БІЛЕСІҢ БЕ ЕЛОРДАНЫҢ ТАРИХЫН?


Slide 1

Білесің бе, Елорданың тарихын?

Slide 2

1920-1924жылдары Орынбор қаласы

1924-1929жылдары Қызылорда (Ақмешіт) қаласы

1929-1997 жылдары Алматы қаласы

1997 жылдан бастап Астана

Slide 3

Сарай Қазақстан жеріндегі достастық, бірлік пен бейбітшілік нышаны болып табылады. Республика жас елордасында тәуелсіз мемлекеттің бейбітшілік пен келісімге ұмтылысын бейнелейтін Пирамида түріндегі құрылыс салу идеясы Елбасы Н. Назарбаевқа тиесілі. Жоба авторы болып атақты британ сәулетшісі Норман Фостер табылады.

Slide 4

Хан Шатыр - Қазақстан астанасының жаңа нышаны. Хан Шатыр СОСО - бір шатырдың астында әлем деңгейіндегі ойын-сауық және сауда-саттықты біріктірген, алғашқы лайфстайл-орталық болып саналады. Британ сәулетшісінің жобалауымен салынған Хан Шатыр, әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры болып, және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады.

Slide 5

Нұр Астана мешіті Астана қаласында орналасқан мешіт. «Нұр Астана» мешіті 2005 жылдың 2 наурызында ашылды. Мешіт Астана қаласындағы Есіл районында орналасқан.

Slide 6

Астана Арена - Қазақстанның бас қаласы Астанада орналасқан стадион. Бұл стадионға 30 000 көрермен сияды. Әлемдегі қозғалмалы шатыры бар алты стадионның құрамына кіреді. Жылжымалы шатыры 5 минутта ашылып-жабылады.

"Астана Аренада" 2009 жылдың 3 шілдеде ашылған болатын және бұл стадиондағы ең бірінші ойыны сол күні Локомотив (Астана) пенҚазақстанның жастар құрама командасы арасында өткен болатын. Бұл ойынның төрешісі әйгілі италяндық Пьерлуиджи Коллина болатын, ал доппен алғашқы соққыны Қазастанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев орындаған болатын. Осы екі командалардың кұрамында, өздерінің ойыншыларыменен қатар, қонаққа шақырылған "жұлдыздарда" ойнаған болатын. Қазақстанның жастар құрама командасына - Грузия құрамасының және италяндық "Милан" клубының қорғаушысы Каха Каладзе мен Украин құрамасының шабуылшысы Андрей Шевченко, ал «Локомотив» құрамында - атақты түрік ойыншылар Хасан Шаш и Хакан Шүкур ойнады.

VІІ қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты

7-ші Азиада қысқы ойындарының салтанатты ашылуы осы "Астана Аренада" өткен болатын.

Slide 7

«Астана-Бәйтерек» монументі - Астананың нағыз символы, оның танымал карточкасы. Қазақша аудармасы «бәйтерек» дегенді білдіреді. Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, ең шыңынды шишадан керемет үлкен шардан тұрады. Құрылым биіктігі 105 метрді құрайды. Салмағы 1000 т асып, 500 қалқаға тіреледі. 97 метрді құрайтын көрініс кешені заманай қаланың көркем бейнесін ашады. 97 саны кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысуын білдіреді.

Slide 8

Ақ Орда резиденциясы - Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы.

Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 m2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті.

Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 м. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20-40 см. болатын итальян мәрмәрынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м.

Slide 9

2. Бұл қай ғимарат?

1. Қай топ көп біледі? (Сұрақ-жауап)

3. Ұйқасын тап.

Slide 10

Астана қай өзеннің бойында орналасқан?

Slide 11

Астана қай жылдан бері

еліміздің астанасы

болып жарияланды ?

Slide 12

Қазақстан тарихында

неше астана болды?

Slide 13

Қазақстанның алғашқы

Астанасы қай қала?

Slide 14

Орынбордан астана

қай қалаға ауысты?

Slide 15

Астананы Алматыдан

Ақмолаға көшіруге

қай жылы шешім қабылданды?

Slide 16

Астана Қазақстанның

нешінші Астанасы?

Slide 17

Астана қаласының

бұрынғы атауы?

Slide 18

Көк тудың желбірегені

Көк тудың желбірегені -

Қазақтың асқақ беделі.

Махаббат, қайрат екеулеп,

шымырлатқаны денені.

Көк тудың желбірегені -

жаныма қуат береді.

Таласқа түссе жан мен ту

жан емес,

маған керегі-

Көктудың желбірегені.

Slide 19

Бұл қандай ғимарат?

Slide 20

Бұл қандай ғимарат?

Slide 21

Бұл қандай ғимарат?

Slide 22

Бұл қандай ғимарат?

Slide 23

Ұйқасын тап.

1-топ Жайнай бер, жаңа Астанам,

Ертегідей ғажап бас қалам.

2-топ Мынау менің Астанам,

15-ке толған жас қалам.

1-топ Астанам - асқарымдай көрінесің,

Өлең боп көкірегімнен өрілесің,

2-топ Астана - ару қала, аппақ қала,

Көрінген көкжиектен асқақ дара

Slide 24

«Астана- бұл менің төл перзентім. Әр адам, тегінде өз қаласын сүйетін шығар. Ал біз- астаналақтар өзіміздің жас қаламызды үш есе артық сүйеміз, өйткені оның құрылысын тақыр жерден бастадық. Мұндағы әрбір жаңа ғимарат біздің жүрегімізден шыққан, өйткені олар туған сәтінен бастап біздің көз алдымызда…

Slide 25

Астана А. Жорабаева

Астана көп қараймын МЕН КЕЛБЕТІНЕ Балғынсын жаз қайындай ӨЗ ТЕРБІТІЛЕ жан Отан жан біткендей ЕЛ ЖІРТЕСІН Астана жаңа қала МЕН ЖЕР БЕТІНДЕ Елімнің Жүрегі

Жарқырап жайна берші сен Астана Өзіңе арналады әнді Астана Қашанда саған інкәр менін жаным Жастықтың жалау бол Сен Астана

Slide 26

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА

РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
Астана елдің –жүрегі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы
ҚАЗАҚ МАҚАЛ - МӘТЕЛДЕРІНІҢ ОЙЛАН ТАП
Құдайбергенова Шынар Мұқиятқызы қазақ тілі мұғалімі
Табиғатқа саяхат
Тапқыр аналар
Оңғарсы нова
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ БІЛІМДІ ҰРПАҚТАРЫМЫЗ
Тапқыр достар.
Ақтық сайыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz