Нұржау орта мектебіндегі ана тілді насихаттауға бағытталған Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ сайысы


Slide 1

Aтырау облысы

Құрманғазы ауданы

Нұржау қазақ орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Рысқалиева Майя Нұржанқызы

Slide 2

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Нұржау қазақ орта мектебі

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі: Рысқалиева Майя

Нұржанқызы

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

(VII - VIII сынып)

Slide 3

Байқаудың мақсаты

Оқушыларды өз ана тіліміздің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның өміріндегі маңызын ұғуға үйрету;

Тіл мәдениетін сақтай білуге тіл тазалығы үшін күресуге, сөз өнеріне баулу;

Ата-баба мұрасын жалғастырушы болуға дәріптеу;

Slide 4

“Ұлттық тіл -қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал”

Н. Ә. Назарбаев

Slide 5

Барысы:

Армысыздар көрермендер, оқушылар!Бүгін біздің осылай мерекелі кешке жиналып отырғанымыз-Алланың бізге берген ұлы бақытының арқасы. Ол бақыт-бейбітшілік, ол бақыт -тәуелсіздік. Тәуелсіздігімізді, еркіндігімізді баянды етер қаруымыз- туған тіл. Ананың бал сүтімен бойға сіңіріп, асыл әлдиімен жанға дарыған тілімізді қадірлейік, мәртебесін асырайық, -деп “Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ” тақырыбындағы сайысымызды бастауға

рұқсат етіңіздер!

Оқушылар, ұлы Абай атамыз:

“Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас”-деп нені айтқан?

-Тілімізді айтқан.

-Олай, болса, тіл дегеніміз не? Тіл деген ұғымды кім қалай түсінеді екен?

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Slide 6

Тіл- халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті.

Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата

дәстүрі. Біздің осындай қасиетті мұрамыз, ана

тіліміз-қазақ тілі. Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының

мемлекеттік тілі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы:

«Тіл тағдыры-өзін Қазақстан азаматымын деп санайтын

баршаның ортақ ісі» деп атап көрсеткен. Ер қазынасы -

ескі сөз, ел қазынасы-ескі сөз» деп бұрынғылар

айтқандай, сөзге сән беретін, сөздің болаты- мақал.

Бүгінгі сайысқа қатысатын сайыскерлерді таныстырып

өтейік.

Мақалшылар:

1. Нұртаева Арайлым

2. Қадырова Бекзада

3. Исатаева Ақнұр

Slide 7

І. «Сөзден сөз шығады, сөйлемесе неден шығады»- демекші әр сайыскер дайындаған мақал-мәтелдерін айтады.

(Үй тапсырмасын орындау)

Slide 8

Ал, енді құрметті сайыскерлер, бірінші кезекте мен мақалдың алғашқы жолын айтамын, ал сендер жалғасын табуларың керек. Бұрын тапқан оқушыға ұпай қосылады.

Slide 9

1. Сөзден асқан байлық жоқ, . .

(Тілден асқан жүйрік жоқ. )

2. Тіл дегенің- ақыл гүлі, . .

(Тілде жатыр сөздің сыры)

3. Тіліңмен жүгірме, . .

(Біліммен жүгір)

4. Жыланның уы тісінде, . . .

(Адамның уы тілінде)

5. Сөздің тілінен . . . (істің тілі шешенірек)

6. Ат жүйрігі айырады, . .

( Тіл жүйрігі қайырады)

7. Шебердің қолы ортақ.

Шешеннің . . . (тілі ортақ)

8. Зекетсіздің малы арам, . . .

(Тілсіздің дауы арам )

9. Тіл . . . (қылыштан өткір)

10. Піл көтермегенді . . .

(Тіл көтереді)

Slide 10

Тіл

Әдебиет

Байлығымыз

Мәдениет

Халықтың күре

тамыры

Қарым-қатынас

құралы

Достық көпірі

Slide 11

ІІ. «Жақсы бала ойлағыш,

жаман бала тойлағыш» демекші, сайыскерлер, сендерге бір сөз айтылады, сол сөзі бар қандай да бір мақал тауып айтуларыңыз керек.

Slide 12

Сөздер: кітап, еңбек, тіл, ер, жолдас, Отан, ат, сөз, жаман, ине

-Оқушылар, осы айналымның нәтижесінде ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.

ІІІ. Үшінші айналымда екі оқушы бір-біріне мақал-мәтел айтып жарысады.

Мақал-мәтелді көп білетін оқушы мақал-мәтел сайысының жүлдегері атанады. .

Slide 13

IV. «Білекті бірді алады, білімді

мыңды алады» дегендей,

көрермендеріміздің білімдері

қандай екенін байқайық.

Мен жұмбақ жасырамын, соның

шешуін тауып, сол сөзге

байланысты үш мақал айтады.

Slide 14

Жұмбақ:

Бірде төмен, бірде кейін, жоғары,

Сөз сөйлесең қозғалыста болады.

(Тіл)

Slide 15

V. Енді ортаға жұмбақшылар

сайысына қатысатын

сайыскерлерімізді шақырамыз.

Жұмбақшылар:

1. Дүйсенова Айнұр

2. Жұмашева Әселхан

3. Зинеденова Назым

Өздеріңізді таныстырып өтіңіздер.

Slide 16

-Бірінші айналымда мен

жұмбақ жасырамын, ал

сендер сол жұмбақтың

шешуін табуларың керек.

Әр жұмбақтың шешуі-бір

ұпай.

Slide 17

Тілден ұшып, құлаққа қонады.

(Сөз)

Көреді бәрін өзгенің.

Көрмейді бірақ өздерін.

(Көз)

Көп әңгімем, өлеңім,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім,

Соған тиер көмегім.

(Кітап)

Өзім арық, Ізім әріп.

(Қалам)

Ақ дуалдың ар жағында қызыл ат байлауынан

бір бозамыс қызық ат

(Тіс пен тіл)

Slide 18

Жарасы жоқ сыздайды,

Өртенеді, мұздайды.

(Жүрек)

Аяғы бар, белінде таяғы бар.

(«А» әрпі )

Қатар-қатар тас қойдым,

Жирен атты бас қойдым.

(Тіл мен тіс)

Темір қайшы қос қайшы,

Шығыршықсыз бос қайшы,

Еңбеккерге дос қайшы,

Еріншекке қас қайшы

Өтпейді бір бос күні,

Ол не?

(Сағаттың қос тілі)

Қызыл түлкі шық десе, інінен шықпайды.

(Тіл)

Slide 19

VI. Келесі айналымда

жұмбақшылар бір-біріне


Ұқсас жұмыстар
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ сайысының бағдарламасы мен кезеңдері
Мың бір мақал: 5-сыныпта мақал-мәтелдерді оқыту арқылы ұлттық тәрбие мен әдеби талдау
1001 мақал, 101 жұмбақ: оқушыларға арналған мақал-мәтел және жұмбақтар сайысы
Бір халық бір ел бір тағдыр: Қазақстан-2050 стратегиясы және патриоттық тәрбие
Қазақстан-2050 стратегиясы: бір халық, бір ел, бір тағдыр
Сөзмерген: оқушыларға арналған мемлекеттік тілді дамыту сайысы
Тіл мерекесі (22 қыркүйек): мақал мен жұмбақ сайысының қатысушылары және ережелері
№122 жалпы орта мектебіндегі Қазақстанның физикалық географиясы бойынша білім сайысы
Бір жасқа дейінгі балаларда ана сүтімен қоректендіру және қосымша тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары
Қамысты ауданы №2 орта мектебіндегі Қазақ тілі әлемі сайысы: мақсаттары мен кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz