Д.Исабеков «Ата үміті».Әңгімедегі адамгершілік,ізгілік мәселелері




Презентация қосу
Сәуірдің он екісі
Сынып жұмысы
Д.Исабеков “Ата үміті”.
Әңгімедегі адамгершілік пен ізгілік
мәселелері.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік-әңгімедегі кейіпкерлер бейнесіне талдау
жасау,іс-әрекеттеріне баға беру арқылы оқырманның
рухани жан-дүниесін байытудағы көркем шығарманың
күш - қуатын таныту;
Дамушылық- жазушының портрет жасау шеберлігіне
назар аудару,көркем сөз құдіретіне үңілу,кейіпкерлерге
мәтіннен мысал келтіре отырып сипаттамалар беру,ой
қорыту,пікір айтуға,оны қорғай білуге төселту;
Тәрбиелік- оқушыларды
зұлымдық,жауыздық,қатыгездік,қаскөйлік сияқты
жаман қасиеттерден жирендіре отырып ізгілік жолына
тәрбиелеу,адамгершілік, имандылық,парасаттылық
сияқты қасиеттерді бойға сіңірту;

Сабақтың эпиграфы:
«Пайда ойлама,ар ойла.....»
(Абай).

Қалай ойлайсыздар,үзінді неге
«Ата үміті»деп аталған?
Ғұмырының көбінен азы
қалған,артындағы бес тұяғының
төртеуінен соғыста,соңғысынан
қарадай айырылған Тоқсанбай
қарт неден үміттенеді,атаның үміті
неде?

Шығарманың басты кейіпкерлері
аталы-немерелі
кейіпкерлерімізбен алғаш
қалай,қайда жүздестік?
Ата мен балаға келіп қосылған
бейтаныс адам қандай жан?
Алғашқы жүздесудегі әсер

Шығарманың сізді ерекше
толғантқан тұсы?
Шығарманың тақырыбы немесе
көтерілген негізгі мәселе
қандай?
Осы әңгіме авторы туралы не
білесіңдер?

Үй жұмысын қорытындылау.
Әңгіме ұнады ма?
Несімен ұнады?

Ой қозғау: «Обал мен сауап»

а) Обал -ұғым атауы.Дерексіз зат
есім.Көзбен көрмейміз,
қолмен ұстамаймыз.Обал сөзінің
мағынасын қалай түсінесіңдер?

Трек-сигналдар
Неге,кімге қатысты айтылады?

Не себепті айтылады?

Пайдасынан басқа зияны жоқ,жан
біткенге қылдай қиянат
келтірмейтін,бейкүнә, жазықсыз аңдар мен
құстарға, жануарлар мен жәндіктерге
қатысты айтылады.Мысалы:
құс,құмырсқа,ара,үйдегі жан жануар т.б.

«Ұя бұзған оңбайды».
Ұяны,омартаны,илеуді бұзуға болмайды,
өйткені олар
құстың,араның,құмырсқаның Отаны.Олар
сонда өсіп өнеді. Сенің бұзғаның-олардың
өміріне балта шапқаның,бастарына қайғықасірет әкелгенің,қиянат жасағаның.
Үлкендердің «Обалына қалма,тиіспе» деуі
сондықтан.

Қасиетті,киелі саналатын тағам
атауларына қатысты
айтылады.Мысалы:сүт,нан т.б.

«Сүт - тіршіліктің бастауы,нан-астың
үлкені».Олар адамның адал еңбегімен
келеді.Сол еңбектің қадірін білу керек.Оны
бағалау керек.

Адамға қатысты айтылады.Мысалы
көрген қорлық,кеткен ақы,төгілген
жас,көрген қиянат.

Әлімжеттік жасап әлсіз адамды ұрып
соғуға,қиянат жасауға,зорлықпен біреудің
ақысын бермеуге,күш арқылы біреудің
затын тартып,не ұрлап алуға болмайды.
Мұндай жағдайда әлсіз жандардың көз
жасына қаласың,наласына батасың. «Обал
болады»осындай жағжайда айтылады.

ә) сауап сөзінің мағынасын қалай
түсінесің?
1.«Дұрыс болды,оған сол керек» деген
мағынада жұмсалады.
2. Алғыс,ықылас,қошемет,рахмет
ұғымын білдіреді. Мысалы: сауабын
алды(алғысын алды,рахметін алды).
Обал және сауап бір-біріне қарамақарсы,яғни антоним сөздер.

1.Талдау:
Композициялық жоспар жасату.

2.Мінездеме
Омаш
Ергешбай
Тоқсанбай қарт

ақкөңіл
оспадар
мейірімді
зейінді
тасжүрек

3.Венн диаграммасы.
Тоқсанбай қарт

Омаш

4.Ой толғау

Абай айтқан «Ыстық
қайрат,нұрлы ақыл,жылы
жүрек» және Омаш.

5.Мағынаны тану. (топпен жұмыс)

Кейіпкерлер

Іс-әрекеті

Қандай мінездің
адамы

6.Мәтінмен жұмыс.
Мәтін бойынша іс-әрекеті
-Келмей жатып-ақ ненің ауыр,ненің
жеңіл екенін де біліп алапсың
ғой.Ештеңе етпейді,бірер ай
қиналсақ қиналармыз,сонан соң
екеуміз орған дерменемізді
Арысқа апарып жеткізіп,ақшаны
уыс-уыс қып ап қайтамыз.
-Бұл кісі дермене ұрлап келді ме?
-Бұл әтәңәләлеттерге бала не керек
десеңші!
-Аптауыздың тоқтайтын жеріне
барып жатайық.Ертеңгісін бірінші
жүргеніне мініп кетерміз.

Әңгіменің қай бөлімінде,кім?

Сабақты қорытындылау. Сұрақ-жауап.
1.Омаш әңгіме соңында өзін қалай сезінді?
(тауып оқу)
2.Обал,сауап,адал,арам тәрізді ұғымды кім
қалай түсінеді?
3. Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау
жеңудің бәрі жеңіс пе?

Үй тапсырмасы:

«Адамгершілікті мен қалай
түсінемін?» тақырыбына шағын
шығарма жазыңдар.


Ұқсас жұмыстар
Д. Исабеков Ата үміті. Әңгімедегі адамгершілік пен ізгілік мәселелері
Ұлттық құндылықтар мен Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білімінің сабақтастығы
Конфуцийдің әлеуметтік - адамгершілік ілімі
Адамгершілік құндылықтардың мәні
ДРАМАТУРГИЯ ЖАНРЫ, ТАҚЫРЫПТЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
Мінез адам тұлғасының қасиеті ретінде
Адамгершілік құндылықтар
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар "Адамгершілік"
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМНІҢ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ БАСЫМДЫҒЫ
Пәндер