Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары



Сабақтың тақырыбы :
Қазақтың ұлттық музыкалық
аспаптары.

Үйретілетін ән :
«Тарихым әннің сазында » Т. Нағашыбаев.
Музыка сауаты :
Аспаптар
Музыка тыңдау:
Аспаптар дыбысы, күйлер, әндер .

Мақсаты :
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен танысу. Аспаптар дыбыстарын ажырата білуге үйрету. Музыка сауатын дамыту. Халық мұрасын қадірлеп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Әдісі :
Баяндау, ән үйрену .
Көрнекілігі :
Слайд, суреттер, аспаптар .
Барысы :
І . Ұйымдастыру кезеңі :
ІІ . Үй тапсырмасын сұрау . Сұрақтар беру .

Үй тапсырмасы :
Халық музыкасы - рухани қазына .
а) Әндерді қайталау :
1 . « Сәлем саған мектебім » Л. Хамиди. 2 - шумақ .
( Сенен біліп шығармын,
Аспан барын күн барын .
Сен арқылы ұғармын,
Жұмбақ әлем сырларын . )
2 . « Отан » Л. Хамиди. 1 - шумақ .
(Отаным, кең далам орманды,
Болаттан соғылған қорғанды .
Бақыттың, шаттықтың мекені,
Қолдаймын, қорғаймын ордамды) .
3 . « Тойбастар » М. Қойшыбаев . 3 - шумақ
( Әлемде той деп бүгін жар саламын,
Қонақтарды құрметпен қарсы аламын .
Төрлетіңдер, достарым, төрлетіңдер,
Сіздер үшін біз бүгін ән саламыз . )

ә) Музыкалық дыбыс қатары дегеніміз не ?
Дыбыстардың өз биіктіктері бойынша ретімен орналасуы .
б) Музыкадағы дыбыс арасын есептеу бірлігі қалай аталады ?
( Тон, жарты тон . Жарты тон - ең жақын орналасқан екі дыбыстың арақашықтығын есептеу бірлігі . Мысалы : ми - фа, си - до аралығы . )

в) Халық музыкасы дегеніміз не ? Жанрларын ата .
Халық музыкасының жанрлары:
ән,
күй,
терме,
айтыс,
жыр.

Қазақтың ұлттық
музыкалық аспаптары.

Домбыра
- Қағып, шертіп ойналатын ішекті музыкалық аспап. Ән - күй орындау дәстүрінде пайдаланады.
2 ішекті, 3 ішекті, пішіні әртүрлі түрлері кездеседі.

Қылқобыз
- ысқышпен ойналатын ішекті аспап . Мойыны имек келетін аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады . Аспаптың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады . Ертеде қобызды бақсылар құдіретті күш ретінде пайдаланған . Қазір, ішектері сымнан жасалған төрт ішекті түрі бар .

Жетіген
- көп ішекті аспап . « Жетіген » - « Жеті қазына », « Жеті хан », « Жеті және ән » сөздерінің бірігуінен құралған деген пікірлер бар . Аспап тұтас ағаштан ойылып жасалып, шанағы көн терімен қапталады . Тиек орнына асық қойылады .

Дауылпаз
Дабыл
Даңғыра
- ұрып ойналатын аспаптар . Аңға шыққанда, діни жоралғыларда, жауынгерлік жорықтарда пайдаланылған.

Шаңқобыз
- Көне тілшелі аспап . Ортасында сүйір тілшесі болады . Шаңқобыз өңделген ағаш таспалардан, темір текшелерден жасалған . Дыбысы ұзындығы мен қалыңдығына байланысты өзгеріп тұрады .

Асатаяқтар
Қоңырау
Сақпан
Асатаяқ
- сілкімелі аспаптар түріне жатады . Халық сілкімелі аспаптарды ұлттық билерді сүйемелдеу үшін қолданған .

Ұран
Сыбызғы
Сазсырнай
Үскірік
Желбуаз
Үрлеп ойналатын аспаптардың мүйіз сырнай, ұран, сыбызғы, сазсырнай, тастауық, үскірік, желбуаз деген түрлері кездеседі . Сазсырнай - саздан жасалған, қоңыр үнді болып келеді . Үскірік үні құстың дауысына ұқсас . Бұл аспаптармен халық әндерін орындаған .

Болат Сарыбаев
( 1927 - 1985 )
Профессор, зерттеуші, оқытушы. 1978 жылы «Қазақтың музыкалық аспаптары»
атты жинағы жарық көрген.

Тарихым әннің сазында
Әні : Талғат Нағашыбаев
Сөзі : Асқар Кіребаев
1 . Қазақтың киіз үйінде,
Бұралған сұлу биінде .
Тарихтың сыры жатқандай,
Сыршылда терең күйінде .
Қайырмасы :
Домбыра сырлас егізім,
Сыралғы мұңдас қобызым .
Сызылған саздан жаралған,
Адамдық менің негізім .
2 . Қайыңның тартып безінен,
Қасиетті саз боп бекіген .
Сыңғырлап сазды саз төгер,
Жеті ішекті жетіген .
Қайырмасы :

Бекіту :
« Ақбаян » халық әні

Қорытындылау
Бағалау
Үйге тапсырма беру :
Ән жаттау . Аспаптарды қайталау .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz