Суицид және өмір. 9-11 сынып аралығы




Презентация қосу
 Суицид (лат.: sui caedere — өзін өлтіру) – адамның өзіне-өзінің 
қиянат жасап, өз өмірін қиюы. Суицид деген термин XVII ғасырда 
пайда болған, бірақ XVIII ғасырдың ортасына дейін бұл ұғым 
қоғамда кеңінен пайдаланылған емес. Тек XX ғасырдың басында 
адамдардың өз-өзіне қол жұмсауының етек алуына байланысты 
ғылымда «суицидология» атты дербес зерттеу саласы қалыптасты.
Қазақстандағы суицид саны жалпыәлемдік стандартпен 
салыстырғанда, өте жоғары деңгейде. Қазір әлемнің барлық 
елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да суицид пен нашақорлық 
проблемасы маңызды мәселеге айналып отыр. Себебі бұлар адам 
санын азайтатындықтан, мемлекетті моральдық және 
экономикалық жағынан шығынға ұшыратып отыр.

Суицидтің көп тіркелу себебі, біріншіден, қоғамның бір формациядан 
екінші бір формацияға өтуіне байланысты болса, екіншіден, қатаң нарық 
пен БАҚ-тардағы адамды рухани аздыруға әкеп соқтыратын дүниелер де 
айтарлықтай әсер етіп отыр. Психиатр мамандардың болжамы бойынша, 
жүйке ауруына шалдыққандар саны қай елде де көп тіркелген жүрек-қан 
тамырлар ауруын қуып жетіп қалды. Суицидке әкеп соқтыратын жүйке 
ауруының алдын алуды мемлекеттік деңгейде шешу керек. Әсіресе жастар 
арасындағы суицидке баса назар аударуға тиіспіз. Себебі суицид барған 
сайын «жасарып» барады. Бір қуантарлығы, Үкімет психиатрия саласына 
да лайықты көңіл бөле бастады. Қаржы да, бұрынғыға қарағанда, көп 
бөлінеді. Қазір білім ошақтарындағы бағдарламаларға психология 
тақырыбы бойынша дәрістер енгізіле бастады. Өйткені суицид барған 
сайын асқынып барады

Ғалымдардың айтуынша суицидтің үш түрі бар:
1.Шынайы суицид. Оған барған адам өмірден
түңіледі, үнемі көңілсіз болып жүреді, өлгісі келеді.
Нақтырақ айтқанда өмірдің мәнін жоғалтады.
2. Жариялық суицид. Өзін-өзі өлтіргісі келгендердің
көбі өлместен бұрын өзгелердің назарын өзіне
аударғысы келеді (мысалы, біреумен ренжіссе, қолына
суық қару алып, болмаса арқан, жіп ала жүгіріп,
«өлем» деуі).
3. Жасырын суицид. Бұл түрінде адам өз-өзін өлтіру
жақсы іс еместігін түсінеді, бірақ қиындықтан шығар
шара, жол жоқ болып көрінгендіктен, өлімге апаратын
істерге бас тігеді (мысалы, нашақорлық, алкоголизм ).

Аяқталған 
өзін-өзі 
өлтіру;

Ниет (өзін 
өзі өлтіру 
идеясы).

Суицидиальдық  
әрекеттер 
(өз өміріне қауіп 
төндіру);

Баладан өте үздік тәртіп 
пен ‘5’  деген баға алуды 
талап етпеңіз.

Балаңыз өз калпын 
сақтап бала болып 
қалсын. 

Баланың бойында еш 
қорқыныш үрей 
болмасын. Оған ұрсып 
емес ақылмен айтыңыз.

Үнемі ақылыңызды 
айтыңыз, әрдайым 
көмектесіп, қасынан 
табылатынызды айтыңыз.

Балаңыздың өзіне деген
сенімділіген артырыңыз

Балаңызды мектептен
тыс үйірмелерге
қатыстырып отырыңыз

Балаңызға деген атааналық махаббатыңызды
білдіріп жүріңіз.

Достарымен кешкі
серуенге уақытпен өз
сенімділігіңізді айтып
жіберіп тұрыңыз

Тау суы тыныш ешқашан жаймен
ақпаған,
Сонда да мәңгі мөлдірлігін ол
сақтаған.
Аз үлес тисе арзандап кетіп жүрмегін,
Адалдығыңды, арыңды әр кез сақта
адам.
Дарияларды қашанда дауыл шайқаған,
Бәрібір тұнық болды ма кезің
байқаған?
Сан қиындыққа салып қойса да сені
өмірің,

Әрбір адам өмір сүруге құқылы. Олай болса 
неге арамызда өз өлімінен бұрын өмірден 
озатын адамдар кездеседі? Қиыншылыққа 
төзбей өмірден өте салу оңай. Бірақ, осының 
артында қаншама қайғы-қасірет, мұң бар 
десеңізші! Сондықтан да мұндай нәрседен 
аулақ болайық !

Кірпікке кір жуытпай құндақтаған,
Мына өмір, мына дәуір қымбат маған.
Бұл ғасыр сірә менің жүрегім-ау,
Тынысын қыбыр етпей тыңдап бағам.

Есте сақтаңыз !
- Біздің өміріміз – ол туралы біздің не ойлайтындығымыз екендігін естен
шығармай, өз ақыл-ойыңызды тыныш өмір, денсаулық туралы ойлармен
толықтырыңыз.
- Ешқашан да өзгелерден кек алуға тырыспаңыз, себебі, сіз олардан гөрі
өзіңізге зиян келтіресіз.
- Сәтсіздіктерді емес, қуанышты күндеріңіздің есебін жүргізіңіз.
- Ешкімге ұқсамауға тырысыңыз. Өзіңізге тән бейнеңізді табыңыз да, сол
қалпыңызда қалуға тырысыңыз.
- Өмір сізге ащы дәмін татырса да, сіз она тәтті дәмге айналдыруға
тырысыңыз.
- Шәкәрім Құдайбердіұлының “Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз
бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза
жүрек” деген нақыл сөзін үнемі жадыңызда ұстаңыз.
- Өмір - өмір сүру үшін беріледі. “Өмірде даңғыл жол жоқ”,- сондықтан
кездесетін кездесетін барлық қиыншылықтарды жеңуге өзіңіздің күшқайратыңызды, ақыл-парасатыңызды, ерік-жігеріңізді пайдалана біліңіз.
- Өмірде сәтсіздіктер кездескен жағдайда да : “осымен бәрі бітті, енді
өмірдің мәні де, мағынасы да жоқ”,- деген ойдан бойыңызды аулақ ұстаңыз.


Ұқсас жұмыстар
ЖАЛҒЫЗДЫҚ - СУИЦИДКЕ ИТЕРМЕЛЕЙТІН БІРДЕН БІР СЕБЕП
Дюркгеймнің суицид әлеуметтануына қосқан үлесі
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР
Суицид туралы түсінік
Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу
АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕГІ САПАЛЫ БІЛІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
НАРАЗЫЛЫҚ ҚАРСЫЛЫҚ КӨМЕККЕ
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жалпы суицид туралы түсінік
Суицид
Пәндер