Тарихи инновациялық жоба


Slide 1

Тарихи инновациялық жоба

Тарихи білім беруді жаңғырту.

№1. М. Жүнісов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

Жаңақазан ауылы

Slide 2

Зинуллина Дариға

Қисметқызы

Туған күні, айы, жылы:

31. 08. 1970 ж

Бітірген оқу орны: БҚГУ- 1998 ж

Білімі: жоғары

Мамандығы: тарих пәнінің мұғалімі

Санаты: І

Еңбек өтілі: 23 жыл

Slide 3

Мектепте тек қана бір мақсат-білім беру

Мұғалімде тек қана бір мақсат-сапалы сабақ

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:

Жай мұғалім хабарлайды

Жақсы мұғалім түсіндіреді

Керемет мұғалім көрсетеді

Ұлы мұғалім шабыттандырады

Slide 4

“Ғасырлар мақсаты-саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленеген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру”

Н. Ә. Назарбаев

Slide 5

Тарихи инновациялық жоба. Тарихи білім беруді жаңғырту, -бағытында мұғалім ретінде айтарым заман талабынан қалмай жаңа технологияны пайдалануды меңгеріп, оны оқушыға үйретіп, өзі ізденуге мүмкіндік беру керек. Бұл жобада компьютер, интернет, агент, ақпараттық технология, электронды оқулық сияқты жаңа технологиялық құралдарды қолдана отырып өткізген сабақ әлдеқайда тиімді екенін айтқым келеді. “Ұстаздың қолында адам өмірінің келешектің тұтас тағдыры тұр” Белинский В. Г.

Slide 6

Бүгінгі мұғалімге педагогтік шеберлік қажет. Орыс педагогы К. Д. Ушинский “Ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса сабақ тартымды, тиімді болары сөзсіз” десе

Қ. Р Білім туралы заңының 8 бабында “Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу” деп атап көрсеткен.

Slide 7

Елбасымыз: “Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін-білім” дейді. Сондықтан қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп үйрететін орта, оның жүрегі мұғалім. Жалпы жобалау ұғымы-мәселенің нәтижесін болжау дегенді білдіреді.

Slide 8

Электронды оқулықтарды пайдаланудың тиімділігі

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім-оқытушы, мұғалім -ұстаз, мұғалім-оқулық авторы, мұғалім технолог, мұғалім - жаңалықты дәріптеуші, таратушы.

Slide 9

Қазіргі кезде электрондық оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз - мультимедиялық оқулық. Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: “Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту”. Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.

Slide 10

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңңгейде болуы тиіс. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.

Slide 11

Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видео көріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады.

Slide 12

Мысалы бір тақырыпқа тоқталатын болсақ, электрондық оқулықта сол тақырып бойынша мәтін беріледі.

Осы мәтінді оқушы тыңдайды, оқиды, сонан соң барып тақырыптық сөздіктерге көңіл аударады.

Берілген тақырып көлемінде түрлі жаттығулар мен тапсырмалар орындайды.

Компьютермен сұхбаттасу арқылы қойылған сұраққа дұрыс жауап бере алатындығын көрсетеді.

Slide 13

Электрондық оқулықтар оқушылардың :

Білім деңгейін тереңдетуге;

Сөйлеу мәдениетін, сөйлей білу дағдыларын қалыптастыруға;

Өз бетінше іздену қабілетін қалыптастыруға;

Ойларын дамытуға;

Тарихи сөздік қорының молаюына;

Ынтасы мен қызығушылығының артуына;

Сабақта өзін еркін ұстап, өз мүмкіншілігін кеңінен пайдалана алуына;

Өз ісіне талдау жасай алуға көп көмегін тигізеді.

Slide 14

Мақсаты:

Қандай әдіспен болса да, жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушыға тақырып мазмұнын ұғындыру;

СТО әдістерін қолдана отырып, оқушының өзіне тақырыптың мәнін ашуға үйрету;

Жеке, топтық, жұптық негізде оқушыларды жұмыстандырып, бойларына достық, адалдық, жолдастыққа негізделген, өз ойын ашық айта алатын, емін-еркін сөйлей алатын, жаңа технологияны еркін меңгерген, жан-жақты білімді тұлға қалыптастыру

Slide 15

Мәтін

Қосымша материалдар

Мәтіндегі қоғам қайраткерлері

Тарихи даталар

Сандарға шолу

Тарихи терминдер

Жер атаулары

Жергілікті жермен байланыстыру

Сұрақтар

Тест

Тапсырмалар

Пайдаланған әдебиеттер

Мазмұны:

Slide 16

Тапсырмалар

Қазақстан тарихы

9 сынып

ІV-тарау

§10-11. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру

Slide 17

§10-11. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұйымдастыру.

Ұжымдастыру алдындағы қазақ ауылының жағдайы.

Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.

Асыра сілтеушілік зардаптары: ұлы нәубет, аштан қырылу, шетке қашу.

Асыра сілтеушілік зардаптарын жою шаралары.

Slide 18

Ұжымдастыру алдындағы қазақ ауылы.

Жаңа экономикалық саясатты республикада дәйекті жүзеге асыру өзінің игі нәтижелерін берді. Кооперативтік қозғалыс одан әрі дамыды, қазақ даласында тұтыну қоғамдары, сауда орындары құрылды. Қазақ шаруалары ұжымдық шаруашылыөқтарда-коммунада, артельде, жер өңдейтін серіктестіктерде (ЖӨС) ынтымақтастық пен өзара көмек мектебінен өтті. Қызыл отаулар кедейлер арасында сауатсыздықты жоюды, ағарту жұмысын жүргізуді, оларды кооперативтерге тартуды ұйымдастыратын орталыққа айналды. Республикада мал саны 40, 5 млн-ға жетті. Ауыл қыстақтарында орташалар шаруашылықтары көбейіп, орташалардың кедейлермен одағы нығая түсті. Көшпелі халықтың мәдениеті артты.

Slide 19

ХХ ғасырдың басындағы қазақ отбасы

Slide 20

Алайда өлкелік партия ұйымы басқарып отырған Ф. Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен Қазақстанда «жаңа революция» жүргізудің идеялық-саяси негізін жасады. Бұған наразылық білдірген Т. Рысқұлов және ұлт зиялылары БК(б) П Орталық Комитетінің қармағына шақырылып алынды, ал С. Сәдуақасов, С. Сейфуллин, С. Қожанов, Ж. Мыңбаевтар «ұлтшыл» деп айыпталды. Бұрынғы ұлттық зиялылардың шағын тобы да қуғынға ұшырады. Оларға құрметпен қарау Алашорданың кеңеске қарсы бағытын мақұлдау, кеңестік ұлт саясатын бұрмалау деп түсіндірілді. Шабындық және егістік жерді қайта бөлу ауылдағы жағдайды бұрынғысынан да ушықтыра түсті. И. Сталиннің нұсқауымен астық дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұхсат етілді.

Ф. Голощекин ауылға 4800 уәкіл жіберді. Астық дайындау барысында 31 мыңдай шаруа жазаланды, 277 шаруа атылды. Жаңа экономикалық саясат жылдарында орныққан азаматтық таьтулық бұзылды.

Slide 21

Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары кеңесі 1928 жылы «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет шығарды. Бұл декрет билік иелеріне қысымды күшейтуге мүмкіндік берді. Бай шаруашылықтарын тәркілеуге, шаруашылық иелері мен оның отбасы мүшелерін жер аударуға рұқсат берілді. Олар «өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды» деп саналды. Жартылай феодал байларды тәркілеу заңсыз жүзеге асырылды. Уәкілдер кедейлерді қорқытып, байларды көрсетуге күштеп мәжбүрледі.

Екінің бірінде орташа байларға жатқызылды, тәркілеуге жатқызылатын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді.

-Адай округін, бұрынға Жетісу және Сырдария губернияларының мақта егетін аудандарын қоспағандакәипескелеу республиканың барлық аудандарында жүргізілді. Ең ірі 657 жартылай феодалдар мен байлар жер аударылды. Олардан 145 мың ірі қара мал алынып, ауыл шаруашылығы құралдары 877 ұжымшарға (колхозға), 24491 шаруашылыққа бөлініп берілді.

Slide 22

Партократиялық сезім мен субъективтік көзқарас үстем болып, мыңдаған адамдардың тағдыры тәлкекке түсті. Астық дайындау, егістік және шабындық жерді қайта бөлу, жартылай феодал байлардың малын тәркілеу жөніндегі науқанның барысында әкімшілік рухта әрекет жасайтын, конституциялық нормалар шеңберін сезінбейтін жалған белсенді кадрлар қалыптасты.

Slide 23

Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.

Компартияның1927 жылы желтоқсанда өткен ХУ съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Осылай «өркениетті кооператорлар қоғамын» құру идеясы КСРО-дағы социализм құрылысының құрамдас бөлігіне айналды. Ауылда кооперативтік қозғалыстың дамуы барысында еріктілік, дербестік, материалдық, мүдделілік, шаруаларды кооперативтендірудің жоғары формаларына кезеңмен өту ұстанымдары жарияланды. Алғашқы үлгі ретінде ұжымдық шаруашылықтарға негіз болып табылатын материалдық-техникалық базаның даму дәрежесіне, шаруалар кооперациясының бұрынғы қарапайым формаларының дәстүрлері мен басқа да факторлрға назар аудару қажет деп саналды.

Slide 24

Алғашқы астықты жөнелтер алдында. 1930 жыл.

Slide 25

Мал шаруашылығының сан жағынан көбейуін, оның қарапайым материалдық-техникалық базасы мен шаруалар кооперациясы дәстүрлерінің болмауын, дала тұрғындарының көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын ескере отырып, Орталық Комитет Қазақ АКСР-інде ұжымдастыруды, негізінен, 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтауды белгіледі. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы ауыл шаруашылығы артелі, ал мал шаруашылығы аудандарында жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік болуға тиіс еді. Онда жарғы бойынша мал қоғамдастырылмай, жеке мал мен құрал-саймандарды пайдалануға ақы төленуі керек болатын.

Slide 26

1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада ұжымшар құрылысы жедел дамыды. Алғашқы машина-трактор станциялары (МТС-тер) құрылды. Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін, жергілікті белсенділерге қосымша 8 мың жұмысшы-«ұжымдастырушылар» тартылды. Республикаға Мәскеуден, Иваново Вознесенскіден, Харьковтан, Ленинградтан 1204 адам жіберілді. Алайда олар отырықшылықтың мәні мен механизмін тым үстірт түсінетін еді. Олар ұжымдастыруды” жүздеген шаңырақ иелерін орасан зор аумақтан бір жерге (кейде жемшөп және су қорлары ескерілместен) жинау” деп ұғынды. ”Партия жіберген өкілдер” далаға Ресей деревняларын айнытпай қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.

Slide 27

Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру идеясы әуел бастан-ақ мейлінше қатаң жүргізіліп, жаппай қуғындау мен лаңкестікке негізделді. Ұжымдастыру алдын ала даярлықсыз, жергіліктіжағдайлар ескерілместен, көбінесе әкімшілдік-күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді. Көшпелі ауылдарға ұжымдастыруды жеделдету жөнінде нұсқаулар түсіп жатты.

Бұл орайда шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер мен мәдени-тұрмыстық обьектілер салу жай ғана жарияланған күйінде қалды. Ұжымдастыру және сонымен бірге отырықшыландыру ауылдыңғасырлар бойы қалыптасқанөмір салтын түп негізіне дейін күйретт. Қазақ қоғамының әлеуметтік негізі жойылды, ғасырлар бойы көшпелі өркениет жасаған тіректер қиратылды.

Slide 28

Революциялық асығыстық пен тоталиларлық тоңмойындық, саяси келте ойлау кеселдеріне шалдыққан революциялық утопизм тағы да үстем болып шықты. Қатаң әкімшілдік жағдайында байлар мен болыстар шабармандарының, әскери коммунизм кезеңі белсенділерінің әдіс-тәсілдерімен қаруланған жалған белсенділердің мерейі үстем болды.

Іс мынаған дейін жетті: қыстыгүні, 1932 жылдың ақпанында, Шу ауданында аумағы 150 шақырым жерден жүздеген шаруашылықтар жиналып, 400 киіз үй «қала үлгісіндегі поселке» болып тігілді. Жалған белсенділер отырықшыландыруды жоспарланған үш жылдың орнына үш күн ішінде аяқтап, мал өсіруші шаруашылықтарды сол жерде ұжымшарға жаза бастады. Осындай жағдайлар елдің әр түкпірінен ұшырасты: Абыралы ауданында барлық шаруашылықтардың бірден 70%-ы, Жымпиты ауданында 60%-ы, ал Жәнібек ауданында 95%-ы ұжымдастырылды.

Slide 29

Басшы органдар орынсыз асығыстықтан сақтандырған сияқты болғанымен, көптеген «революциялық құштарлықтың кемшіліктері» немесе «тәжірбиесіздік» деп қана есептелді. Оларға тәртіпке шақыру жазасы ғана қолданылды, ал билеушілерді сынағандар «оңшыл оппортунизм» көріністері немесе зиянкестік ретінде жазаланды. Ұжымшарлардан күн сайын түсіп жатқан хабарларды газеттер жазып үлгермеді. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтардың 2%-ы ұжымдастырылған болса, ал 1931 жылдың қазан айына қарай65%-дайы ұжымдастырылды. Азықтықпен қамтамасыз етудің қиындауын байланысты, 1929 жылы ауыл шаруашылығы өнімін дайындауға «әскери коммунизм» кезіндегі төтенше әрекет сипаты берілді.

1931-1932 жылдары Шұбартау ауданында малдың 80%-ы мемлекетке етке өткізілді. 173 мың малы бар Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды. Торғайлық асыра сілтеушілер: «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» деген ұран тастап, онда млн-ға жуық малдың не бары 98 мыңы қалды.

Slide 30

Асыра сілтеушілік зардаптары: Ұлы нәубет. Еріктілік ұстанымы мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан-ақ барлдық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарын айыру, «тәрбиелеу мақсатымен» тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару немесе ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқыту сияқты күштеу тәсілдері мейлінше дағдылы және кең таралған тәсілдерге айналды. Ең ынталы «ұжымдастырушылардың» ұнататын құралыауытқушыларды кулак құйыршақтарына жатқызу еді. Мыңдаған ауқатты және орташа шаруашылықтар солардың қатарына жатқызылды. 1929 жылы ғана республикада 56498 шаруа жауапқа тартылып, олардың 34 мыңнан астамы сотталды.

Slide 31

Ашаршылыққа ұшыраған босқындар көші

Slide 32

Кулактарды жою дейтін науқанның зардаптары ауыр болды. Жоғарыдан берілген нұсқауларда жойылатын кулак қожалықтарының жалпы шаруашылықтар санындағы үлесі 3-5%-дан аспауға тиіс болатын. Көптеген аудандарда кулактардың мөлшері бұған жетпейтін болып шықты Алайда жоғарыдан берілген нұсқаудың қандайын болса даой елегінен өткізіп жатпай-ақ орындауға үйренген әміршіл-әкімшілік басқару жүйесі әдісімен тәркіленген кулактар санын барлық жерде жоғары шегіне дейін жеткізді, жоспарды екі, кейде үш есе асыра орындады. Асыра сілтеушіліктің салдарынан қанаушы санатында кейбір ауқатты және орташа ауқаттылар да тәркіленіп кетті. Кулактар қатарына жатқызу үшін темір шатырлы үйінің немесе екі атының болуы жеткілікті еді.

Slide 33

Кей жерде кедейлер мен орта шаруаларды орынсыз соттау және олардың малын орынсыз тәркілеу, меншік құқығынан айыру, тұрақты мекенінен күштеп көшіру орын алды. Ұжымға енгісі келмеген кедейлер мен орташаларды Қазақстаннан тыс жерге жер аударумен қорқыту немесе «кулактар» қатарына жатқызу құбылыстары ұшырасты.

Ақмола округінде сотталғандарды үй ішімен қоса 24 сағат ішінде жер аудару фактісі орын алды. Алматы және Петропавл округтерінде кейбір ауылдарда қара бойкот жарияланып, онда терезелерге тақтай қағылып тасталды, пешке от жағуға рұқсат етілмеді. Тұтас қоныстарға бойкот жасалған жағдайлар да кездесті.

Ақтөбе және Павлодар округтерінде кедейлерді ұрып-соғу, оларды суық су құйып азаптау, қыс кезінде суық қамбалар мен қоймаларға күзетпен қамап қою, кулактардың үйлерінде жаназа рәсімін өткізуге жол берілді.

Slide 34

1929-1933 жылдар аралығында Қазақстан жөніндегі Біріккен Мемлекеттік Саяси басқарма (БМСБ) уәкілетті өкілдігінің үштігі толық емес деректер бойынша 9805 іс қарап, 22933 адам жөнінде шешім қабылдаған. Солардың ішінде 3386 адамға ең ауыр жаза-ату, 13151 адамға 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге концентрациялық лагерьге қамау жөнінде үкім шығарылған. Әлеуметтік құрамы бойынша олар: байлар мен кулаутар-4832, орташалар-1509, кедейлер-505, дін өклдері-181, әлеуметтік-зиянды элемент дейтіндер-242. 1933 жылы Қазақстан БМСБ уәкілетті өкілдері 21 мыңнан астам адамды қамауға алды. Үштіктің хаттары Қазақ өлкелік партия комитетінің жабық мәжілістерінде қаралып, оларға хатшылардың бірі Ф. Голощекин, І. Құрамысов, ал 1930 жылғы 9 наурыздан бастап, БК(б) П Қазақ өлкелік комитетінің өкілі Г. Рошаль қол қойып отырды.

Тұтас әулеттер мен рулар да жазаға тартылды. Осылай өркениетті кооператорлар қоғамын құру шаралары бүкіл елді тығырыққа тіреді. 1930-1932 жылдары аштық етек алды. Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың 40%-ы қырылды Жаппай жазалау мен аштық халықты орныққан жерін тастап, көшіп кетуге мәжбүр етті.

Slide 35

1930жылы аштықтан 313 мыңнан астам адам қайтыс болды. 1931 жылы ондай өлім 755 мыңға жетті. 1932 жылы қлгендер мен шетелге көшіп кеткендер769 мыңнан асты.

Бір млн-нан астам қазақ республикадан тыс жерге көшіп кетті, оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, ал 414 мыңы кейін Қазақстанға оралды.

1931-1933 жылдары республиканың 6, 2 млн тұрғынының 2, 1 млн-ы аштықтан қырылды. Оның ішінде, қазақтан басқа халықтың шығыны-0, 4 млн адам. Қазақтардың бұрынғы саны 40 жылдай уақыт өткеннен кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді.

Slide 36

Елдің шығысындағы мал шаруашылығының ірі базасы саналатын өлке содан бастап ұзақ жылдар бойы екінші дәрежелі аймақ қатарына шығып қалды.

Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада 40, 5 млн мал болса, 1933 жылғы 1 қаңтарда не бары 4, 5 млн ғана мал қалған еді.

Сталин мен оның төңірегіндегілер Қазақстанда (сондай-ақ Украинада, Еділ бойында, Солтүстік Кавказда) болған аштық жайында біліп отырды.

Саяси жер аударылғандардың бір тобы Павлодар қаласынан КСРО Орталық Атқару Комитетінің төралқасына былай деп хат жазған екен:” . . . Жекелеген фактілер келтірмей-ақ, жалпы сипатта алғанда, ауылдар мен селоларда сұмдық оқиғаларымен қоса аштық кең көлемде етек алған. Ит, мысық желініп жатыр . . . Халық аштықтан ісініп өлуде . . . Ал тірі қалғандардың аштықтан әлсірегені сонша, өліктерді жерлеуге де шамасы келмеуде: өліктер шашылып жатыр . . . ”

Slide 37

1932 жылғы шілдеде республика қайраткерлерінің бір тобы-Ғ. Мүсірепов, М. Ғатауллин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев аштық және оның себептері туралыБК(б) П өлкелік комитетіне, тікелей Ф. Голощекинге ашық хат жазды. Бұл хат тарихта”Бесеудің хаты” деп аталады.

Тұрар Рысқұловтың 1933 жылғы наурызда И. В. Сталинге жазған хаты да сол жылдардың сұмдығын айқын ашып беретін тарихи айғақ болып табылады. Хат И. В. Сталиннің өзіне, М. М. Кагоновичке және В. М. Молотовқа жолданған. Т. Рысқұлов өз басына төніп тұрған қауіптен тайсалмастан, етек алған қасірет туралы шындықты ашып көрсетті.

Хатта 1932 жылғы наурыз айында Ақтөбе, Қызылорда облыстарында қызмет еткен Мәскеу Қызыл Крест отрядының баяндамасынан Торғай, Балқаш сияқты аудандардың халқын аштық пен індет жайлағана жөніндегі деректер келтірілген . Зұлмат ауқымының зор болғаны сонша,

1930-1932 жылдардағы аштық тарихқа”Ұлы жұт”, қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді.

Slide 38

Шерхан Мұртазаның “Бесеудің хаты” атты тарихи пьесасынан көрініс

Slide 39

Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы.

:Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың сталиндік үлгісі шаруалардың қатты қарсылығын туғызды.

Ол қарсылық

-қалалар мен құрылыстарға кету;

-басқа аймақтарға, тіпті шетелге көшіп кету;

-ұжымшар қозғалысының белсенділерін, партия, кеңес, комсомол қызметкерлерін, сот орындаушыларын өлтіру;

-өзін-өзі қорғайтын қарулы отрядтар құру;

-ашық көтеріліске шығу түрінде жасалды.

1929-1931 жылдары қазақстанда қарулы қарсылықтар толқыны болып өтті.

Slide 40

Қозғалыс 1929 жылы қыркүйекте Қарақалпақстандағы Тақтакөпірде, Сырдария округіндегі Бостандықта, қарашада Қостанай округіндегі Бетпаққарада, 1930 жылғы ақпанда Сырдария округіндегі Созақта, Ақтөбе округіндегі Ырғызда, 1930 жылғы наурызда Алматы округіндегі Сарқанатта басталды.

Шаруалар бұқарасының ниеті стихиялы бой көрсетулерден көрініс берді. Жалпы халықтық қарсылық қозғалысының негізгі себебі-күштеп ұжымдастырға, ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс укладының қиратылуына, орташалар мен кедейлерді кулактар ретінде жоюға қарсылық болатын.

Slide 41

Семей округі халық наразылығының ірі ошағына айналды. Мұнда 1930 жылдың ақпан айынан мамыр айына дейін Зырянов, Өскемен, Самар, Шемонаиха, Қатонқарағай аудандарын күшті толқулар қамтыды. ”Қазақ өлкелік комитеті бандиттік-басмашы қозғалысының көрінісі” деп бағалаған Торғай шаруаларының Бетпаққара көтерілісі бүкіл республикаға күшті әсер етті.

Көтерілісшілермен келіссөз жүргізуді ешкім де қажет деп таппады. Қарақұм көтерілісін Орынборда орналастырылған 8-дивизия басып тастады. созақ ауданындағы көтеріліс табандылығымен және шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленді. Көтерілісшілер талаптарында өкімет орындарының заңсыздықтарын айыптапумен қатар діни сарындар да байқалды. Көтерілісшілер Созақ ауданының орталығын басып алып, аудан басшыларын өлтірді.

Slide 42
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық жобаның өмірлік циклы
Инновациялық жобаны іске асыру
Инновациялық жобаны іске құрылғылардың асырудан алынатын таза табыс амортизациясымен таза пайданың және инвестицияның өтелу мерзімі
Солтүстік Қазақстан облысының индустрияландыру картасы
Кәсіпкерліктегі инновациялар мен трендтер
Педагогикалық технологияның негізгі деңгейлерімен танысу
Кәсіпорынның инвестициялық – инновациялық саясаты
Технологияларды коммерцияландыру процесін түсіну
ЕурАзЭҚ шеңберіндегі ғылыми ынтымақтастық
Бизнес жоспардың міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz