Химиялық элементтердің валенттілігі



«Химиялық элементтердің валенттілігі »
Маханова Г. Е.
М. Горький атындағы №1 гимназия-мектебінің химия пәні мұғалімі,
Жетісай қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға элементтердің валенттілігі туралы мағлумат беру
ә) дамытушылық: элементтердің валенттілігін анықтау; қосылыстардың формуласын құрастыру; қосылыстардың құрылымдық формуласын құрастыру біліктерін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге және өз білімін бағалап тексеруге баулу;
б) тәрбиелік: ізденімпаздық, жауапкершілік, ұйымшылдық қасиеттерін тәрбиелеу.

Сабақ жоспары
I. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру
II. «Ой шақыру» кезеңі: сұрақтар қою арқылы және тірек-сызба бойынша үй тапсырмасын тексеру:
III. Ұғыну кезеңі. Валенттілік туралы түсінік
IV. Қосылыстағы элементтің валенттілігін анықтау алгоритмімен танысу
V. Екі элементт атомдарынан құралған қосылыстың формуласын құрастыру алгоритмі
VI. Қосылыстардың құрылымдық формулулары туралы түсінік
VII. Cабақты қорытындылау

«Ой шақыру» кезеңі А. «Cен білесіңбе?»
1 нұсқа сұрақтары:
Заттар қандай бөлшектерден құралған?
Атомдармен мен молекулалардың айырмашылығы қандай?
Химиялық элемент дегеніміз не?
Жай заттың анықтамасы; мысал келтіріңдер.
2 нұсқа сұрақтары:
Күрделі заттың анықтамасы; мысал келтіріңдер.
Химиялық формула анықтамасы; мысал келтіріңдер.
Индекс, коэффициент дегеніміз не?
Химиялық реакция дегеніміз не?

Ә. «Химиялық диктант»
1 нұсқа. Келесі элементтердің таңбаларын жазыңдар:
магний, хлор, фтор, қорғасын, қалайы, бром, кальций, алтын, фосфор, күкірт
.
2 нұсқа. Келесі элементтердің атауларын жазыңдар:
Mn, Ba, Li, Hg, N, Si, K, Fe, Ag, C

1 нұсқа:
Mg, Cl, F, Pb, Sn, Br, Ca, Au, P, S
2 нұсқа:
марганец, барий, литий, сынап, азот, кремний, калий, темір, күміс, көміртек
Ә. «Химиялық диктант» ЖАУАПТАР

Б. «Кім жүйрік?»
1 нұсқа.
Келесі қосылыстардың молекулалық массасын анықта: K2SО4, Са(NО3) 2
2 нұсқа.
Келесі қосылыстағы элементтердің массалық үлестерін анықта: Nа2SО4

Б. «Кім жүйрік?»
Жауаптары
1нұсқа:
K2SО4 - 174, Са(NО3) 2 -164
2. нұсқа:
Nа - 32, 39%, S - 22, 54%,
О - 45, 07%

Валенттілік туралы түсінік
Тапсырма:
HCl, H2O, NH3, CH4 қосылыстарының сандық және сапалық құрамын салыстырыңдар.
Молекулалардың қандай ұқсастығын байқадыңдар?
Молекулалардың айырмашылығы неде?

Мәселенің шешімін табыңдар
Не себептен әртүрлі атомдар сутектің әртүрлі атом санын қосып алады?

Мәселені талқылау бйынша қорытынды жасау:
Қосылыс тузгенде атомдар басқа атомдардың, өзіне тәң, белгілі бір санын ғана қосып алады. Бүл қабілет “валенттілік” деп аталады. Валенттілік сөзі латын сөзі valentia -күш деген мағынасын білдіреді

Валенттілік - химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті.
Валенттік химиялық элементтің таңбасының үстінгі жағына рим сандарымен жазылады.
I I I II I III I IV
HCl H2O H3N H4C
Сутек атомының валентігі I, ал оттек атомының валенттігі II тең
“Валенттілік” терминін
Э. Франкленд 1853 ж. енгізген

Валенттілігі өзгермейтін элементтердің валенттігін тұрақты, ал валенттілігі өзгеретін элементтердің валенттігін айнымалы деп аталынады.
Тұрақты валентті элементтер
I валетті элементтер: H, Li, Na, К, Rb, Cs, F, Ag
IІ валетті элементтер: О, Be, Mg, Ca, Sr, Ba, Zn, Cd
IІІ валетті элементтер: B, Al

Айнымалы валентті элементтер
I және ІІ валетті : Cu, Hg. Мысалы: Cu2О, CuО
IІ және ІІІ валетті : Fe, Co, Ni. Мысалы: FeО, Fe2О3
IІ және IV валетті: Sn, Pb, C. Мысалы: СО, СО2
IІІ және V валетті : P, As. Мысалы: Р2О3, Р2О5
II, IV және VІ валетті : S. Мысалы: Н2S, SО2, SО3
II, III және VІ валетті : Cr. Мысалы: CrО, Cr2О3, CrО3
II, IV, VI және VII валетті : Mn. Мысалы: MnО, MnО2, MnО3, Mn2О7
I, III, V және VII валетті : Cl, Br, I. Мысалы: Cl2О, Cl2О3, Cl2О5, Cl2О7

Қосылыстағы элементтің валенттілігін анықтау алгоритмімен танысу
Валенттілікті анықтау заңдылығы: Молекулада бір элементтің барлық атомдарының валенттіліктерінің саны екінші элементтің барлық атомдарының валенттіліктерінің санына тең

Элементтің валенттілігін анықтау алгоритмі
1. Қосылыстың формуласын жазыңдар H2S, Cu2O
2. Валенттігі белгілі элементтің валенттігін белгілеңдер
I II H2S Cu2O
3. Валенттігі белгілі элементтің валенттігін оның атомының санына көбейтіңдер (Ix2=2), (IIx1=2)
2 2 I II H2S Cu2O
4. Алынған санды валентігі белгісіз элементің атомдарының санына бөліңдер. Алынған жауап ізделінген валенттік болып табылады (2:1=II), (2:2=I)
2 2 I II I II H2S Cu2O

Қосылыстардағы элементтің валенттілігін анықтаңдар
1 нұсқа:
SiH4, CrO3, H2S, CO2, CO, SO3
2. нұсқа:
HBr, Cl2O5, Cl2O7, РН3, K2O, Al2O3

Жауаптары
IV I VI II I II IV II II II VI II
1 нұсқа: SiH4, CrO3, H2S, CO2, CO, SO3
I I V II VII II III I I II III II
2 нұсқа: HBr, Cl2O5, Cl2O7, РН3, K2O, Al2O3

Екі элементтен құралған қосылыстың формуласын құрастыру алгоритмі
1. Элементтердің символдарын жазу
Р О
2. Элементтердің валенттілігін жазу
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz