Газдардағы электр тогы


Slide 1

Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі

Физика пәні мұғалімі:

Мұңдыбекова Ұлбосын Ақылтайқызы

8 “а” сыныбы

физика

Slide 2

Сабақтың тақырыбы:

“Газдардағы электр тогы”

Slide 3

Білімділік: газдардағы электр өткізгіштіктің физикалық табиғатын ашып көрсету.

Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Мақсаты:

Slide 4

Үй тапсырмасын сұрау (сұрақтар арқылы)

Жаңа сабақ

Есептер шығару

4. Сергіту сәті

5. Бекіту тапсырмалары:

Кестелік бақылау

Тест - бақылау

Бағалау

Үйге тапсырма беру

Сабақ барысы:

Slide 5

Үй тапсырмасы.

Электр тогы дегеніміз не?

Ток күші деп нені атайды және формуласы қандай?

Өткізгіш ұштарындағы кернеуді қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай қосылады?

Өткізгіш ұштарындағы ток күшін қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай қосылады?

Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы қалай тұжырымдалады?

Slide 6

Жаңа сабақ

Газдар-диэлектриктер.

Төменгі температурада (бөлме температурасы шамасында)

және қалыпты атмосфералық қысымда

газдар нашар өткізгіштер болып табылады.

Бұның себебін былай түсіндіруге болады:

газдар бейтарап атомдар немесе молекулалардан

тұрады және оларда электр зарядын тасымалдаушылар

(электрондар, иондар) жоқ немесе өте аз.

Газдардың иондалуы.

Дегенмен, қыздырудың рентген сәулелерінің,

ультракүлгін немесе радиактивті сәуле шығарудың

нәтижесінде газ молекулалары мен атомдарының

иондалу процесі жүреді.

Газдар өткізгішке айналады.

Slide 7

Газдардағы электр тогын тасымалдаушылар:

Оң иондар

Электрондар

Иондану - сыртқы энергияның әсерінен газ молекулаларының оң иондарға және бос электрондарға бөлінуі

Slide 8

Газ арқылы токтың өтуі тәуелді разрядқа мысал бола алады

Тұрақты әрекет етуші сыртқы ионизатор жоқ кезде пайда болатын разряд

Slide 9

Рекомбинация.

Газдардың иондалуымен қатар оған кері процесс,

яғни электрондардың оң иондарымен бірігуі рекомбинация

(бейтарап атомдардың түзілуі) жүріп жатады.

Рекомбинация сыртқы факторлардың әсерінсіз жүреді,

сондықтан ионизатордың әсері жойылғанда зарядталған

бөлшектер рекомбинация нәтижесінде

жойылады да газ диэлектрикке айналады.

Slide 10

Плазма туралы түсінік

Slide 11

I, A

10

200 U, B

Есептер шығару

№1. График бойынша өткізгіш кедергісінің мәнін табыңыз?

Slide 12

№2. Бұйымның бетін күміспен қаптағанда, 30 минут ішінде катодта 4, 55 г күміс бөлініп шығады. Электролиз кезіндегі ток күшін анықтаңдар?

Slide 13

№3. Ток күші 4 А болғанда, мыс купорасы ерітіндісінен 40 минут ішінде катодқа қандай мөлшерде мыс бөлінеді?

Slide 14

№4. Кедергісі 10 Ом өткізгіш паралель жалғанған. Егер электр кернеуі 60 В болатын болса, жалпы ток күші неге тең

Slide 15

Сергіту сәті

Slide 16 Slide 17 Slide 18 Slide 19 Slide 20 Slide 21 Slide 22

Суреті

Атауы

Шартты белгісі

Қызметі

Өлшем бірлігі

Бекіту тапсырмалары: кестелік - бақылау

Slide 23

Тест-бақылау

10 сұрақтан тұрады

Slide 24

Сұрақ №1

1. Тізбек бөлігінде 3 Кл заряд орын ауыстырғанда электр өрісі 120 Дж жұмыс атқарды. Кернеуді тап.

А) 360 В В) 0, 36 кВт С) 40 В Д) 4 кВ Е) 40 Вт

Slide 25

Сұрақ №2

2. Кедергіні реттеуге арналған құрал-

А) реостат В) резистор С) теристор

Д) транзистор Е) диод

Slide 26

Сұрақ №3

3. 15 секундта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 120 Кл электр заряды өтеді. Тізбектегі ток күшін табындар.

А) 1, 8 кА В) 18 А С) 180 мА Д) 8 А Е) 8 Дж

Slide 27

Сұрақ №4

4. 24В кернеуге 1, 5 А ток күшіне есептелінген шам 10 минут жанды. Электр тогының атқаратын жұмысын анықтаңдар.

А) 216 кДж В) 21, 6 кДж

С) 216 Дж Д) 2, 16 кДж Е) 3, 6 кДж

Slide 28

Сұрақ №5

5. Кернеуі 220В ток көзіне электр шамы қосылған. Шамнан өтетін ток күші 0, 3А-ге тең, оның 20с ішіндегі жұмысын анықтаңыз

А) 1320 Дж В) 396 Дж С) 66 Дж Д) 4400 Дж Е) 6200 Дж

Slide 29

6. Кернеудің өлшем

бірлігі-

А) Ватт В) Ом

С) Вольт Д) Ампер

Е) Джоуль

Сұрақ №5

Slide 30

Сұрақ №7

7. Ток күшінің өлшем бірлігі-

А) Ватт В) Ампер С) Вольт Д) Ом

Е) Джоуль

Slide 31

Сұрақ №8

8. Кедергілері 6 және 3 Ом өткізгіштер паралель қосылған. Өткізгіштің жалпы кедергісі-

А) 0, 5 Ом В) 2 Ом С) 9 Ом

Д) 18 Ом Е) 3 Ом

Slide 32

Сұрақ №9

9. 100 В кернеуге және 0, 5 А ток күшіне есептелген электр шамының қуатын анықта.

А) 50 Вт В) 200 Вт

С) 0, 005 Вт Д) 500 Вт

Е) 5 кВт

Slide 33

Сұрақ №10

10. Кернеуі 10 В электр доғасы ток көзіне қосылған. Электр доғасы 20 А ток күшін тұтынады. Электр доғасының қуатын анықтаңдар.

А) 200 Вт В) 2 Вт С) 0, 5 Вт Д) 2 Дж Е) 200 Дж

Slide 34

Тест жауаптары:

1 сұрақ - С 6 сұрақ - С

2 сұрақ - А 7 сұрақ - В

3 сұрақ - Д 8 сұрақ - В

4 сұрақ - В 9 сұрақ - А

5 сұрақ - А 10 сұрақ - А

Slide 35

Бағалау.

Үйге тапсырма: § 49. Тапсырма: “Найзағайдың түрлері және олаға қысқаша сипаттама” баяндама жазу

Slide 36

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Электр тогы туралы түсінік
Электр қорғау құрылғылары оқу және оларды пайдалану ережелері
Металдар мен электролитт ердегі электр тогы
Тұрақты ток
Электр тогының әсерлері
Ток көзі
Электр тогының жұмысы
Электр тогы
БИОЛОГИЯЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ ЛЮМИНЕСЦЕНЦИЯСЫ
Өткізгіштердің кедергісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz