"Жігіттің сұлтаны кім?" саралаңыз



Жезқазған қаласындағы
№21 орта мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі
Ахметова Баршагул Тажибаевна

Тегі: Ахметова
Аты: Баршагул
Әкесінің аты: Тажибаевна
Туған жылы: 12. 12. 1976
Мекен- жайы: Тайжан көшесі 25үй,
тел:77-11-93
Білімі: жоғары
Қайда, қашан не бітірді: 1996 ж Жезқазған педагогикалық колледжі, Жезқазған университеті 2004ж
Мамандығы: Бастауыш сыныптағы оқытудың
педагогикасы мен әдістемесі
Жалпы еңбектегі қызмет мерзімі: 10 жыл
Педагогикалық қызмет мерзімі: 10 жыл
Санаты: екінші
Білім жетілдіру курсынан өткен соңғы жыл: 2008 ж
Проблемалық тақырыбы: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Тәрбие сағатының тақырыбы:
"Жігіттің сұлтаны кім?"
саралаңыз
Мақсаты:
Оқушыларға халқымыздың ғасырлар бойы
келе жатқан әдет- ғұрып, салт- дәстүрін, ата- баба дәстүрін құрметтеуді, Отанды сүюге,
Атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Байқау шарты:
«Жеті атасын білген ұл, жеті рулы елді біледі». (Өзін таныстыру. )
«Жігітке жеті өнерде аз». (Өз өнерін көрсету, ән, күй, би, көрініс және т. б. )
Үй жұмысы. (Өзінің қолынан істеген бұйымын әкеліп, жасалу технологиясын түсіндіру. )
«Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер». (Бата беру. )
Қойылатын талаптар:
Ұлттық киім.
Сахна мәдениеті.
Сөйлеу мәдениеті, өз ойын ұтымды жеткізе білу.
4) Әр сыныптан 10 жанкүйер болу керек.

(Сайыс-байқау)
1-бастаушы: Құрметті қауым! Сіздерді “Жігіт сұлтаны” сайысын тамашалауға шақырамыз.
2-жүргізуші: Береке де осында,
Мереке де осында.
Болып жатыр той-думан
Қырандардың қосында.
1-жүргізуші: Асқақтаған ән дайын,
Күмбірлеген күй дайын.
Ал, кәнекей, қырандар!
Босқа қарап тұрмаңдар!
Бастап жігіт өнерін,
алыстарға самғаңдар!

2-жүргізуші: Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін жігіттерді қол шапалақтап, қошаметтеп ортаға шақырайық.
1-жүргізуші: Сайысқа қатысушы жігіттер көпшілікпен сәлемдесіп, өздерін таныстырады. Жігіт сұлтанының бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың деген сұраққа жауап береді
2-жүргізуші: Ей жігіттер!
Сендерге артар міндет көп.
Көтер биік ата салтын құрметтеп
Ақтай білсең ата-баба үмітін
Әрбір сөзі - тәлімі мол бір мектеп.
Сұрақтар: Нөмірленген асықтардағы сұрақтарға жауап беру.

№1 асық. Төрт түлік мал пірінің аталуы қалай?
1. Түйе - Ойсылқара
2. Жылқы - Қамбар ата
3. Қой - Шопан ата
4. Ешкі - Шек-Шек ата
5. Сиыр - Зеңгі баба
№2 асық. Қазақша ай аттарының аталуын айту керек.
1. Қаңтар 7. Шілде
2. Ақпан 8. Тамыз
3. Наурыз 9. Қыркүйек
4. Сәуір 10. Қазан
5. Мамыр 11. Қараша
6. Маусым 12. Желтоқсан

№3 асық. Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай?
І. Жылқы - құлын
ІІ. Сиыр - бұзау
ІІІ. Қой - қозы
ІҮ. Ешкі - лақ
№4 асық. Жыртқыш құстардың атын ата.
Бүркіт, лашын, қыран, қырғи.
№5 асық. Қазақ халқының салт-дәстүр,
той-томалақтарын атап шық, біреуін
түсіндір.
Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар.

№6 асық. Аттың ер-тұмандарына нелер жатады?
Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы.
1-жүргізуші: Әділ қазылар алқасы жігіттердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.
(Ән орындалады)
2-жүргізуші: Қыран-бүркіт көтерер ердің нарқын,
Қыран жігіт асырар елдің даңқын!-
демекші, енді жігіттерміздің өнерін тамашалайық.
(Әрқайсысы өз өнерін көрсетеді)
1-жүргізуші: Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай, - демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстардағы
өнерлерін көрейік.

1. Салмақ тасын көтеру.
2. Мойын арқан тартпақ.
3. Білек күшін сынау.
2-жүргізуші: Жігіттер, жаман істі кәсіп етпе,
Досыңды бірге жүрген басып өтпе,
Басыңа әлдеқандай іс түскенде.
Келесі кезекті тағы да әнге берейік.
(Ән орындалады)
1-жүргізуші: Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері,
Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.
Көңіліңді шат сезімге баурайды,
Халқымыздың бүгіні мен өткені.
(Тарихи тұлғалар, ескі ұғымдар туралы сұрақтарға жауапберу)
Сұрақтар: Асықтар арқылы жауап береді.

№1 асық. Үш ұғым туралы сұрақтар
1. Үш жүз: Ұлы, Орта, Кіші
2. Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі
3. Үш даусыз: Мінез, кәрілік, ажал
№2 асық. Жеті атаны талдап беру.
Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
№3 асық. Ұлттық ойындардың түрлерін атап шық. Ақсүйек, асау үйрету, арқан тарту, тымпи, сақина салу т. б.

Жүргізуші: “Жеті атасын білмеген жетесіз” - деп халқымыз айтпақшы, кешіміздің соңында біздің қыран жігіттеріміз өздерінің жеті аталарын атап, дастарханымызға бата берсін!
(Сайыс соңы концерттік бағдарламаға ұласады)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz