Адам өз өмірінің суретшісі


Slide 1

VIII "А" сынып

Адам-өз өмірінің суретшісі

Slide 2

Мақсаты:

Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа тәрбиелей отырып, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту, адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын оқып үйренуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, пікір алмасу, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер,

мультимедиа

Slide 3

Әлемге әйгілі ғалым Платон «Біз ұлт тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз» деген екен. Демек ұл - елдің қорғаны, қыз - болашақ ана. Адамның мәдениетті болмағы әдептен. Әдеп нормаларын білуге және сақтауға кез- келген адам талпынуы керек.

Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өз өмірінің суретшісі болуы керек.

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң әрқалан

Сенде бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді, шыншыл, еңбексүйгіш, адамдық асыл қасиеттерге бай болсаң, өсе келе ата-анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.

Қазақта мынадай сөз тіркестері жиі кездеседі:Рухани адам. Адам рухы, рухани байлық, рухы жоғары. Осы тіркестерге мұқият зер сала отырып, « рух» деген нәрсенің адам денесіндегі бір қуат екендігіне көз жеткізуге болады.

Slide 4

Рух дегеніміз не?

Рух- адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттер мен барлық игі істердің қайнар көзі.

Нәпсі дегеніміз не?

Нәпсі-адам бойындағы барлық жаман қасиеттердің жиынтығы.

Адам денесінде осы екі қасиет: рух пен нәпсінің күресі үнемі жүріп жатады.

Қағида дегеніміз не?

Қағида(принцип) - адамның тәртіп ережесі.

Slide 5

«Адамның ішінде

болмайды аласы,

оларды бұзатын

таласы»

Шәкәрім

Slide 6

Рухани бай адам

Адал

Қанағатшыл

Мейірімді

Адамгершілігі мол

Ізетті

Әділ

Slide 7

Сенім

Еңбек етсем, ертеңгі

Бақытыма сенемін!

Мақсатыма жеткізер

Уақытыма сенемін!

Достық іс пен қасты да,

Жеңеріме сенемін!

Ақыл, сана, білім мен

Өнеріме сенемін!

Арым-таза, ақ көңіл

Адалдыққа сенемін!

Абыройлы ақ ниет

Адамдыққа сенемін!

Slide 8

Адамдық асыл

қасиеттерге

Әдептілік

Имандылық

Қайырымдылық

Достық

Ізеттілік

Әділдік,

Өзара көмек

Slide 9

«Меннен сұрақ, сізден жауап»

1. Әдептілік дегеніміз не?

2. Әдепті болғың келе ме?Әдептілікті кім үйретеді?

3. Мектептегі әдептілікті қалай түсінесің?

Әдепсіз адам қандай болады?

4. Иманды адам деп қандай адамды айтамыз?

Өтірік айту үлкен күнә болып есептелеме?

5. Темекі шеккен, балағат сөздер айтқан адамды қандай

адам деп білеміз?

6. Мейірімді адам деп қандай адамды айтамыз?

7. Қайырымдылық дегенді қалай түсінесіз?

Достық, ізеттілік, өзара көмек деген сөздерді қалай түсінесіз?

8. Амандасу -әдептіліктің басына жата ма?

9. Адамға ар-ұят не үшін керек?Пейіл білдіру қажет пе?

Сыпайыгершілік дегеніміз не?

10. Қандай адамды тәрбиелі адам дейміз?

Slide 10

Мұны да білген жөн

Амандасудың тәртібі:

1. Үлкендерге жастар болып бірінші амандасады.

2. Қол алысып амандасқанда қолғапты

шешу керек.

3. Таныс адамың алыста кетіп бара жатса оған

«Сәлеметсіз бе?» деп айқайлаудың қажеті жоқ,

ол сені көрсе, басыңды иіп сәлемдес.

Slide 11

Шешендер тағылымы

Бөлтірік шешен бірде жаман мен жақсы жіктей келе былай деген екен:

Жақсы деген кісінің алды-арты жарық болар,

Жақсы деген ісінің бас-аяғы бірдей анық болар.

Жаман деген кісінің алды-арты бірдей жау болар,

Жаман деген ісінің бас-аяғы дау болар.

Slide 12

Жақсы деген немене, жаман деген немене?

Жақсы

Жақсы бала құлақ сап,

Айтқаныңды ұғады

Тап-таза боп жуынып,

Алады ол таранып

Үлкенді де де сыйлайды,

Достарын ол жинайды

Сабағына барады,

Күнделікті дап-дайын

Жақсы бала, ол анық, істемейді шалалық

Slide 13

Жақсы деген немене, жаман деген немене?

Жаман

Жаман бала құрысып,

Өзінен өзі тырысып.

Тіл алмайды,

нашар оқиды

Өтірікші,

Еріншек

Әдепсіз,

жаман

Түске дейін жатады,

Анасымен ұрысып.

Slide 14

Жағдаятты талдау

1. «Абзалдың қылығы» атты жағдаятты талдау.

Велосипедпен жарысып келе жатқан Абзал жолдың шетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек?

Жол беріп, өткізіп жіберсе, жолдастарынан қалып қояды. Жарыстың аты-жарыс. Абзал қарияның жолын кесіп кетеді.

Абзалдың қылығы дұрыс па? Әлде бұрыс па?

2. Сыныптас досың үй тапсырмасының орындалмау себебін өтірік айтып, мұғалімді алдады. Сенің әректің?

3. Сыныпқа кірсең, сенің сыныптасың біреудің қалтасын

қарап жатыр? Не істейсің?

Slide 15

Көрініс

Slide 16

Сабақтан кешігуге, сыныпта айқайлауға, үлкендерді сыйлау, ата-аналардың тілін алу, жаманнан жирену,

үлкендердің жолын кесіп өту, ата-анаңа көмектесу,

үй жұмысын көшіруге, сабақты жақсы оқу, тәртіпті де үлгілі, адамға қиянат жасау, ортаға сыйлы болу, қиын сәтте қол ұшын беру, жақсыдан үйрену

Іріктеп көр

Slide 17

Не істеуге

болмайды?

Slide 18

Адам сұлулығы

деген не?

Өмірдегі ең маңызды нәрсе не?

Егер сыпайы болсаң. . .

Мен өз өмірімнің суретшісімін.

Шәкірт ойы

Slide 19

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
“Баланың өмірде алатын орны”
ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ МҰРАЖАЙЫ
Импрессионизм суретшілері
Леонардо да Винчи кескіндемесі
Антуан Ватто шығармашылығы
Шоқан Уәлиханов өмірі
Қытай кескіндемесі
Суреттің толық атауы итал
Адам мінезімен танылады
Ғылымға қосқан үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz