауып бере алады.

Slide 3

3. Қандай белгілер бойынша «Іздеу» командасы арқылы обьектіні табуға болады?

Жауабы:

Ол үшін обьектіні, оның атын, құрылу датасын, өлшемін білу керек.

Slide 4

4. «Іздеу» командасын шақыру әрекеттерін ата.

Жауабы:

1. ) Жіберу батырмасына шерту;

2. ) Іздеу пунктін таңдау;

3. ) Файлдар мен бумалар пунктін таңдау;

4. ) Файлдар мен бумалар атын іздеу өрісінде файл атын немесе файл атының фрагментін енгізіңіз;

5. ) Мәтінді іздеу өрісіне мәтін фрагментін енгізуге болады;

6. ) Қайдан іздеу өрісінен іздеу жүргізілетін диск немесе басқа объектіні таңдауға болады;

7. ) Табу батырмасына шерту.

Slide 5

5. «Іздеу» командасы арқылы бүгінгі сабақтың құжатын табыңыз.

Құжаттың атты «Вирустар»

Slide 6

Сергіту сәті

«Аспаптар»

Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға ақпаратты қорғау туралы түсінік беру, антивирустық қорғауды үйрету

Slide 11

1 топ «Компьютерге вирус қайдан түседі?»

2 топ «Компьютерге вирус түссе не істейміз?»

Slide 12

Компютерлік вирус

КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР

Компьютерлік вирус - арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да "жұғады" және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с. ) . Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді.

Slide 13 Slide 14 Slide 15

Касперский Anti-Virus программасы

Жалпыға әйгілі полифаг Е. Касперский зертханасын құрған Касперский Anti-Virus программасы вирусқа қарсы бірден-бір сенімді программа бүкіл әлемге 26 маусым 1997 жылы Е. касперский Anti-Virus программасын ойлап тапты .

Е. Касперский

Slide 16

Қазіргі кездегі вирустар негізгі екі топқа бөлінеді: - резиденттік(компьютер жадында тұрақты сақталатын) вирустар; - резидегатік емес вирустар. Вирус жұққан программа іске қосылғанда резвирустар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадқа көшіріліп жазыльп, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері сезілмегенмен, соңынан бірден іске қатты кіріседі. Бұл вирустарды тез анықтау ісін қиындатады. Дискілерге мөлімет жазу кезінде вирус өзінің жабысуына қолайлы сәт іздеп негізгі операциялар орындалып жатқанда солармен қосылып дискіге жазыльп алады да, оның қалай "жұққанын" адамдар білмей де қалады. Ал, резидентгік емес вирус жедел жадқа тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген программа іске қосылғанда ол екпіндене түседі де, өзі жұмыс істеп тұрған каталогтан немесе РАТН командасында көрсетілген каталоггардан өзі ішіне байқаусыз еніп кететін файл іздейді.

Slide 17

Қазіргі кезде вирусқа қарсы программаларды бірнеше түрге бөлуге болады:Детекторлар, Полиграфтар, Ревизорлар.

Детекторлар-олардың міндеті вирустарды табу.

Полиграфтар -олардың міндеті вирустарды табу.

Ревизорлар-олардың міндеті компютерге вирус жұқтырмау, алғашқы күйін сақтау.

Slide 18

Тапсырма. «Бүлінген хат». Компьютерде практикалық жұмыс.

1-хат.

Сканер мен пернетақтаны іске қосып компьютерді қосу керек. Монитормен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін принтер пайдаланамын. Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін жүйелік блок падаланамын.

2- хат.

Компьютерде мәтін жазу үшін Paint текстік редакторды пайдалануға болады. Ал сурет салғым келсе WordPad стандартты программасымен сала аламын. Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын, өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. Пернетақтаның үш түрі бар: Лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш.

Slide 19

Дұрысталған хат

1-хат.

Компьютерді іске қосып, сканер мен пернетақтаны қосу керек. Пернетақтамен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін сканер пайдаланамын. Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін принтер пайдаланамын.

2- хат.

Компьютерде мәтін жазу үшін WordPad текстік редакторды пайдалануға болады. Ал сурет салғым келсе, Paint стандартты программасымен сала аламын. Мен сканермен жұмыс істегенді ұнатамын, өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. Принтердің үш түрі бар: Лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш.

Slide 20

ТЕСТ

1) Мекендеу ортасына қарай вирустарды нешеге бөлуге болады?

а) үшке

б) төртке

в) екіге

2) Сирек қолданылатын антивирустық программалардың бірі не деп аталады?

а) ревизор

б) полифагтар

в) детекторлар

3) Қолданбалы программалардың ішіне енгізілген программалық кодалық блоктар не деп аталады?

а) жүктейтін

б) файлдық

в) макрофирустар

4) Өте қуатты Dr. Web (Doctor Web) полифаг - сканерін кім құрды?

а) И. Данилов

б) Е. Касперский

в) Д. Мостов


Ұқсас жұмыстар
Есептеу жүйелеріндегі ақпаратқа зақым келтіретіндер
Вирустар және антивирустар
Компьютерлік вирустар.Антивирустық программалар
Компьютерлік вирустар жайлы
Компьютерлік вирустардан қорғау жайлы
Компьютерлік вирустардың түрлері
Компьютерлік вирустар, антивирустар
Есептеу жүйелерін вирустан
Сандық сауаттылық Компьютерлік сауаттылық
Вирустар мен антивирустар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz