Еңбекке баулу. Сәукеле тігу


Slide 1

Сабақтың тақырыбы:

Сәукеле тігу

Slide 2

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға сәукеле туралы түсінік беру. Сәукеле тігуді үйрету

Дамытушылық: Оқушының ой - қиялын дамытып, іскерлікке баулу.

Тәрбиелік: Ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдарды сақтауға, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Slide 3

Ұлттық киімдердің қандай түрлері бар?

Slide 4

«Қыз Жібек» кино фильмінен

Slide 5

Сөзжұмбақ

Мата түрі

Көркем сөзіне мәндес сөз

Тымаққа тағылатын нәрсе

Ұлттық сырт киім

Көйлек бөлігі

Әйелдердің ұлттық киімі

Әжелер киетін ұлттық бас киім

Slide 6

Қазақ әйелдерінің бас киімдері

Slide 7

Сән берер сәукелесі хас сұлуға . . .

Сәукеле -қыздардың ұзату тойында киетін сәнді, әшекейлі бас киімі. Сәукеле алтын, күміс, асыл тастармен әшекейленіп, зермен, жібек жіппен кестеленеді. Төбесіне үкі тағылып, жерге дейін төгілген ақ желек жабылады.

Сәукеле - тек ұзатылатын қыздың бас киімі, оны беташарға дейін киген, етегі қымбат терімен көмкерілген, сосын міндетті түрде желегі болған. Яғни, ұзатылатын қыздың сәукелесінің желегі бетін көмкеріп тұрады. Қалыңдықты жасырып, жүзін көрсетпей көмкеріп тұрады дегенге сөз, беташардан кейін сәукеле алынады да, желек немесе бергек жас келіншектің басына орамал болып тағылған. Жаулық жас келіншектің басына өзінің әнімен, сәнімен келген. Сөйтіп үлкен салт, дәстүрмен келіп барып, қазақ келіншегінің басына жаулық боп түсетін болған.

Slide 8

Сәукеленің сәні мен сыры неде?

«Жеті жастан жинасаң, жетеді, алты жастан жинасаң, асады» дейтін қазақ қыздың жасауы мен ұзатылардағы киім-кешегіне үлкен мән беріп, ерте бастан қамданған. Әсіресе қалыңмалдың құнын орап әкететін сәукеленің өзіндік мән-мағынасына бей-жай қарамайтын қазақ әдейілеп білікті шебер таңдап, қолақысын беріп, бір әулеттің дәулетін көрсетер сәукелені айлап-жылдап тіктірген. Қыз әкесі бай болса, бір сәукеле үшін қырық қысырақтың құнын беріп те жасататын болған. Осыдан-ақ бұрынғы заманда сәукеле байлық пен мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін, ұзатылар қыздың әлеуметтік жағдайын білдіретін көріністің айғағы болғанын аңғара аламыз. Сәукеле неғұрлым биік болған сайын, ондағы әшекей бағалы тастардың да қатары артып, қымбаттай түсері анық. Бұрын әдемі тігілген сәукелеге қалың малдан бөлек төлем төленген екен.

Slide 9

«Сәукеле» сөзінің шығу тарихы

«Сәукеле» сөзі «сау келеді» дегеннен шыққан екен. Жоғарыда сәукеленің қалай жасалатынын және оның құны қандай қомақты болатынын айтып өттік. Ендеше ұзатылар қыздың әлеуметтік жағдайынан хабар беріп, бір әулеттің дәулетін көрсетер сәукеледен дәмелілер де аз болмаған. Қалыңмалдың құнын орап әкететін бұл «байлықты» қолға түсіру үшін ұры-қары, қарақшылар жол торып, келін әкеле жатқан топқа тосыннан шабуыл жасайтын. Тек сәукеле емес, қыздың жасауына да қол салып, кейде кісі өлімі де болған деседі. Күйеу, һәм қалыңдық тобының адамдарын шығындап, кейде бәрін қырып кететін кездер де болған екен. Сондықтан келін түсіріп отырған ауылдың балалары осынау күйеу-келін тобын қозыкөш жерден таймен күтіп алып, адамдардың, сәукеленің амандығын көріп, «сау келеді, сау келеді» десіп, сүйіншілеп, ауылға хабар беретін болған. Міне, содан сәукеле атауы шыққан деседі.

Slide 10

Сәукеле кигізу салты

Сәукеле - тек сәндік үшін киілетін бас киім емес, бұлғақтап өскен оң жақтағы өмір мен ақ босаға аттар арасындағы қимас та, қызықты сәттің ескерткіші, жаңа өмірге жасалар қадам. Өмірінде бір-ақ рет киілетін сәукеленің әйел заты үшін киімдері ішіндегі ең асылы ғана емес, оның жұбайлық өміріндегі елеулі кезінің естен кетпес ыстық сәті екені түсінікті. Сондықтан қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны бөлек. Ол - ерекше бір салтанат. Бұған құда-құдағилар шақырылады. Шашу шашылады. Ақ бата арналады. Сәукелелі келіншек ажарлы да, базарлы көрінеді. Оны жұрттың бәрі көруге ынтық. Оның көрімдігі де соған лайық болу керек. Сәукеле байғазысының бағасы да олқы болмайды.

Қыз өз үйінен ұзатыларда шешесі қызының басындағы үкілі тақиясын алып сәукелені өз қолымен кигізіп, ақ батасын беріп аттандырған.

Slide 11

Сәукеленің негізгі бөліктері: тәж, төбе, құлақ бау және артқы бау.

Slide 12 Slide 13

Қауіпсіздік ережесі

Матаны қиғанда мата мен қайшы көзден 30-40 см арақашықтықта болуы керек.

Қағазды, матаны қиғанда саусақтарыңды абайла.

Инені ине шаншығышқа қадап қой.

Slide 14

Жұмыстың орындалу реті

1. Сәукеленің конус тәрізді екенін ескеріп, оның биіктігі мен диаметрін анықтаймыз. Биіктігін 20см, диаметрін 46 см деп алып, қатты қағаз бетіне сәукеле пішінін түсіреміз. Қатты қағазды түсірілген сызық бойынша қиып желімдейміз. Қатты қағаздан жасап алған конусымыз сәукеленің негізі болады.


Ұқсас жұмыстар
Ұлттық бас киім
Сумоншақпен кестелеу
Ұлттық киімдер
ЕҢБЕК – ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ ҚҰРАЛЫ
Жұқа матаны
Жастарды жұбайлық өмірге дайындаудағы отбасылық тәрбие
Қолөнер арқылы баланы шығармашылыққа баулу
Қазақ халқының рухани адамгершілік дәстүрлерінің тұлға тәрбиесіндегі аксиологиялық аспектісі
Еңбекке баулу сабақтарындағы шығармашылық жұмыс түрлері
Айнұр сөзін Інім сөзін Мұғалім сөзін септеу тәуелдеу жіктеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz