Шайдың пайдасы мен зияны



Жаңбырбаева Құралай Жалғасбайқызы
9 сынып
15 жас
Тақырыбы:
Шайдың пайдасы мен зияны
Атырау облысы
Индер ауданы
Махамбет атындағы орта мектеп

Аннотация
1. Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты:
Сусын ретінде шайдың тағамдық қор қатарында алатын орнын, құрамдас бөліктерін анықтау әдісін үйрене отырып, түрлерін, құрамы мен қасиеттері бойынша салыстыру, эксперимент жасау, адам ағзасына тигізетін әсерін білу.
2. Болжам:
Шайдың құрамын, қасиеттерін зертеу арқылы мектеп эксперименттерін жетілдіруге ықпал ететін және әлеуметтік мәселелер қарастырылды.

3. Зерттеу кезеңдері:
1-кезең - Зерттеу тақырыбын табу, әдебиеттермен танысу және материалдар жинақтау;
2-кезең- Экспериментті жобалау;
3-кезең- Жинақталған материалды сұрыптап, негізгі мақсатты ашуға жұмыстану;
4-кезең- Эксперимент жасап, жұмысты жүйелеу, рәсімдеу, қорытындылау, жазу.
4. Зерттеу әдісі:
Зерттеуде жинақтау, саралау, әдеби-ғылыми талдау, химия лабораториясында шай құрамындағы заттарға сапалық реакция жасау әдістері басшылыққа алынды.

5. Зерттеу жаңалығы мен зерттеу дәрежесі:
Бұл жұмыста әр түрлі елдің шай өсірушелері, дақыл
тарихын зерттеушілері, дәрігерлері, ежелгі халық тұрмысына тұтынған заттарды жинаушы коллекционерлері, байырғы заманның көне рәсімдерін ұстанушылардың шай туралы жазылған материалдарын жинақтай отырып, ең ежелгі сусын
туралы осы заман адамдарының көзқарасын салыстырылып, шайдың пайдасы және зияны туралы деректермен дәлелденген еңбек болып табылады.

6. Зерттеу нәтижесі:
Сусын туралы пайдалы да қажетті тарихи және ғылыми сипаттағы деректерді енгізе отырып, табиғат шайдың кішкентай жапырақшаларынан химиялық заттардың қоймасын жасағанын анықтай келе, адам организміне пайдалы және зиянды әсерлеріне зерттеу жүргізілді.
7. Қорытынды:
Дүниежүзі халықтарының тарихында және күнделікті өмірде ерекше орын алатын шай,
шай ішу, сусынды әзірлеу әдістері және соған байлынысты рәсімдерді зерттей келе адам организміне әсерін байыптау.

Жоспары
I. Кіріспе.
1. Шай-сусын.
2. Тарихқа көз жүгіртсек. . . .
II. Негізгі бөлім.
1. Тәжірибелік-эксперименттік бөлім.
2. Шайдың химиялық құрамы.
3. Шай құрамындағы негізгі заттарды эксперимент жасап анықтау.
4. рН ортасына байланысты шай түсінің өзгеруі.
III. Қорытынды.
Шайдың ағзаға әсері.
Мектеп оқушыларының шайды пайдалануы (әлеуметтік сауалнама) .
ІV. Иллюстрациялық суреттер

Шай - ең көп таралған, судан кейін маңызы жөнінен ІІорын алатын, дайындалу ерекшелігі бойынша ең танымал, шөліңді басатын, дәмі мен иісі ерекше сусын.

Тарихқа көз жүгіртсек. . . .
Шайдың отаны - Оңтүстік Батыс Қытай және оған жақын жатқан Бирма және Солтүстік Вьетнам. «Шай» атауы Солтүстік Қытайдың сһа деген сөзінен шыққан, ал өзі 5700 жыл бұрын пайда болған. Шай ішу дәстүрі ежелгі Қытай елінен бастау алады. Аңыз бойынша желмен ұшып келген бірнеше шай жапырағы қытай императоры үшін дайындалып жатқан ыдыстағы қайнаған суға түсіп кетеді (б. з. д. VI ғасыр ) . Сусын өзінің дәмімен және қош иісімен билеушіні қатты қызықтырады. Сол күннен бастап ол өзінің қол астындағыларға шай демдеп, оны ішуді бұйырады.

Шай - байха (үгітілген) және тақта шай (престелген) деп бөлінеді. Байха шайы: қара (ең көбірек тарағаны), көк және сарғыш қара, көк шай. Онда белокты заттар мен амин қышқылдары (16 пайыздан 25 пайызға дейін), пигменттер (бояғыш заттар 10 пайызға дейін), А1, В1, В2, РР, С тағы да басқа дәрумендер бар. Шайдың сергітетін әсері оның құрамындағы кофеинге байланысты. Шайдағы эфир майы 0, 006 - 0, 02 пайызға жуық.
Сары шай - өте сирек кездеседі және шайдың ең қымбат түрі. Жылына 300-600 келі ғана өндіріледі. Бір ғана жерде, яғни Дунтиху өзені ортасындағы аралда өседі. Өте қатқыл, әсері күшті.
Көк шай - шай жапырағының күн көзіне кептірілген түрі. Көк шайдың пайдасы көп. Ол адамды семіртпейді, несеп бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді, адам жанын сергітіп, сейілтеді.
Улун шайы - жартылай ферментті, ашық түсті. Бас пен ми жұмысына күш түскенде өте жақсы жәрдемдеседі.
Қара пуэр - тым сирек кездесетін сорт. Жылына бірнеше келі етіп қана жасайды. Бұл шай кездейсоқ дайындалған. Шай плантациясынан дүкендерге әкелгеннен кейін, жаңбыр астында қалып қойып, қатты дымқылданған. Сөйтіп, бірнеше жылдар бойы қожайынның қоймасында жатқан. Кейін шайдың бір қорабын алып, дәмін көргенде қожайын шалқасынан түсе жаздапты.
Қызыл шай - (бізше қара шай) күшті ферменттелген шай. Бұл да көк шайға жатады, бірақ жиналғаннан кейін өте жоғары температурада кептірілген.
Қара шай - ең көп таралған түрі
(Қытайда бұлсұрыпты қызыл шай деп атайды) .
Оның дайындалуында шай ағашының жапырағы
өңдеудің барлық түрінен өтеді: сүрлеу, шырынды таңдап алу,
кептіру және үгу. Қара шай ми жұмысын күшейтеді, депрессияны,
шаршаңқылықты бәсеңдетеді және зат алмасуды жақсартады.

Заттар
Құрамдағы бөлігі, %
Илік заттар
30
Акуыз
16
Секер
2
Кофеин
5
Теофиллин
Аз ғана
Клетчатка
Аз ғана
Крахмал
Аз ғана
С дәрумені
Аз ғана
В1 дәрумені
Аз ғана
В2 дәрумені
Аз ғана
K дәрумені
Аз ғана
Р дәрумені
Аз ғана
РР дәрумені
Аз ғана
Каротин (провитамин А)
Аз ғана
Калий
Аз ғана
Кальций
Аз ғана
Магний
Аз ғана
Темір
Аз ғана
Марганец
Аз ғана
Мыс
Аз ғана
Шайдың химиялық құрамы

Кофеин
Кофеиннің химиялық атауы - 1, 3, 7-триметилксантин. Қасиеттері жағынан теобромин, теофиллин, метилксантин қатарына ұқсас. 1827 жылы Удри шай жапырақшаларынан жаңа алкалоид ашып, теин деп атаған. Таза кофеиннің құрылымдық формуласын XIXғ. Герман Эмиль Фишер ашқан және сол еңбегі үшін 1902 жылы химиядан Нобель сыйлығына ие болды. Кофеиннің орталық жүйке жүйесіне әсерін И. П. Павлов зерттеп, бас миының жұмысын және қозғалыс белсенділігін артырады деген тұжырым айтқан.
Кофеинді анықтау
1 қасық уатылып ұсақталған шайды және 2г магний оксидін фарфор немесе металл тигельге салып араластырып, жайлап отқа қыздырылды. Тигельдің үстіне салқын суы бар фарфор стаканды ұстап тұру керек. Магний оксидінің қатысында кофеин қайнап, буланады, жоғары көтеріліп салқын ыдыстың түбіне жабысады. Қыздыруды тоқтатып, ыдысты тигельден абайлап түсіріп жиналған кристалды қырып алынады. Ал, кофеиннің пайда болғанын білу үшін сапалық реакция жасалды. Кофеиннің бірнеше кристалын алып фарфор пластинкаға салып азот қышқылын тамызып, қыздырса әдемі оранж түсті амалин қышқылының түзілгені байқалады. Түзілген қышқылды бейтараптап аммиакпен әсер еткенде одан да әдемі қызыл сары, таңғы арай түстес тұз түзіледі. Бұл мурексид тұзы.

Кофеинді алу

Танинді алу.
50 г көк шайды жарты стакан сумен 1 сағаттай қайнатып, құрамындағы заттардың толық еруін бақылаймыз. Ерітіндіні бірнеше қабат марля арқылы сүзіп, фильтрде қалған тұнбаны ыссы сумен бірнеше рет шаяды.
Түзілген сары-жасыл түсті 15 г қорғасын ацетатын қосып қорғасын танатының тұнбасы алынады. Бұл тұнбаны үш рет ыссы сумен шайып қорғасын иондарын жоямыз. Ал қорғасынның жойылғанын күкірт қышқылын қосу арқылы білеміз.
Егер тұнбада қорғасын иондары болса ақ түсті қорғасын сульфаты түзіледі. Егер реакцияда қорғасын жоқ екені анықталса, оған барий гидроксиді қосылып, тұнбаны сүзіп аламыз.
Ал, қалған мөлдір ерітінді шай танинін су банясында буландырып алып, ұнтаққа айналдыру керек.
Танинге сапалық реакция жүргізілді:
1 тәжірибе . 0, 5 г танинді 40 г суда ерітіп темір (ІІІ) хлоридін қосады. Ерітінді қара түске айналады және ерте кездегі жазуға қолданған сия алынады
2 тәжірибе . 0, 3 г танинді сынауыққа салып 2-3 тамшы тұз қышқылын құйса көздің жауын алатындай қып қызыл флабофен алынады.
3 тәжірибе . 2 %-ті тұз қышқылына 0, 3 г ванилин және 0, 1 г танин салса. Ерітінді таңқурай түске боялады.

Танинді алу

Реактив
Шай сорты
қара
көк
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz