«Қазақстан менің Отаным" интелектуальдық сайыс сабағы


Slide 1

Алматы облысы, Қаратал ауданы, Қанабек ауылы

Қанабек Байсеитов атындағы МДШО бар орта мектебі

«Қазақстан менің Отаным"

интелектуальдық сайыс сабағы

9-11 сыныптар арасында

Дайындаған: Тарих пәнінің мұғалімі Ерназаров Күмісбек Жүсенұлы

Slide 2

І айналым

“Бәйге”

Slide 3

1

2

3

9

5

6

7

4

8

Slide 4

1. Азамат соғысы қандай соғыс

Бір мемлекет ішіндегі екі топтың арасындағы соғыс

2. Алтын Орданың негізін қалаған кім?

Шыңғыс ханның немересі, Жошының баласы Батый

3. Ертедегі саз балшықтан жасалған ыдыстырды

неге отқа күйдірген?

Мықты, берік, суға, ылғалға шыдамды болу үшін

Slide 5

Қай жылы Қазақстан астанасы Алматыға

көшірілді?

1929 жылы

2. Конституция бойынша халық атынан билік

жүргізу құқығы кімдерге берілген?

Президент пен Парламентке

3. Қола қандай металдардың қоспасы?

Мыс пен қалайының қоспасы

Slide 6

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске арнап жазған

Сәкен Сейфуллиннің романы?

«Тар жол тайғақ кешу»

2. 1867-1868 ж. ж. Реформа бойынша қандай

генерал-губернаторлыққа бөлінді?

Орынбор, Түркістан, Батыс Сібір

3. «Ханталапай» қандай дәстүр?

Хан сайлағанда малын бөліп алу дәстүрі

Slide 7

Тарих ғылымында ежелгі тас ғасыры қалай

аталады?

Палеолит

2. «Жеті жарғы» Заң жинағы қай ханның тұсында

жасалды?

Тәуке ханның тұсында

3. Қазақ хандығы қашан құрылды?

1465-1466 жылдары

Slide 8

1. «Тасаттық» деген қандай рәсім?

Жаңбыр жаумаған кезде құдайға арнап құрбандық шалу

2. Моғолстан ханы Есен-Бұға Керей мен Жәнібекке

қай өзендердің бойынан жер бөліп берді?

Шу мен Талас өзендерінің бойынан

3. Кенесары көтерілісі қай жүздерді қамтыды?

Үш жүзді қамтыды

Slide 9

Қазба жұмысы арқылы заттай деректерді

зерттейтін ғылым?

Археология ғылымы

2. Әлемде ядролық сынақ зардабын ең көп тартқан

елдер?

Қазақтар мен жапондар

3. Астана қаласы қай өзеннің жағасына салынған?

Есіл өзені

Slide 10

1. Қазақтар қандай нәсілге жатады?

Моңғолоидтық нәсілге

2. Хан болып сайлануға кімдердің құқығы болған?

Шыңғыс хан ұрпақтарының

3. Ленинград үшін шайқаста кеудесін оққа төсеген

қазақ батыры кім?

Сұлтан Баймағанбетов

Slide 11

Қай ханның тұсында қазақ жері кеңейіп, қазақ

мемлекеті өрледі?

Қасым ханның тұсында

2. 1947 жылы Мұқтар Әуезовке КСРО Мемлекеттік

сыйлығы не үшін берілді?

« Абай» романының екінші кітабы үшін

3. Орыс мемлекеті қазақ жеріне шекаралық бекініс

қамалдарын не үшін ала бастады?

Қазақ жерін отарлауды жүзеге асыру үшін

Slide 12

1. Үш жүздің ертедегі атауы?

Үйсін, Болат, Алшын

2. Алғашқы адамдардың табиғаттың дайын өнімдерін азық етуі қалай аталады?

Терімшілік

3. Қыстау, көктеу, жайлау, күздеу қандай

жайылым түріне жатады?

Маусымдық жайылым

Slide 13

ІІ айналым

“Дода”

Slide 14

1

2

3

4

5

6

Slide 15

1643 жылы Жоңғарлар мен Қазақтардың арасында болған ұлттық тарихтың жауынгерлік даңқ шежіресінде ерлік пен қаһармандықтың жарқын өнегесі ретінде айшықталып қалған шайқас.

Жауабы: Орбұлақ шайқасы.

Қосымша көмексіз дұрыс жауап 50 ұпай.

Егер қосымша көмекті қолданса, әр көмекке 10 ұпай шегеріледі

Slide 16

Қосымша көмек

Бұл шайқаста қазақтың қолын Жәңгір хан бастап шықты.

Шайқастың екінші кезеңінде қазақтарға Самарқаннан 20 мың қолмен Жалаңтөс батыр көмекке келді.

Бұл шайқаста жоңғарлардың 50 мың әскеріне Жәңгір хан бар болғаны 600 жауынгермен шықты.

Шайқас қазіргі Алматы облысы, Жаркент (Панфилов) ауданында болды

Slide 17

2. Ұлы Отан соғысында Еділдің бойындағы бұл қала «Шығыстың кілті» деп аталды. Бұл қала бағытындағы шабуылдау және қорғаныс шайқастарына Қазақстан жерінде жасақталған 72-ші және 73-ші гвардиялық дивизиялар қатысты.

Жауабы: Сталинград шайқасы.

Қосымша көмексіз дұрыс жауап 50 ұпай.

Егер қосымша көмекті қолданса, әр көмекке 10 ұпай шегеріледі

Slide 18

Бұл шайқас барысында Кеңес Армиясы екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес қосты.

Бұл шайқаста полковник Ғани Сафиуллин басқарған 73-гвардиялық дивизияның өзі ғана жаудың 120 танкісі мен 800 автомашинасын жойды.

Қазақстан осы қаламен 500 шақырым бойына шекаралас жатыр.

Шайқас 1942 жылдың күзінде болған еді.

Қосымша көмек

Slide 19

3. КОКП Орталық Пленумы қабылдаған бұл қаулыдан соң республика еңбекшілері белгіленген шараларды жүзеге асыруға белсене араласып, шабытты еңбек етті. Бұл кезде қазақ халқы тағы да өзіне тән қонақжайлылық, интернационалдық бауырмалдық мінезін таныта білді. КСРО-ның түкпір-түкпірінен адамдар ағылып келе бастады.

Қазақстанға елеулі өзгерістер әкелген бұл қандай оқиға?

Жауабы: Тың және тыңайған

жерлерді игеру.

Қосымша көмексіз дұрыс жауап 50 ұпай.

Егер қосымша көмекті қолданса, әр көмекке 10 ұпай шегеріледі

Slide 20

Қосымша көмек

1. Бұл игі істің кері әсері де болды: мал шаруашылығын дамытуға зияны тиді, қазақ халқы өз ана тілін ұмыта бастады, көшіп келушілер қазақ халқының ғұрпына, салтына, мәдениетіне менсінбеушілікпен қарады.

2. Басқа республикадан келгендерге көптеген жеңілдіктер жасалды. Атап айтқанда:

әр отбасы мүшелеріне ақшалай бір реттік көмек берілді.

мал сатып алуға несие берілді.

5 жылға дейін ауылшаруашылық салығынан босатылды

3. Бұл жұмысты атқару үшін Қостанай, Ақмола, Солт. Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстары қамтылды.

4. Оқиға 1954 жылы басталды.

Slide 21

4. Бұл ұйымға кіретін елдердің жалпы аумағы Жер шарының Еуразия бөлігінің бестен үш бөлігін, тұрғындар үлесі дүние жүзі халқының төрттен бірін құрайды. Сондықтан бұл елдердің ынтымақтастығы мен өңірлік саясат жүргізудегі бағыттарының осы елдер үшін ғана емес, сонымен қатар жер жүзі халқының тағдыры үшін де маңызды.

Бұл қандай ұйым?

Жауабы: Шанхай Ынтымақтастық

Ұйымы.

Қосымша көмексіз дұрыс жауап 50 ұпай.

Егер қосымша көмекті қолданса, әр көмекке 10 ұпай шегеріледі

Slide 22

Қосымша көмек

Ұйым өткізген алғашқы бас қосуда ортақ шекараларға байланысты әскери саладағы сенім мәселелері талқыланды. Мәскеуде өткен кездесуде шекаралық аудандардағы қарулы күштерді қысқарту жөніндегі құжатқа қол қойылды.

1998 ж. Алматыда, 1999 ж. Бішкекте ұйымға мүше елдердің басшылары бас қосты.

Осы ұйымның арқасында Қазақстан мен Қытай арасында даулы болып келген шекаралық мәселелер әділ шешімін тапты. Жалпы көлемі 1000 шақырым жердің 57%- ы Қазақстанға, 43%-ы Қытайға жатады деп шешілді.

Бұл ұйым 1996 жылы сәуірде шекаралас 5 елдің арасында құрылған.

Slide 23

5. ХХ ғасырдың ортасында басталған, қазақ халқына үлкен қасірет алып келген нәубет.

Жауабы: Семей ядролық полигоны.

Қосымша көмексіз дұрыс жауап 50 ұпай.

Егер қосымша көмекті қолданса, әр көмекке 10 ұпай шегеріледі

Slide 24

Қосымша көмек

Бұл зұлматтың алып жатқан аумағы 8, 372 шаршы шақырым. Орналасқан жері - Шығыс, Солтүстік, Орталық Қазақстанның бір-бір облыстарының түйіскен жері.

Бұл қасіреттен туындаған ауруларға дәл диагноз қоюға дәрігерлерге тыйым салынды. Адам денсаулығына зиянды әсері туралы шынайы мәліметтерді 1990 ж. дейін жасырып келді.

1989 ж. бұл зұлматқа қарсы қозғалыс құрылды. Оның жетекшісі - О. Сүлейменов.

Ол орын 1991 ж. ҚР Президентінің жарлығымен жабылды. 1993 ж. Қазақстан дүние жүзі бойынша тұңғыш болып бұл қарудан бас тартты.

Slide 25

6. Қазақ шаруалары қатысқан бұл көтерілістен

соң патша әкімшілігі Жайық өзенінің атауын

Орал деп өзгертті

Жауабы: Е. Пугачев бастаған

шаруалар соғысы

Қосымша көмексіз дұрыс жауап 40 ұпай.

Егер қосымша көмекті қолданса, әр көмекке 10 ұпай шегеріледі

Slide 26

Қосымша көмек

Көтерілістің алғышарты: Патша үкіметінің Каспий теңізінің солтүстік-батысындағы шұрайлы жерлерді орыс помещиктеріне бөліп беруі.


Ұқсас жұмыстар
Тамыры терең-тарих. Дарабоз тарихи-танымдық сайыс
Сақ хаумаварга кімдер
Модульдың Сағат Сынып сағатының түрі мен мазмұны Уақыты құрылымы саны
Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі туралы ақпарат
Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
Қазақстан – менің Отаным
Тәрбие ошағы - мектеп
Күннің нұр шұғылалы алтын бейнесі - байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Күндер тобы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz